Page 92 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
92
және 13 желтоқсанда Клонмакнойзеде қабылдаған манифестіне Кромвельдің жауабы еді.
Кромвель манифестінің негізгі қағидалары мынадай: "Ағылшындардың Ирландияда
жақсы әулеттік жер иеліктері болды, олардың көбі ақшаға келген... Оларда ирландтардан
ұзақ мерзімге жалға алынған жерлер, олардың есебінен және олардың қаражатына
жасалған үйлері, егістіктері болды. Сендер Ирландияда тыныштық орнап, тұрған кезде,
ағылшындардың үлгісімен, сауда мен айырбас аркасында ирланд халқы бүкіл Ирландияға
билік бере алмайтын игіліктерге қол жеткізген сәтте одақты бұздыңдар... Дәл қазір Қудай
сендер жағында ма, ол сендер жағында бола бере ме? Олай еместігіне иманым кәміл".
Ағылшын-бур соғысы кезіндегі ағылшын газеттерінің бас мақалаларына көбірек ұқсайтын
бүл манифестің ерекшелігі соғысқа заңдылық сипат беру үшін ағылшындардың
капиталистік "мұраттарын" көлденең тартуында емес, бұл сияқты дәлелді Венеция мен
Генуя арасындағы Шығысқа ықпал жүргізу аймақтарын нақтылау жөніндегі келіссөздерде
де әбден қолдануға болар еді. Бұл құжаттың ерекшелігі сонда, Кромвель өзіне тән
қалтқысыз сеніммен, Құдай атын көлденең тарта отырып, ирландтардың құлшылыққа
түсуін ағылшын капиталы олардың еңбекқорлығын оятты деп , моральдық тұрғыдан
ақтамақ болады.
Бұл жерде осы мәселеге егжей-тегжейлі тоқталып жату орынсыз. 68-ескертпеде
көрсетілген әдебиетті қараңыз.
Юлихердің тамаша еңбегіндегі ескертпелерді қараныз: Jiilicher A. Die Gleichnisreden Jesu.
Freiburg, 1886-1899. Bd. 2, S. 108, 636.
Осыған байланысты сондай-ақ К. Эгердің жоғарыда аталған еңбегін қараңыз. Қазір де
маңызын жоймаған Шнеккенбургердің тамаша еңбегін бірден көрсете кетейік (қараңыз:
Schneckenburger М. Vergleichende Dars- stellung des lutherschen und reformierten lehbegriffs.
Stuttgart, 1855) Лутгардтың еңбегінің бірінші басылымында (қараңыз: Luthardt Сһ. Е. Die
Ethic Luthers in ihren Griindzugen. Leipzig, 1866) эволюция лайықты бейнеленбеген.
Сондай-ақ қараңыз: Seeberg R. Op. cit., Bd. 2. Erlangen, 1899, S. 2621. "Beruf' мақаласы
қызықты емес, өйткені ұғым мен оның генезисін ғылыми талдау орнына әртүрлі
мәселелер, мысалы, әйелдер мәселесі бойынша үстірт ескертпелер ғана бар. Лютер туралы
саяси-экономикалық еңбектерден мыналарды атайық: Schmoller G. Zur Geschichte der
national- okonomischen Ansichten in Deutschland warend der Reformation speriode. - "Zeitschr.
fur die qesamte staatswissenschaft", 1860; Wiskemann H. Dars- tellung der in Deutswchland zur
Zeitder Reformation herreschenden nationoko- nomischen Ansichten. Leipzig, 1861; Ward F. G.
Darstellang und Wurdigung von Luthers Ansichten vom Staat und seinen wirtschaftlichen
Aufgaben. Jena, 1898. Реформацияның мерейтойына байланысты пайда болған Лютер
туралы әдебиет бірқатар қырынан аса құнды болғанымен, осынау арнайы мәселеде
ешқандай жаңалық берген жоқ. Лютер және оның әлеуметтік этикасы туралы, әрине, ең
алдымен Трелъчтің "Әлеуметтік ілімдерінің" тиісті тарауларын қараған дұрыс.
Коринфтіктерге Бірінші жолдаудың жетінші тарауына 1523 жылға жататын тәпсірді
қараңыз (Erl. Ausg., Bd. S. I f.). Мұнда Лютер әлі өзінің "әрбір кәсіптің" Құдай алдындағы
еркіндігі идеясын басшылыққа алып, (ол мәтінді былай тәпсірлейді: 1. Адамдар орнатқан
нәрселердің бәрі (монахтар анты, аралас некеге тиым және т.б.) жойылуға тиіс. 2.
Бауырың жөнінде өзіңнің мойнына алған дүниауи міндеттерді (өздігінен Құдай алдында
немқұрайды) орындауды апостол Павел бауырға махаббаттың тура салдары деп
қарастырады. Шын мәнісінде Лютерге тән бұл тәпсірде әңгіме құдіретті әділдік
алдындағы Lex naturae'нің дуализмі туралы болып отыр.
Зомбарт өзінің "қолөнершілік рухы" (дәстүршілдік) туралы зерттеуіне өте орынды
эпиграф етіп алған Лютердің 1524 жылы жазылған "Сауда және өсімқорлық туралы"