Қазақстанның ашық кітапханасы
91
"Нәпақамызды алғымыз келгенде біз қасаптың, наубайдың, немесе диқанның рахымын
күтпейміз, олардың өзінің соған мүдделілігіне үміт артамыз; біз олардың бауырына
махаббатына иек артпаймыз, олардың өзімшілдігін пайдаланамыз, өзіміздің
қажеттерімізді емес, әрқашан тек солардың пайдасын ғана алға тартамыз" (қараңыз: А.
Смит. Исследование о природе и причинах богатства наодов. М., 1962.).
"Бәрі де тек Сенін ырқыңмен болады. Сиыр да сауылады, кез-келген түкке тұрғысыз іс
атқарылады, және барлық іс, ұлы істер де, түкке тұрмайтын істер де Сенің алдында
бірдей". Лютерге дейін бұл ой Таулерде ұшырасады, ол діни кәсіп болсын, дүниауи кәсіп
болсын, бәрі де бірдей деп топшылайды. Бүл турасында Лютер де, неміс мистиктері де
бірдей дәрежеде томизмге (Фома Аквини іліміне) қарсы тұрады. Жекелеген
тұжырымдарда бұл мынадан көрінеді: Фома Аквини айналаны бақылаудың инсанияттық
маңызын сақтап қалуға тырысып және сондай-ақ диуана монахтар көзқарасын ескере
отырып, апостол Павелдің "Кімнің еңбек еткісі келмесе, сол тамақ ішпесін" деген сөзін
былай тәпсірлеуге мәжбүр болды: инсаниятқа лайық сөзсіз еңбек әрбір аталмыш адамға
емес, бүкіл адам баласына жүктелген. Диуана монахтардың еңбекті түр-түріне қарап бөлуі
неміс мистиктері үшін де, шаруа баласы Лютер үшін де жат еді; Лютер де, мистиктер де
барлық кәсіптерді тең санады және қоғамның әлеуметтік жіктелуі құдайға жағатынын
атап көрсетіп отырды.
Бұл сияқты жаңалықтың адамзат өміріне ешқандай ықпал жасамай ес түзсіз өте шықты
дейтін бірқатар зерттеушілердің көзқарасы тіпті таң қалдырады. Мойындайын, мұны мен
түсіне алмаймын.
"Мақтаншактықтың адамзат табиғатына сіңіп кеткені соншалық, тіпті бағар да, аспаз бала
да, һамбал да бітірген бірдеңесіне асыра мақтанып, өздерін мадақтаса екен дейді..."
(басылым Faugeres I, 208/ салыстырыңыз: Koster. Op. cit., S. 17, 136 ff.). Пор-Ройяль мен
янсенизмнің "кәсіпке" қатысты принципті нұсқауы туралы (біз бұған әлі ораламыз) мына
бір тамаша еңбекті қараңыз: Honigsheiin P. Die Staats - und Sozia- llchren der franzosischen
Jansenisten im 17. Jahrhundert. Heidelberg, 1914, S. I 18 ff. Бұл "Француз ағартушылығының
ілгергі тарихы" атты көлемді еңбектің бір бөлімі.
Ол Фуггерлер туралы былай дейді: "Егер адам өз ғұмырында осыншама қисапсыз дәулет
жинаса, ол оны адал, құдай жолымен жасамаған". Бұл капиталға деген шаруаға тән
жактырмау. Оған рентаны сатып алу да соншалық күмәнді болып көрінеді, "өйткені бұл
әлі жаңа, енді ғана ойлап табылған іс", яғни экономикалық тұрғыдан оған мүлдем
түсініксіз нәрсе, (бұл казіргі дін қызметшісі үшін түсініксіз кредиттік сауда мәмілелері
секілді.
161
Бұл қарама-қайшылық Левидің еңбегінде тамаша көрсетілген (Levy II. Die Grundlagen des
okonomischen Liberalismus in der Geschichte der rnglischen Volkswirtschaft. Jena, 1912).
Сондай-ақ Кромвель армиясының құрамына енген леверлердің монополиялар мен
компанияларға қарсы 1653 І, ІІІЛҒЫ петициясын қараңыз: Gardiner. History of the
Cjmmonwealth, 1894- 1901, II, p. 179. Лод режимі керісінше, король мен шіркеу жетекшілік
еткен шаруашылықтың "христиандық-әлеуметтік" ұйымдастырылуын орнықтыруға
тырысты, оның көмегімен король саяси және фискалдық-монополиялық сипаттағы пайда
тапқысы келді. Пуритандар дәл соған қарсы күрес жүргізді.
Біздің не айтқымыз келіп отырғанын Кромвельдің ирландықтарды мүлдем жойып жіберу
мақсатымен соғыс бастай отырып, оларға 1650 жылы жолдаған манифестінің мысалында
жеңіл түсіндіруге болады. Бүл манифест ирланд католик дін басшыларының 1649 жылы 4