Қазақстанның ашық кітапханасы
10
билік пен беделдің арасындағы іс жүзіндегі (азды-көпті мінсіз) теңдік немесе елеулі
теңсіздік пе, соған байланысты әртүрлі бола береді. Осыған сәйкес, серіктестік
тұрпатындағы әлеуметтік қатынас пен үстемдік тұрпатындағы әлеуметтік қатынас
ажыратылады. Сол айырмашылықтарды қарастырайық.
А. Қауымдық қатынастар
а) Серіктестік тұрпат
. Серіктестік тұрпатының ең қарапайым пошымын туыстық, жора-
жолдастық, достық қарым-қатынаста бірге өмір сүретін жұп құрайды, мұндай жұптар егер
адамдарды жас мөлшері, жынысы, қызметі, ойлау машығы, мұраты жақындастырса,
әсіресе, оларды ортақ идея біріктірсе, бәрінен оңай қалыптасады. Аңыздар мен тарихта
мұндай жұптар толып жатыр; ежелгі гректердің жұптағы достық, жолдастық қарым-
қатынасы, мысалы, Ахиллес пен Патроклдың, Орест пен Пиладтың, Эпаминод пен
Пелопидтің арасындағы достықты қатты құрметтегені соншалық, тіпті Аристотельге:
кімнің достары болса, соның досы жоқ деген парадоксты теліген. Неміс тілі мен әдебиеті
эллиндер жырлаған, ортақ қуаныш пен ортақ қайғы тең бөлісілетін қарым-қатынастарды
бауырлар қатынасы деп атағанды жөн көреді: біз оларды тәжірибе тарапынан гөрі идеал
туралы ұғым тұрғысынан тезірек көріп, себепке көбірек, мотивке азырақ көңіл бөлеміз,
және бұл орынды да, өйткені бауырлар, шынында да, ең жаратылыстық, демек, ең
ықтимал достық жұпты бәрінен көп құрайды.
б) Үстемдік тұрпат
. Халықтың барлық жіктерінің күнделікті өмірінде мәдениеттің
дамуының барлық сатысында әкенің балаға қатынасын байқауға болады, ол әрқашан
қорғаушылық қатынас болып табылады - және бала неғұрлым әлсіз болса, қорғаушылық
сол шамада күшейе түседі, өйткені ол қорғанышқа көбірек мұқтаж: қорғаныш өзінің
шарты ретінде әрқашан үстемдіктің болуын көздейді, өйткені қорғауды тек жүйелі негізде
ғана іске асыруға болады, мұндайда қорғалушы өзінің қорғаушысының нұсқауларына,
тіпті бұйрықтарына құлақ қояды; кез-келген үстемдік зорлық-зомбылықты қолдануға оңай
ұласатындықтан, әкелік қарым-қатынас, аналық қарым-қатынас секілді, оған
сүйіспеншілігімен, мейірбандығымен, қарсылық көрсетеді, бұлар әдетте, тәуір көрудің
немесе қорғаудың кез-келген басқа объектісіне қарағанда, оз перзентіне хайуандық-
вегатативтік сипаттағы себептер бойынша көбірек сыйланады. Алайда, әкелік қатынастың
ортақ мағынасы басқа да ішкі туыстық қорғаушылық қатынастарына да оңай таралады:
мәселен, өгей әке, асырап алған әке, отбасының ақсақалы, қамқоршы (рас, соңғысы, заң
бойынша әкені алмастырғанымен, қамқорындағымен міндетті түрде қауымдық қатынаста
бола бермейді). Әкенің абыройы - кез-келген, соның ішінде өзге негіздері бар, қауымдық
беделдің, әсіресе, священник беделінің прототипі. Бұның себебі ең алдымен мынада:
мифтік түсініктер әкені Олимпке немесе Аспанға көтеріп, құдай мен адамдардың түп
атасы ретінде қисапсыз балаларды, яки - кемірек сезімдік, кемірек әспеттелген пошымда -
жалғыз баланы телиді, сол ұл политеизмді жеңіп шыққаннан кейін оны әкесімен түп-түгел
барлық жағынан теңестіреді. Ерте христиандықта барлық епископтарға берілетін "папа"
деген есімді римдік-католиктік шіркеу рухани абыройдың шыңы еткендігіне таңырқауға
болмайды, ал шығыс шіркеулерінде барлық дін қызметкерлері - әсіресе, әрине, жоғарылар
- қарапайым тілде "папа" (поп) деп аталады. Дүниауи және саяси үстемдік те, діни
үстемдікпен жиі шатастырылатынын және қасиеттелуі жағынан одан кем түспейтінін
былай қойғанда, көбіне-көп әкелік мейірбандық сипатын қабылдайды, бұны "Landesvater"
термині бәрінен жақсы тұжырымдайды. Әке беделі - тегі ерекше беделдің, үлкендер мен
ақсақалдардың беделінің ең жоғары пошымы, жас мөлшерінің абыройы да өзінің ең мінсіз
көрінісін нақ әке абыройынан табады. Шіркеу қауымындағы "пресвитер" (Gemeinwesen),
ал, дүниауи қауымда - "сенатор" сөзінің ерекше мағынасы осыдан түсінікті болады.