Page 100 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
100
шешпек. Бұл тәжірибеден туындайтын білімнің емес, оның өзінің ары мен ұжданының
шаруасы.
Эмпириялық ғылым ешкімді ол не жасауға тиіс екендігін үйрете алмайды, ол тек оның
нені жасай алатындығы мен белгілі бір жағдайларда нені жасағысы келетіндігін ғана
көрсете алады. Рас, әрқилы адамдардың дүниеге көзқарастары біздің ғылымдар өрісіне,
тіпті, біздің ғылыми уәждерімізге ұдайы килігіп, оған беймәлімділік тұманын төндіреді,
осының салдарынан зерттеу нәтижелері өзінің мұраттарын іске асыру мүмкіндігіне қалай
ықпал ететіндігіне, яғни мұндай жағдайда белгілі бір тілектерді жүзеге асыру мүмкіндігі
ұлғаятындығына немесе кемитіндігіне қарай ғылыми дәлелдердің көз жеткізерлік күші
(тіпті әңгіме фактылар арасындағы қарапайым каузалдық байланыстарды анықтау туралы
болғанда да) әртүрлі бағаланады. Бүл тұрғыдан алғанда біздің журналдың редакторлары
мен қызметкерлеріне де "пендешіліктің ештеңесі жат емес". Алайда, адами әлсіздікті
мойындау - бір бөлек те, саяси экономия "этикалық" ғылым екендігіне және оның
міндетіне өзіңнің төл материалдарының негізінде мұраттар жасау яки сол материалға
жалпы этикалық императивтерді қолдану арқылы нақты нормаларды жасау
жататындығына сену - мүлдем бөлек нәрсе. Біздің құлқымызды анықтайтын, біздің
өмірімізге мағына мен маңыз беретін, нақ "кісінің" аса терең қатпарларын, ең жоғары,
әлдене ортақ маңызды соңғы мұраттар түрінде ортақ бөлгіш жасап шығару біздің
ғылымның да, жалпы қандай да болсын, эмпириялық ғылымның да міндеті бола алмайды;
ондай міндет іс жүзінде жүзеге аспайтын нәрсе ғана емес, өзінің мәнісі бойынша да
өрескел нәрсе болып шығар еді. Және этикалық императивтердің негізделуіне немесе
иландыра алу сипатына қалай қарасақ та, жеке адамның нақты шартталған қарекеттерінің
нормасы секілді, олардан, дау жоқ, бір мәнді міндетті мәдени мазмұн шығара алмайсың;
және бұл мүмкін еместік әңгіме болып отырған мазмұн неғұрлым кең болса, соғұрлым
сөзсіз нәрсе болып шығады. Тек позитивті діндер - дәлірек айтсақ, өзінің сипаты жағынан
догматтық секталар ғана - мәдени құндылықтар мазмұнына даусыз маңызды этикалық
өсиеттер абыройын бере алады. Олардың шегінен тыс жерлерде индивид жүзеге асырғысы
келетін мәдени мұраттар мен ол орындауға тиіс этикалық міндеттемелер бір-бірінен
мүлдем принципті өзгешеленеді. Таным дарағы жемісінің "дәмін татып көрген" мәдени
дәуірдің тағдыры мыналарды түсіну қажеттігінен құралады: дүние-ғаламның мағынасы,
қандай мінсіз зерттеу болса да, онымен ашыла қоймайды, ол мағынаны біз өзіміз жасауға
жегілгенбіз, "дүниетаным" ешқашан дамып келе жатқан тәжірибелік ғылымның жемісі
бола алмайды және, демек, бізді бәрінен көп толғандыратын асқар мұраттар, барлық
замандарда өзінің көрінісін басқа мұраттармен күресте ғана таба алады, ол мұраттар
басқалар үшін, біздікі өзімізге қандай болса, дәл сондай қастерлі.
Тарихи дамуды релятивистік түсінудің салдары ретінде кейде пайда болатын оптимистік
синкретизм ғана заттардың мұндай жағдайының сұмдық елеулілігін не теориялық
қисындардың көмегімен, не оның практикалық зардаптарынан айналып өтіп елемеуге жол
бере алады. Өз-өзінен белгілі, кейбір жеке жағдайда, практикалық саясаткердің
субъективті парызы кереғар көзқарастар жақтастарының арасындағы ара ағайындық та,
олардың қайсы біреуінің жағына шығуы да бола алады. Алайда ғылыми
"объективтілікпен" мұның үш қайнаса сорпасы қосылмайды. "Орта жол" ең шетін оңшыл
немесе солшыл партиялардың мұраттарынан ғылыми ақиқатқа сынық сүйем де жақын
емес. Жағымсыз фактылар мен өмірлік нақты болмысты бүкіл өткірлігімен байқағысы
келмейтін жерде ғылым мүдделері сайып келгенде бәрінен кем рөл атқарады. Бірқатар
партиялық көзқарастарды синтездеу немесе оларды шама-шарқы бірдей деп орналастыру
арқылы ғылыми маңыздылыққа ие практикалық нормалар алуға болады-мыс дейтін
қауіпті өзін-өзі алдаумен күресуді Архив" өзінің бұлжымас міндеті деп санайды, өйткені
төл құндылықтық ауқымдарын релятивтендіруге және бүркемелеуге жиі ұмтылатын