Қазақстанның ашық кітапханасы
89
Осы жерде, тегінде Ф. Келлердің ауызға алынған еңбегінде (18-еск.) айтылған ескертпелер
мен соларға байланысты Зомбарттың ("Буржуа" кітабында) пікірлеріне қарастырылып
отырған проблемаларға қатыстылығы шамасында қысқаша тоқтала кету орынды секілді.
Бері салғанда оғаш нәрсе мынау: пайыздық өсім алуға канондық тиым салу жалпы ауызға
алынбайтын (егер жалпы алғанда уәжге ешқандай қатысы жоқ жүрдім-бардым ауызға
алынған бір нұсқауды жайына қалдырсақ) зерттеуге қарсы сыни ескертпелердің авторы,
осынау автор нақ осы тиым (оған ұқсас нәрсені кез-келген дерлік діни этикадан кездестіре
аламыз) өзі сынап отырған жұмыста католиктік этиканың оны протестанттық этикадан
өзгешелейтін негізгі нышан ретінде пайдаланыпты-мыс деген алғышартқа сүйенеді. Біз
шынында оқылған және негізгі қағидалары есте қалған жұмыстарды (егер ол жұмыстар
оқылған болса) ғана сынауға болады деп топшылаймыз. Usuraria pravitas'қa
(өсімқорлыққа) қарсы күрес XVI ғасырдағы гугеноттар мен нидерландтық шіркеу
тарихының өзегі. "Ломбардтар", яғни банкирлер көбіне-көп причастиеге (шіркеуде шарап
пен нан беру салты, олар Христің тәні мен қанына айналады деп саналған -Ауд.) (12-
ескертпені қара). Кальвиннің бұдан гөрі жұмсақтау көзқарасы (мұның өзі ордонанстардың
бірінші жобасында өсімқорлыққа тиым салынуына бөгет болған жоқ) Салмазийдің
аркасында ғана жеңіп шықты.
Демек, айырмашылық мұнда емес; кайта керісінше бұл пунктте белгілі бір жақындасу
байқалады. Бірақ автордың өз уәжі одан да нашар, ол тым үстірт болғандықтан оның
жұмысы өзі тиісінше бағалай алмаған Функтың (қараңыз: Funk. Uber die okonomischen
Anschaungen der mittelalterlichen I lieologen. - "Zeitschrift fur die gesamte Staatswissenschaft",
1869, Bd. 25) еңбегі мен басқа да католик ғалымдардың зерттеулерінен де, жекелеген
қағидалары біршама ескіріп қалған, бірақ тұтас күйінде алғанда осы саладағы негізгі
еңбек ретінде маңызын сақтап қалған В. Эндеманның (қараңыз Endemann W. Studien in der
romanisch-kanonistischen Wirtschafts und Kcchtslehre 1874-1885) зерттеуінен де көп темен
тұр. Рас, Келлер Зомбарттың еңбектерінде байқалатын өрескел ағаттықтарға бой ұрмаған.
Зомбарт осынау "тауфыкты кісілердің" (әңгіме Сиен Бернардині мен Флорентина
Днтонині туралы) көзқарастарында "кез-келген құралдармен кәсіпкерлік рухын өсіруге
жәрдемдесуге" ұмтылыс анық көрінеді дегенді кесіп айтады; бұл ұмтылыс мынадан
көрінеді-міс: өсімқорлыққа тиым салуды (пайызға тиым салу жөнінде барлық жерде
жасалғаны секілді) олар мұның өзі "өндіргіш" (біздің терминология бойынша) күрделі
қаржы жұмсауға нұқсан келтірмейтіндей етіп тәпсірлейді-міс... Ал бұл арада Зомбарт
тұжырымдамасында бұл белгілер бірін-бірі жоққа шығарады. Ол пайыздық өсім алуға
тиым салу мәнінің өзін бұрмалап жіберді. Бұл тиым бұрын көбіне асыра бағаланатын,
содан кейін жете бағаланбайтын болды; ал қазір, католик мультимиллионерлер де шыққан
дәуірде апологеттік мақсатта ол дереу мадақтала бастады. Бізге Пайыз алуға тиым өткен
ғасырда Қасиетті тақ конгрегациясының қаулысымен жойылғаны (Інжілдің беделіне
қарамастан) мәлім, онда да тек temporum ratione habita (уақыт талабына сәйкес) және
жанама түрде, яғни дін иелерін usuraria pravitas жөніндегі сұрақтармен мазалай беруге
тиым салу көмегімен, онда да бұрынғы тиым қалпына келтірілген жағдайда олардың
мойынсұнуы күмән туғызбайтын болсын деген шартпен жойылғаны мәлім. Парақорлық
туралы мейлінше шатысқан шіркеу доктринасының тарихын азды-көпті байыпты
зерттеген әркімге мынау айқын ғой: қисапсыз алауыздықтардың (мысалы, рентаны сатып
алуға жол беру, вексельді ескеру және басқа толып жатқан мәмілелер) салдарынан және
ең алдымен Қасиетті тақ конгрегациясының жоғарыда айтылған шешімі муниципиялық
қарызға байланысты қабылдануы салдарынан, несие пайызына тиым салу аса қажет
жағдайларда берілетін ақшалай несиеге ғана катысты болды, осы тиымның мақсаты
"капиталды сақтау" және тіпті "капиталистік кәсіпорындардың дамуына" жәрдемдескен
болды деуге ешқандай негіз жоқ (S. 25). Ақиқат мынада: шіркеу пайызға тиымды тек
едәуір кеш есіне түсірді және ол мұны есіне түсірген кезде, капиталды құтты қонысқа