Қазақстанның ашық кітапханасы
18
Арыстан кетіп мен қалсам,
Артыңда қалған бейбағың
Құрсаулы шелек қолға алып,
Қай шәһардан тіленер?!
600
Сүйіп мінген Тарланың
Басын көкке қаратып,
Бауырынан жаратып,
Тұяқтан ұшқан тозаңын
Жауырынан жауған қардай боратып!
Арқадан соққан борандай
Жер түбіне желген ер!
Атасы нәкес кәуірдің
Мәстегін айдап келген ер!
Бекіре ойнар ақ теңіз
610
Өңгеге терең болса да,
Сіз өтейін дегенде,
Белгілі өткел болған ер!
Ит мінезің ұстаса,
Қайсардың қара тасына
Қарауыл салмай қонған ер!
Шыныңменен тілесең,
Қайда кетті тілегің,
Тәңірің тілек берген ер!
Баданаңды баса бөктіріп,
620
Жаттан жолдас ертіп,
Еділ, Жайық екі су
Ерінбей жорытып, дүние-ай,
Басы-аяғын көрген ер!
Ерлігіңде шама жоқ,
Ағаштан белің мертігіп,
Қызметші қара құлдарша
Қорлықпенен өлген ер!
Қай батырдан кем едің,
Өлерде болдың қара жер!
Бұ Тарғын ойлайды екен: «Мені жұрт ағаштан құлап өлді демес, Шағанның бойындағы
көп қалмақты асырамын деп жаудан өлді дер», – деп. Қатыным бұлай деген соң, басқа
жұрт та мені ағаштан жығылып өлді, – дер. Ойлап тұрсам, менің мұным бек ұят екен», –
деп, бек қатты қорланды. Бұрын дәрігерлерге белін қаратқан уақытта, белін
бастырмайтұғын еді. Қаһары келген соң, «бүйтіп жатқанша бір жолата өлейін» деп, белін
қолыменен басып қалғанда, бел омыртқасы сырт етіп, орнына түсіп кетті.
630
Алты құлаш белбеумен
Алып белін орады.
Алдадан медет сұрады,
«Бабадан жәрдем болғай» деп,
Таяна барып тұрады.
Тұрмасына арланды,
Төңірегін қарманды,
Ақжүніске сөйледі:
– Берер болғай, Тәңірім, тілекті,