Қазақстанның ашық кітапханасы
99
осынау көзделмеген салдарлардың өз құлқының өзі көздеген салдарларымен арақатынасы
қандай болатындығын таразылау мүмкіндігін береміз, яғни алға қойылған мақсатқа
қандай "құнмен" қол жетеді, басқа құндылықтарға шамамен қандай соққы беріледі деген
сұраққа жауап береміз. Басым көпшілік жағдайларда әрбір мақсатқа сондай құнмен қол
жететіндіктен немесе дәл сондай құнмен қол жеткізіле алатындықтан, бойында
жауапкершілік сезімі бар барлық адамдар белгілі бір қарекеттің мақсаты мен
құралдарының арақатынасы қандай болатынын таразылау қажеттігін елемей тұра
алмайды, ал мұны мүмкін ету - біз осы арада қарастырып отырған техника көмегімен
жасалатын сынның аса маңызды қызметтерінің бірі. Ал осындай таразылау негізінде
қабылданған шешімге келетін болсақ, ол - ғылымның міндеті емес, оз тілегінің
пәрменімен қарекет жасайтын адамның өзінің міндеті; ал әңгіме болып отырған
құндылықтарды таразылап, олардың арасынан өзінің ұжданы мен өзінің дүниетанымының
әміріне қарай таңдау жасайды. Ғылым тек қарекет атаулы және әрине, белгілі бір
жайттарда - қарекет жасамау да қорытындысында белгілі бір құндылықтық позиция
ұстану жөніндегі шешімге саятынын, ал сол арқылы (оны бүгіндері елемеуге жұрт ерекше
құмар), міндетті түрде, басқа құндылықтарға қарсы тұруға саятынын оның санасына
жеткізе алады. Таңдау жасау - әркімнің өз шаруасы.
Біздің қолымыздан келетіні - адамға оның ұмтылатын нәрсесінің маңызын түсінуге
көмектесетін білім беру, оны қызықтыратын және ол ең алдымен нақты мақсаттың
негізінде іс жүзінде немесе долбар бойынша жататын "идеяларды" анықтау арқылы
олардың өзара байланысы мен маңызына, одан арғы эволюциядағы олардың логикалық
байланысына қарай олардың арасынан таңдау жасайтын мақсаттарды көре білуге
үйретеді. Мәдениет және онымен байланысты адамдар өмірі туралы әрбір ғылымның ең
елеулі міндеттерінің бірі - айналасында шынында да немесе жорамал бойынша күресіп
жүрген және әліге дейін күрес жүріп жатқан "идеяларға" рухани бойлап, солардың мәнісін
түсінуге ешқандай күмән болуы мүмкін емес қой. Бүл "эмпириялық нақты болмысты
ойша реттеуге" ұмтылатын ғылымның шеңберінен шықпайды, дегенмен, рухани
құндылықтарды осылайша тәпсірлеудің құралдары аталмыш сөздің әдеттегі түсінігінде
"индукциядан" әлдеқайда шалғай жатады. Рас, бұндай міндет, бері салғанда ішінара
белгілі бір арнаулы салаларға қабылданған бөлінуінде қатаң экономикалық ғылымның
шекарасынан асып жатады - бүл арада әңгіме әлеуметтік философияның міндеттері
туралы болып отыр. Өйткені әлеуметтік өмірде идеялардың билігі тарихтың бүкіл он
бойында күшті болғанын және солай болып қалып отырғаны соншалық, біздің журнал бұл
проблеманы елеусіз қалдыра алмайды; ол-ол ма, сол проблема оның ең маңызды
міндеттері шеңберінде әрқашан бола береді.
Баға беретін пікірлерді ғылыми тұрғыдан қарастыру алға қойылған мақсаттар мен
олардың негізінде жатқан мұраттарды түсінуге және соған жанашырлық танытуға
жәрдемдесу ғана емес, сонымен бірге, оларды сыншылдық тұрғысынан таразылауға да
үйрету. Алайда, бұл сын өзінің табиғаты жағынан тек диалектикалық сын бола алады,
яғни ол баға беретін пікірлер мен идеялардың тарихи мәліметтерінің негізінде жатқан
материал туралы тек формалды-логикалық пікір беруге, мұраттарды индивид алға қойған
мақсатта ішкі кереғарлық қаншалық жоқтығы тұрғысынан тексеруге ғана қабілетті. Сол
мақсатты алға қоя отырып, бұндай сын индивидке оның талап-тілектерінің негізінде
жатқан соңғы аксиомалардың мәнісін, ол санасыз түрде сүйенетін немесе, дәйекті
болғысы келсе, сүйенуге тиіс құндылықтардың аса маңызды параметрлерін түсінуге
көмектесе алады. Нақты баға беретін пікірлерден өзінің көрінісін табатын осынау
параметрлерді санаға жеткізу - ғылыми сынның жалдаптық саласына аяқ баспай жасай
алатын соңғы нәрсесі осы. Өзінің пікірін ортаға салатын субъект өзінің аталған
құндылықтық параметрлерге қатыстылығын мойындауға тиіс пе, бұл мәселені оның өзі