Page 95 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
95
"индепенденттерді", когрегационалистерді, баптистерді, меннониттерді, квакерлерді
қамтыды.
Мұны осы мәселені зерттеушілер сол күйі түсіне алмады. Зомбарт та, Брентано тәрізді
үнемі моралистерден үзінді келтіреді, ол шығармаларды жасырын тұрған өмір ережесі
санайды, бірақ сол ережелердің қайсысы жанның құтқарылуына байланысты екенін атап
көрсетпейді.
Осы очерктегі таза догматика проблемаларына келгенде менің шіркеу және догматика
тарихына қатысты материалдарды пайдаланғанымды, яғни деректерді "екінші" қолдан
алғанымды айтудың қажеті болмас. Әрине, сонымен бірге Реформация тарихын зерттеп
оқуға тура келді. Қайткенде де дінтанушылардың ғасырлап жасаған талдауын ысырып
тастау менің тарапымнан өркөкіректік болар еді. Очерктің шарасыздан қысқа болуына
қарамай елеулі қателіктер жібере қоймаған шығармын деген сенімдемін. Аса маңызды
дінтану еңбектерімен таныс адамдар үшін "жаңалық" қолдағы бардың өзге қырынан
қарастырылуы. Бұл жаңа көзқарас біздің тақуалықтың рационалды сипатын түсінуімізге
және оның осы өмір үшін мәнін ұғынуымызға көмектеседі... (Осыдан әріде автор зерттеу
материалдарын, арнайы әдебиеттерді қолға түсірудегі қиындықтарын баяндайды. Бұлар
бүгінгі зерттеушілер үшін өзекті емес. - Ауд.)
Бұдан кейінгі сөз барысында бізді бірінші кезекте ынтықтыратын сектанттық
қозғалыстардың генезисі, олардың пайда болу себептері мен эволюциясы болмауы тиіс;
біз олардың ілімінің идеялық мазмұнын сол қалпында, бар нәрсе терінде қабылдаймыз.
Кальвин және кальвинизм туралы Ф. В. Камшульттің классикалық еңбегінде жақсы
айтылған. Сонымен бірге К. Маркстің, Д. Кэмпбеллдін, А. Пирсонның, Г. Поленцтін, Т.
Карлейлдің, Д. Массоннын, Гардинердін, Декстердің, тағы басқа ондаған авторлардың
еңбектерінен танысуға болады. Олар Англияда, Голландияда, Америкада кальвинизмнің
таралуын дәлелді жазуымен катар, сондай дәрежеде сындарлы пікірлер айтады... Менің
өзімнің Карл Мюллердің, Рейнгольдтің, Зебергтің және басқалардың еңбектерін үнемі
пайдаланып отырғанымды айтпасам да болар еді. Егер мен еңбегімді толып жатқан
ескертулермен тым қалыңдатып, оқырманға да, өзіме де қиындық тудырсам, ол арнайы
дінтану даярлығы жоқ адамдарға ұғынықты болсын деген ойдан ғана.
Біздің әуел бастан назарды мынаған аударғымыз келеді: бүл жерде біз Кальвиннің жеке
көзқарасын емес, кальвинизмді және оның ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы сипатын, осы кездегі
сонымен қатар капиталистік мәдениетінің ошағы болған үстемдік еткен аймақтарындағы
жағдайды қарастырамыз. Бастапқыда Германия зерттеуден шет қалады, өйткені
кальвинизм мұнда ешқашан кең тараған емес. "Реформацияланған" ілім мен
"кальвинизмнің" бір нәрсе емес екені мейілінше айқын.
Кембридж университеті мен Кентенберий архиепископы англикан шіркеуінің діни
символының 17-бабы туралы бірауызды пікірге келді, 1595 жылғы Ламбет бабы дегенде
өлімнің жазмыштан екендігі тура айтылды, бірақ бұл бапқа патшайым қол қоймады.
Өлімге жазылу идеясына радикалдар әсіресе үлкен мән берді. Қараңыз:
Hanserd Knollys
confession.
Біз үзінді келтіріп отырған кальвиндік дін символы туралы Карл Мюллерден қараңыз:
Muller К. Die Bekenntnisschriften der reformierten Kirche. Leipzig, 1903.
Savoy und Hanserd Knollys declaration. Гугеноттық жазмыш туралы ілім жөнінде: Polenz G.
Op. cit., S. 545 ff.