Page 90 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
90
қондырудың әдеттегі пошымы анық белгіленген пайызбен қарыз беру емес, focnus
nauticum, commenda, societasmaris, dare ad proficuum de mari (пайда немесе зиян
бөлшегіндегі тәуекел дәрежесіне байланысты белгілі бір тарифтер (бойынша жіктелген
пайызға несие). Бүл несие басқаша бола алмайтын да еді, өйткені ол өзінің мәнісі жағынан
белгілі бір кәсіпорынға пайыз өсімімен берілетін несие еді. Бүл тиым аталған несиенің
барлық түрлеріне бірдей қолданылмайтын (канондық құқықтың жекелеген бітіспес
жақтастарының тәпсірлері қамтылмайды). Алайда, капиталды берік пайызбен және
вексельді есепке алумен беру практикасы орнығып, кеңінен таралған сәттен бастап
(сондай-ақ содан кейін) пайызға канондық тиым салу елеулі кедергіге айналды да, ол
көпестер гильдияларының тарапынан бірқатар үзілді-кесілді шараларды туындатты (қара
тізімдер!). Бұл тиым әдетте таза формальды, оған Келлер телитін "капиталды қорғау"
тенденциясының ешқандай нышанынсыз жүргізді. [...]
Бұл орайда парақорлыққа тиымды айналып өту амалын Калимала цехы жарғысынан көре
аламыз. Онда былай делінеді: "Консулдар, бұрындары істеліп келгеніндей, баршаның
мүддесі үшін сый-сияпат, өтем және алғыс немесе ағымдағы жыл үшін пайыз (ұсыну)
арқылы қалай жақсырақ күнәнің кешірілуі жөнінде өздері қажет деп білетін монахтармен
сөз байласып алуға тиіс". Демек, әңгіме цехтың барлық мүшелерінің күнәсіне өзіндік бір
кешірім алу туралы, бұл шаруаны цехтың мансап иелеріне міндеттеу туралы болып отыр.
"Барлық пайда мен пайыздар бухгалтерлік есеп кітабының "сыйлық" бағанасына
тіркелсін" деген талап та көп нәрсені аңғартады. [...]
Ежелгі тілдерден мұндай реңкті сөз көне еврей тілінде ғана бар. [...]
Аугсбург тәубасында бұл ұғым толық дамытылмаған. [...]
Сөздіктер... көрсететіндей немісше "Beruf', Голландию "beroef', ағылшынша "calling",
датша "kald", шведше "nallelse" сөздері. Лютер Інжілді аударғанша казіргі дуниауи
мағынасында ол тілдердің бірде-бірінде болмаған. [...]
Бұл мәселені К. Эгердің қарастыруы тағлымды (Eger К. Die Ans- chauung Luthers vom
Beruf. Gieben, 1900). Тегі осы мәселеге арналған барлық діни еңбектерге ортақ жалғыз-ақ
кемістік бұл зерттеуде де "Lex naturae" (жаратылыстық тәртіп) ұғымына талдаудың
жеткілікті анық еместігі (бұл мәселе туралы Зебергтің кітабына (Seeberg R.
Dogmengeschichte. "Gott gel.Anz." 1902) Э. Трельчтің рецензиясын және оның "Soziallehren
der christlichen Kirchen" (1912 ж.) еңбегіндегі тиісті бөлімдерді қараңыз).
"Христианиннің азаттығында" Лютер ойын былай өрбітеді: 1. Адамның Lex naturae
шеңберіндегі дүниауи міндеті оның "қосар табиғатынан", адамның іс жүзінде өзінін тәніне
және әлеуметтік қоғамдастыққа етене екендігінен шығады. 2. Аталмыш жағдайда адам,...
егер ол иманды христианин болса, Құдайға өзіне ол таза махаббатпен жіберген рахман
үшін, бауырына махаббатпен жауап қайтаруды ұйғарады. 3. "Иман" мен "махаббаттың"
осынау тым солқылдақ байланысымен қатар сондай-ақ - Лютер тұжырымдамасының
үшінші пункті ретінде - "ішкі" адамның өз тәніне үстемдік етуінің құралы еңбек деген
көне тақуалық негіздеу де бар. Мұнан кейін төртінші негіздеу келеді (осы арада Lex
naturae идеясы тағы да көрініс береді, бірақ басқа бір қырынан "жаратылыстық инсаният"
қырынан көрінеді). 4. Еңбекке ұмтылыс Құдай сіңірген инстинкт ретінде (күнаһар
болғанға дейін) Адамға да тән болды, бүл оның "бірден-бір тілегім Құдайға ұнау" деуінен
көрінеді. 5. Ақыр соңында, бесінші негіздеу келеді, онда Лютер Матфей Інжіліне сүйене
отырып, өз кәсібі шеңберіндегі табанды еңбек иман арқылы орнығатын жана өмірдің
салдары (және міндетті салдары) деген ой айтады; алайда бұдан "өзінің таңдаулы
екендігіне" сынақ туралы кальвинистік радикалдық қорытынды шығарылмайды. [...]