Қазақстанның ашық кітапханасы
17
Мінер ме еді заңғарды?!
Сауырыңа болайын,
Зәнтекті қара көмірдей!
Сүбелік жеріңе болайын,
Тастан соққан қорғандай!
Жанбасыңа болайын,
Ұста соққан сандалдай!
560
Тұрпатыңа болайын,
Тұлпардан туған жорғадай!
Қартайғанша мінбедім,
Өлгеніңше дәурен сүрмедім!
Ойлап келіп қарасам,
Жігіттегі мен байбақ
Болғаным тағы сор маңдай!
Енді Тарғын Ақжүніспенен, атыменен амандасып болды, сонда Ақжүніс ойлайды: «Мен
Қырымда болсам, асыл ханның қызы едім, бұл ел-жұртынан, атасынан, анасынан
айрылып, мені осындай алыс жерге жолдас қылып алып келіп еді», – деп, бұл ғой өзі
өлейін деп жатса да меніменен, атыменен толғауменен амандасты. Енді мен де, толғап,
мұныменен амандасайын! Егерде дүниеден көше қалса, бұ батырдың маған көңілі қош
болсын! – деді. Сонда Ақжүніс толғайды:
– Арыстанымның барында,
Оқалы байпақ кигенмін,
Оқасын жерге төгілтіп.
570
Әлде, неден азғырдың
Асыл туған арыстанды
Әзіз жаннан түңілтіп.
Атасы басқа жат ру
Жаман екен, дүние-ай!
Тастап кетті жұртына,
Екі бірдей асылды,
Асылдан шыққан нәсілді!
Екеумізді үңілтіп,
Қосаяқтай көшкенде,
580
Қатар-қатар қара нар
Көш болып қашан түзелер?
Қыл жалаулы қалмақтан
Дүркін-дүркін қуалап,
Келіп тұрған көп жылқы
Қашан келіп күзелер?
Байлауда қалған ақсұңқар
Бұрынғыдай бола алмас,
Көлден үйрек ала алмас.
Күндердің күні болғанда,
590
Құрағытып барып түленер.
Кетпек болсаң, алғаным,
Нағылғаным сенен қалғаным?!
Кетемін деп шыныңды айт,
Артыңда қалып не етемін?
Алдыңда сенің кетемін!