Page 9 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
9
Әлеуметтік қатынастардың пошымында қатынастың өзі, тіпті ол ерекше атаумен бөліп
көрсетілсе де, ойға басқаша оралады. Оның мәнісіне оның субъектілері немесе оның
иелері - қарым-қатынастың мүшелері - бүл қарым-қатынасты санасымен түсінетіні жатады
(қалай болғанда да), өйткені олар соны шындап қалайды және сол арқылы оның орын
алып отырғанын бекітеді. Бұл бекітуге өзінің аяқталуын кісілік біртұтастықтан табатын,
ырқы жеткілікті және қарекет жасай алатын корпорациядан табатын нәрсенің ұрықтық
пошымы болады. Жиынтық - қарым-қатынас пен корпорацияның арасындағы аралық
пошым. Ол корпорация тәрізді, өзара байланысты толып жатқан нәрселерді қамтитын
әлдене коп ретінде елестейді, нәтижесінде ортақ ұмтылыс, тілек, ұнату мен ұнатпау,
қысқасы, ортақ сезім мен ортақ ойлау машығы пайда болады; бірақ, жиынтық шын ырық
әміріне қабілетті емес, ол қандай да бір бірлестік "ұйымдаспайынша", қандай да бір
комитет немесе кеңес құрмайынша ешқандай шешім қабылдай алмайды.
2. Әлеуметтік қатынас: серіктестік тұрпатындағы және үстемдік тұрпатындағы
қауымдық және қоғамдық қатынас
Әлеуметтік қатынас - барынша жалпылама және қарапайым әлеуметтік мәніс немесе
пошым. Бірақ оның тамыры өте тереңде жатыр; өйткені ол ішінара адамдар арасындағы
шара байланыстың, өзара тәуелділіктің және өзара татулықтың себептері тәрізді өмірдің
бастапқы, жаратылыстық, нақты жағдайларына, ішінара - терең, неғұрлым ортақ, аса
қажетті адамдық қажеттіліктерге негізделген. Бұлардың екеуі де түсінуге, рас, әртүрлі
салдарлармен жетеді. Жаратылыстық қатынас жағдайында, мысалы, бұл адам - менің
бауырым, өйткені мен екеуміз бір анадан туғанымызды білемін, немесе ол - менің
балдызым, не әкеміз, не шешеміз бөлек бауыр, асырап алынған бауыр, емшектес бауыр
(мұның жаратылыстық туыс екендігі кемдеу, өйткені басқа, таза жаратылыстық емес өзара
байланыстан шығарылады) болғанда әдетте мен оған жақын екендігімді сеземін, нақ
соның арқасында бір-бірімізбен өзара байланысты болғандықтан, біздің әрқайсысымыз
екіншіміздің бар екендігіне оң көзбен қараймыз, демек, біз бір-бірімізді білеміз, белгілі бір
дәрежеге дейін бір-бірімізге ұнаймыз, өзара іш тартамыз, сенеміз, ал болашақта біздің
ортақ құндылықтарымыз - айталық, имениені бірлесіп басқару құқығы өзара бөлісуге тура
келетін мирастық игіліктер болуы мүмкін, және де бүл арада мінсіз игіліктер де есепке
алынады. Қалай болған күнде де, осы тектес әрбір қатынас, тіпті екі-ақ адамның арасында
болса да, бөлек бір нәрсе ретінде әлеуметтік қатынасты танып-біліп, мойындауға, осы
әдетте белгілі бір өзара қарекет әркімнің басқадан күтетінін және талап етілетін немесе
басқа жөнінде өзіңнен күтілетін және талап етілетін қарекет жасалуға тиіс екендігін білуге
жетелейді. Осы арада әркім өзі дәмететін, бірақ басқа да нақ солай дәмететін
"құқықтардың", оның ойынша басқа адам орындауға тиісті, бірақ сол да бұдан соны
күтетінін біліп, өзіне де жүктейтін "міндеттердің" ұрығы жатыр...
Таза да абстрактылы шарттық қатынаста шарт жасасатындар, керісінше, бөлек-бөлек
кісілер ретінде елестейді, олар осыған дейін де және қазір де барлық басқа жағынан бір-
біріне тәуелді болған емес, тәуелді де емес, бір-біріне мүлдем жат және жалпы - бұрын да,
қазірде де барлық басқа жағынан бір-бірі жөнінде дұшпандық ниетте. Do ut des - мұндай
қарым-қатынастың бірден-бір принципі: менің сен үшін жасайтыным, сенің - бір мезгілде,
өткенде немесе кейін - жауап қарекетіңді жасату құралы ғана, расын айтқанда, менің
тілегім де, қалауым да сол ғана; менің мақсатым - сенікін қолыма түсіру, ал өзімдікін
құрал ретінде, әлбетте, амалсыздан беремін; менің ырқымды белгілейтін себеп - тек
ойдағы салдар ғана. Бүл таңдау ырқының аса қарапайым пошымы.
Бірінші тұрпат қатынастары қауым ұғымына, екінші тұрпат қатынастары - қоғам ұғымына
жақын; қауымдық және қоғамдық қатынастар осылайша ажыратылады. Бірақ бұлардың
қай-қайсысы да, өз кезегінде, олардың алғышарттары ырық пен істей білу қабілетінің,