Қазақстанның ашық кітапханасы
8
мұқтаж емес - олардың қиялдағы мазмұнын анық танып-білгенде ортақ ырық пен
қарекеттің субъекті ретінде оларды ойға алып, қалауға болады...
2. Адам ырқы
Біз жаратылыстық және бастапқы деп түсінетін бүл жалпы адамзаттық ырық, қалау
қабілеті істей алу қабілетінде жүзеге асады және елеулі түрде сонымен ықпалдастыққа
байланысты. Бүкіл рух, тіпті ең қарапайым адамның рухы істей алу қабілетімен осыған
сәйкес - ырық арқылы білдіріледі: оның ой машығын, жан дүниесін, ұжданын ол оқып-
білген нәрселер ғана емес, сондай-ақ — қабылданған шешімдермен байланысты болса да -
ол бұрын өткен, бірақ оған әлі де ықпал ететін ата-бабаларынан, ізашарларынан мұраға
қалған ойлау мен түйсіну тәсілі де қалыптастырады. Міне сондықтан мен осылай
түсінілетін ырықты адамның мәністік ырқы деп атап, оны ырықтың басқа бір тұрпаты -
таңдау ырқына қарама-қарсы қоямын: онда басым және тіпті жетекші рөлді ойлау
атқарады. Таңдау ырқы дегеніміз ұтымды ырық, ал ұтымды ырықты парасатты ырықтан
жақсылап ажырата білу керек: терең тұғырлары мәністік ырықта жататын санадан тыс
себептермен тамаша үйлеседі; ұтымды ырық ондайларды өзіне кедергі жасайтын
элементтер деп серпіп тастап, мүмкіндігінше анық түсінілген болуға ұмтылады...
3. Қауымдастық және қоғам
Әңгіме парықсыз ырыққа парасатты ырықты қарсы қою жөнінде емес, өйткені мәністік
ырықта да парасат бар, ол-ол ма - парасат мәністік ырықта өзінің суреткерлік немесе
инсанияттық кемеңгердің рухы ретінде творчестволық, жасампаз, шебер ырық пен қызмет
түрінде шешек атуына дейін-ақ қалыптасады; ал мәністік ырық дегеніңіз аса қарапайым
пошымдарында тек тікелей, жалындаған және сонымен бір мезгілде ырық пен қызмет
қана; таңдау ырқы үшін, керісінше, көбіне-көп тән. Оны шығармашылыққа кереғар яғни
механикалық жұмыс ерекшелейді, және әуейілік, айла-шарғы, қулық-сұмдық торы,
жалғандық және бір ғана міндеті - өзіміз қалайтын салдарға жету, практикалық
мақсаттарымызға сәйкес келу болатын құралдарды жасауға бағытталған нәрсенің бәрі
туралы айтқан кезде біздің тіліміз (басқа да тілдер тәрізді) айырманы тап басады...
Сонымен, мәністік ырық басым түсетін байланыстылықтың барлық түрін мен
қауымдастық (Gemeinschaft), ал, таңдау ырқы арқылы қалыптасатын немесе сонымен
елеулі түрде байланысты нәрсенің бәрін - қоғам (Gesellschaft) деп атаймын, және де екі
ұғым да мәнісі мен тенденциясы жағынан алғанда байланыстылықтың әрқилы реңкі ғана.
IV
1. Қарым-қатынас, жиынтық, корпорация
Мен төмендегідей әлеуметтік мәністерді немесе пошымдарды айырып көрсетемін:
1. қарым-қатынастар;
2. жиынтықтар;
3. корпорациялар немесе бірігулер (одақтар, бірлестіктер, серіктестіктер).
Бұл топтастырып жіктеу мына айырмашылыққа негізделген, үшінші тектердің мәнісі
әрқашан біртүтас нақты ырықты қалыптастыра алатын кісіге ұқсастығы бойынша ойға
оралады, ол ырық ретінде өзіне бағынышты кісілерді (жаратылыстық немесе жасанды)
сондай ырыққа сәйкес қылық жасап, мәжбүрлейді, бүл орайда оның ішке немесе сыртқа
бағытталғандығының бәрібір.