Page 96 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
96
Мильтонның теологиясы туралы Р.Эйбахтың мақаласын қараңыз: Eibach R. John Milton als
Theologische. - in <Theologische Studien und Kritiken>6 Bd.52, 1879. Бұл мәселемен
тереңірек танысу үшін Д. Массоннын алты томдық еңбегін (Masson D. The life of John
Milton. London, 1859-1894) және соның негізінде А.Штерн (Stern A. Milton und seine Zeit,
1877-1899) басып шығарған Мильтонның өмірбаянын қараңыз. Мильтон екі түрлі мәндегі
жазмыш идеясынан тез бас тартып, өмірінің соңына қарай Христос іліміне еркін иланымға
оралды.
"Сенімнің ең жоғары дәрежесі мынау: сен, осыншама аз ғана адамды құтқарушы
құдайдың рахымына, сен, өзінің еркімен бізді өлімге жазылатын етіп жаратқан әділдігіне"
- "De servo arbitrio''-дағы атақты үзінді осылай дейді.
Шындығында Лютердің де, Кальвиннін де құдай туралы түсінігі екіұшты болды
(А.Ричльдін "Пиетизм тарихын" және Кестелиннін "Құдай" мақаласын қараңыз): Жаңа
өсиеттің аяндарындағы қайырымды әке-құдай және оның көлеңкесінде жасырынған, өз
дегенін істейтін деспот. Лютер метафизикалық рефлексияны пайдасыз және қауіпті санап,
қабылдамады, осыдан ол Жаңа өсиет құдайы жағына шықты; Кальвинде құдайдың
трансцеденттігі идеясы өмірде үстемдік етеді. Бірақ, кальвинизмнің таралуы барысында
бүл идея бастапқы мәнінде сақталып қала алған жоқ, дегенмен трансцедентті құдайды
Жаңа өсиеттің әке-құдайы емес, Көне өсиеттегі Иегова ығыстырып шығарды.
"Құдаймен ең тығыз қатынас мекемелерде немесе шіркеулерде емес, жалғыз жүректің ең
тереңінде орнайды" - бүл ілімнің идеясын Доуден (l)owden. Puritan and Anglican. London,
1900, p.234) осылай тұжырымдайды. Осындай іштей оқшаулану жазмышқа сенген Пор-
Ройяль янсеншілеріне де тән болды.
"Шіркеуді дәл осылай жеккөрген құтқарылуына сенімді бола алмайды, кім осыдан
қайтпаса, ол таңдаулы емес" (Olevian. De substantia foederis gratuity inter Deum et electos.
1558, p.222).
"Құдай өзінің ұлын адамзат баласының күнәсін жуу үшін жіберді делінгенімен, оның
мақсаты бүл емес еді: оның өлімнен біраз адамды ғана алып қалғысы келді... Осыдан мен
сендерге айтамын: құдай тек таңдаулыларды құтқару үшін ғана өлді..." (1609 жылы
Брукте оқылған уағыздан. Қараңыз: Rogge. Wtenbogaert. II, р.9; Nuyens. Op cit., П., S. 232).
Hanserd Knollys confession-да да Христостың арашашылдығы осы тәрізді шатасып жатыр.
Турасында осылардың бәрінде құдай бұл әрекетке бармаса да болар еді деген ой жатыр.
Неғұрлым жүйелі саналатын көзқарасқа сәйкес шоқындыру құтқарылудың қажетті шарты
саналған жоқ, міндетті болуы құптарлық ұсыныстан ғана. Сондықтан қатаң пуритандар -
ағылшын және шотландия шідепенденттері көрер көзге құдайдың қарғысын
арқалағандардың (мәселен, маскүнемдердің) балаларын шоқындырмауды принцип
дәрежесіне қойды. Ал үлкен адамдарға келсек, 1586 жылғы Эдам синоды адамның мінез-
құлқында мін болмаса және шоқынуды әлдебір сенім үмітімен байланыстырмаса ғана
шоқындыруға болады деп шешті.
"Сезімдік мәдениетке" бүл тәрізді кері көзқарас сөзсіз пуританизмнің конститутивтік
элементі болып табылады (мұны Доуден жеткілікті дәлелдеп берді).
"Вебер М. Избранные произведения.
Фрагменты. М., 1990"
басылымынан қазақшалаған
философия ғылымының докторы