Қазақстанның ашық кітапханасы
93
еңбегінің мына үзіндісімен салыстырыңыз: "Мұндай саудадан күнкөрістен өзге ештеңе
іздемеуге, және өз еңбегін мен шаруаңның игілігін көру үшін қанша қажет болса,
шығыныңды, жұмсаған күшіңді, еңбегің мен тәуекеліңді салмақтай келіп, соған қарай
бағасын белгілей, өсіре немесе төмендете алуға тырысатын бол". Бұл принцип томистік
рухқа әбден сай тұжырымдалған.
1530 жылы X. Штернбергке жолдаған хатында Лютер 117-псаломға экзегезасын
(филологиялық тәпсір) соған арнай отырып, (ұсақ) дворяндар моральдық деңгейі қаншама
төмен болғанымен, бұл "сословиені" Құдай жасаған (Erl. Ausg., Bd., 40. S. 215, 216) деп
жазады. Бұл хаттан Лютердің көзқарасының қалыптасуына Томас Мюнцер бастаған
шаруалар толқуының қаншалықты шешуші ықпалы болғаны жақсы байқалады.
111-псаломнын 5 және 6 өлеңдеріне 1530 жылға жататын тәпсірінде де Лютер
монастырьлардың және т.с.с. дүниауи құрылыстан артықшылығын қорғаушыларға қарсы
пікірталасты негізге алады. Алайда енді Lex naturae позитивтік құқықпен (әміршілер мен
заңгерлер қолдан жасаған) емес, "құдіретті әділетпен астастырылады: lex naturae'ні Құдай
орнатқан, халықтың сословиелерге жіктелуі бірінші кезекте соған негізделеді; бұл орайда
Лютер барлық сословиелердің Құдай алдындағы теңдігін кесіп айтады.
"Соборлар мен шіркеулер туралы" (1539) және "Қасиетті сыйлықтар туралы қысқаша
тәубе" (1545) бірінші кезекте осыларға үйретеді.
Кальвинизмде үстем болып келетін (біздің тұжырымдамамыз үшін төтенше маңызды)
идея, таңдап алынғаның кәсіптік қызметің мен мінез-құлқың арқылы қуатталады деген
идея Лютерде екінші қатарға ысырылып қалатынын "Соборлар мен шіркеулер туралы"
еңбектен алынған мына үзінді айғақтайды: "Ақиқат шіркеудің аталған басты жеті
қасиетінен өзге оның шын қасиетті христиан шіркеуі екені көрінетін сыртқы нышандар да
бар... Егер біз жүрісқор, маскүнем, менмен, тәкаппар болмасақ және сый-салтанатқа құмар
емес, пәк, кішіпейіл және есті болсақ". Аталған нышандар, Лютердің пікірі бойынша,
"алдыңғыларына" (ілімнің тазалығы, құлшылық және т.б.) қарағанда сенімсіздеу, "өйткені
олар бізге кей-кейде христиандарға қарағанда қасиеттірек болып көрінетін кейбір
мәжусилерге де мәлім". Бүл мәселеде Кальвиннің жеке көзқарасы, алдағы уақытта
көретініміздей, Лютердің көзқарасынан көп өзгешелене бермейді; ал пуритандар бұл
мәселені басқаша түсіндіреді. Лютердің ілімі бойынша христиандар Құдайға
"per
vocationem"
(өзінің бейімі арқылы) емес, тек "
in vocatione
" (бейіммен) кызмет ететіндігі
анық. Неміс мистиктерінде өзінің таңдаулылығында орнығу идеясына (рас, оның
кальвинистік түсінігінен пиетистік түсінігіне жуық мағынасында) жақын бірнеше
қағидалар ұшырасады. [...] Бірақ мистиктердің бұл мәселе жөніндегі пікірлері таза
психологиялық реңкте болып келеді.
Оның көзқарасының түпкілікті тұжырымдалуы, тегінде оның болмыс кітабына бірқатар
тәпсірлерінде білдірілген. [...]
Уағызға арналған нұсқаулардың бірінде "Әркімге бір бейім бұйырылған" делінеді. Ол осы
бейімінен таймай, сонысымен Құдайға кызмет етуге тиіс. Құдайды риза ететін адамның
қызметінің нәтижесі емес, ол көрсететін мойынсұнушылық.
Өзінің кызметіне мұндай қатынас осы заманғы кәсіпкерлер жиі айтып жүрген бір жәйттің
негізінде жатыр: қазіргі кезде, мысалы, Вестфалия майдагерлері - қатаң лютерандық дін
мен шіркеудің жақтастары мейлінше дәстүршілдік рухында (жұмысшы әйелдердің
еңбегінің өнімділігіне пиетизмнің әсері туралы біз жоғарыда айтып кеткенге қарама-
қарсы) ойлайды екен. Табысының ықтимал ұлғаю мүмкіндігіне қарамастан, жаңа әдістерді
енгізуден бас тартып (олар фабрика жүйесіне көшуге байланысты болған күнде де),