Page 98 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
98
Бәріміз білеміз, біздің ғылым, мәдениеттің институттарымен, процестерімен айналысатын
басқа да ғылымдар (бәлкім, саяси тарихтан басқасының барлығы), тарихи тұрғыдан
алғанда практикалық көзқарастардан өсіп шықты. Оның ең таяу және бастапқыда бірден-
бір мақсаты мемлекеттің белгілі бір саяси-экономикалық шараларына баға беретін
пікірлерді талдап әзірлеу болады. Ол медицина саласында клиникалық пәндер қандай
болса, дәп сол мағынада "техника" болды. Ондай жағдайдың, "бар" мен " бар болуға
тиістіні" тану ісінде принципті бөлініс бола қоймағанымен, бірте-бірте өзгере бергендігі
де мәлім. Бұған шаруашылық процестер табиғаттың өзгермейтін заңдарына тәуелді деген
пікір де, олар бір мәнді эволюция принципіне тәуелді, деген пікір де жәрдемдесті, демек,
бар "болуға тиісті" бір жағдайда сөзсіз "бармен" ұқсасса, екінші жағдайда - сөзсіз "бола
бастағанмен" ұқсасады. Тарихқа ықыластың оянуына байланысты біздің ғылымда
этикалық эволюционизмнің тарихи релятивизммен ұштасуы орнықты да, ол өзінің алдына
мәдени құндылықтардың бүкіл жиынтығын "инсаният" саласына енгізу арқылы соның
мазмұнын анықтау және сонысымен, саяси экономияны эмпиристік негіздегі "этикалық
ғылым" деңгейіне көтеру үшін этикалық нормаларды олардың формалдық сипатынан
айыру мақсатын қойды. Мәдени мұрат атаулының бүкіл жиынтығына "инсаният" мөрін
басып, бүл бағыттың жақтастары этикалық императивтердің өзіндік ерекше маңызын
жойып тынды, бірақ сол мұраттардың "объективті" маңыздылығы мағынасында ештеңе
ұта алған жоқ. Бұл арада әрқилы көзқарастарды принципті ажырату бола алмайды және
болуға да тиісті емес. Біз тек мына бір фактыны көрсете кету керек деп санаймыз: осынау
бұлдырлау позиция бүгін де сақталып отыр, қазір де практикалық қайраткерлер арасында
- бүл түсінікті де - саяси экономия, таза "экономикалық көзқарасқа" сүйене отырып, баға
беретін пікірлерді талдап әзірлейді және солай етуге тиіс те деген пікір кең таралған.
Арнаулы эмпириялық пән өкілі болып отырған біздің журнал аталмыш мәселе жөнінде
принципінде теріс позиция ұстануға мәжбүр, өйткені біз мынадай пікірдеміз: кейіннен
практикалық қызмет үшін рецептер шығарылатын міндетті нормалар мен мұраттар жасау
эмпириялық ғылымның міндеті емес.
Айтылған лебізден қандай қорытынды шығаруға болады? Сөз жоқ бүл дегеніңіз баға
беретін пікірлер ғылыми пікір-таласта жалпы орын алмауға тиіс деген сөз емес, өйткені
олар сайып келгенде белгілі бір мұраттарға негізделген және сондықтан да өзінің тегі
жағынан "субъективті". Біздің журналдың бүкіл практикасы және мақсатының өзі
аталмыш тезисті ұдайы теріске шығарып отыру еді ғой. Сын баға беретін пікірлерден
қаймықпайды. Мәселе мынада: мұраттар мен баға беретін пікірлерге ғылыми сынның
маңызы неде, оның мақсаты қандай? Бүл мәселе егжей-тегжейлі қарастыруды талап етеді.
Парықталған адами қарекеттің соңғы элементтері туралы толғаулар әрқашан "мақсат" пен
"құралдар" категорияларымен байланысты. Біз бірдеңеге не "оның өздігінен-ақ құнды
болғандығы үшін", не оны әлдене мақсатқа жетудің құралы деп білетіндіктен
in concreto
(нақты) ұмтыламыз. Ғылыми зерттеуге құралдардың алға қойылған мақсатқа сәйкестігі
проблемасы ең алдымен және шүбәсіз тән. Біз (өз біліміміздің шеңберінде) аталмыш
мақсатқа қандай құралдардың сай келетіндігін және қандайының сай келмейтіндігін
анықтай алатын болғандықтан, сол арқылы біз қолымызда бар белгілі бір құралдардың
көмегімен жалпы белгілі бір мақсатқа жетуге болатынын салмақтай аламыз және сонымен
бір мезгілде, тарихи жағдайға сүйене отырып, мақсаттың қойылуының өзін, аталмыш
жағдайда оны практикалық тұрғыдан парықталған немесе парықсыз мақсат жоқ деп
сипаттап, жанамалап, сынай аламыз. Біз сондай-ақ егер белгіленген мақсат бізге жүзеге
асыруға болатын секілді көрінсе әрине, әрбір аталмыш белестегі біздің біліміміздің
шеңберінде - талап етілетін құралдарды қолданудың, алға қойылған мақсатқа эвентуалды
қол жеткізумен қатар, қандай салдарлары болатынын анықтай аламыз, өйткені дүниеде
болып жатқанның бәрі өзара байланысты. Содан кейін біз қарекет жасайтын адамға