Қазақстанның ашық кітапханасы
94
мұнысын өзінің құлқын о дүниеде мұның ешқандай мәні жоқ деген оймен негіздейді.
Бұдан мынадай тұжырымға келуге болады: өздігінен алғанда шіркеушілдік пен діншілдік
тұтас алғанда өмірлік мінез-құлыққа елеулі ықпал етпейді. Капитализмнің қалыптасу
кезінде мүлдем өзге, өзінің діни мазмұны жағынан айтарлықтай неғұрлым нақты
көзқарастар маңызды рөл атқарды және казіргі кезде де белгілі рөл атқарып отыр.
Қараңыз: Таулер. (Basler Ausg. Fol) 161-бет және әрі қарай.
Қараңыз: Таулердің өзіндік ерекше көңіл-күйге толы уағызы.
Бұл Лютер туралы ескертпелеріміздің жалғыз ғана мақсаты болғандықтан, Лютерге жан-
жақты сипаттама беруден бас тартып, осымен шектелеміз.
Айтпақшы левеллерлердің тарихи тұжырымдамасын қабылдауға бейім адамдарға сол
арқылы бұл құбылысты да нәсілдік айырмашылыққа жатқызудың қолайлы мүмкіндігі
туар еді; левеллерлер англосакстар ретінде Жаулап алушы Вильгельм мен нормандардын
ұрпақтарына қарсы күресте өзіміздің "
birthright
" (тұңғыштың құқығы) құқығымызды
қорғаушылармыз деп топшылады. Осыған дейін ешкімнің плебейлерді ("roundheads" –
жұмыр бастылар) антропологиялық мағынада жұмыр бастыларға ұқсатпағаны қайран
қалдырады!
Бұған ең алдымен ағылшындардың ұлттық мақтанышы - Ұлы еркіндіктер хартиясы мен
жеңімпаз соғыстардың салдары жатады. Бүгінгі ағылшындардың шетелдік сұлу әйелді
көргенде "she looks like an English girl" ("мынау ағылшын қызы тәрізді екен") дейтін
сөздерін XV ғасырдағы жәдігерліктерден де ұшыратуға болады.
Бұл айырмашылықтар, әрине, Англияда да сақталып қалды: атап айтқанда "сквайрлық"
бүгіндері де "merry old England" ("көңілді көне Англияның") өкілі ретінде қалып келеді.
Реформадан бүкіл кейінгі дәуірді ағылшындардың екі тұрпаты күресінің дәуірі деуге
болады. Бүл пунктте мен Г. Шульце-Геверництің тамаша еңбегі (қараңыз: Schulze-
Gavernitz G. Britischer Imperialismus und englischer Freihundel zu Beginn des 20. Jahr-
hunderts. Leipzig, 1906) жөніндегі M. Бонн ескертпелеріне ("Frankfurter zeitun'Ta")
қосыламын. Сондай-ақ Г. Леви еңбегін қараңыз: LevyH. Studien liber das englische Volk.
"Archiv fur Sozialismus", 1918-1919. Bd. 46, S. 422- 488, 636-690.
Осы және одан кейінгі (өзгеріссіз қалдырылған), менің ойымша, өте айқын ескертпелерге
қарамастан, дәл осы тезис маған үнемі теліне береді.
Цвинглиандықтың бастапқыда аса үлкен ықпалы болды, бірақ, қысқа мерзімде өзінің
маңызын жоғалтты. Сондықтан оған жеке зерттеу арнауды артық санаймыз.
"Арминиандыққа" келсек, ол жазмышқа сенуден және жалғандық тақуалықтан күрт бас
тартты, тек Голландияда ғана секта түрінде көрінді, біздің тақырыбымыз үшін құндылығы
жоқ, жағымсыз жағынан алмағанда, өйткені оның жақтаушылары Голландияның сауда
ақсүйектерін құрады. Оның догматтық көзқарастары англикан шіркеуі мен бірқатар
методистер деноминацияларына жуық келді. Мемлекеттік егемендіктің шіркеу ісін де
қамтуы туралы идеясы саяси жағынан қарап Ұзақ парламент, Елизавета және нидерландия
бас штаттары, әсіресе Ольденбарневельт тарапынан қолдау тапты.
Пуританизм ұғымының эволюциясы туралы алдымен мына еңбекті қараныз: Sanford J.L.
Studies and reflections of the Great Rebellion. London, 1868, p.65. Біз бұл сөзді ХVІІ
ғасырдағы мағынасында қолданамыз. Ол догматтық ережелері мен бағдарламаларына
қарамастан Англия мен Голландияның барлық тақуалық діни қозғалыстарын, яғни