Қазақстанның ашық кітапханасы
88
дәуірде апологеттік мақсатта ол дереу мадақтала бастады. Бізге пайыз алуға тиым өткен
ғасырда Қасиетті тақ конгрегациясының қаулысымен жойылғаны (Інжілдің беделіне
қарамастан) мәлім, онда да тек temporum ratione habita (уақыт талабына сәйкес) және
жанама түрде, яғни дін иелерін usuraria pravitas жөніндегі сұрақтармен мазалай беруге
тиым салу көмегімен, онда да бұрынғы тиым қалпына келтірілген жағдайда олардың
мойынсұнуы күмән туғызбайтын болсын деген шартпен жойылғаны мәлім Парақорлық
туралы мейлінше шатысқан шіркеу доктринасының тарихын азды-көпті байыпты
зерттеген әркімге мынау айқын ғой: қисапсыз алауыздықтардың (мысалы, рентаны сатып
алуға жол беру, вексельді ескеру және басқа толып жатқан мәмілелер) салдарынан және
ең алдымен Қасиетті тақ конгрегациясының жоғарыда айтылған шешімі муниципиялық
қарызға байланысты қабылдануы салдарынан, несие пайызына тиым салу аса қажет
жағдайларда берілетін ақшалай несиеге ғана қатысты болды, осы тиымның мақсаты
"капиталды сақтау" және тіпті "капиталистік кәсіпорындардың дамуына" жәрдемдескен
болды деуге ешқандай негіз жоқ (S. 25). Ақиқат мынада: шіркеу пайызға тиымды тек
едәуір кеш есіне түсірді және ол мұны есіне түсірген кезде, капиталды құтты қонысқа
қондырудың әдеттегі пошымы анық белгіленген пайызбен қарыз беру емес, focnus
imuticum, commenda, societasmaris, dare ad proficuum de mari (пайда немесе зиян
бөлшегіндегі тәуекел дәрежесіне байланысты белгілі бір тарифтер бойынша жіктелген
пайызға несие). Бұл несие басқаша бола алмайтын да еді, өйткені ол өзінің мәнісі жағынан
белгілі бір кәсіпорынға пайыз өсімімен берілетін несие еді. Бүл тиым аталған несиенің
барлық түрлеріне бірдей қолданылмайтын (канондық құқықтың жекелеген бітіспес
жақтастарының тәпсірлері қамтылмайды). Алайда, капиталды берік пайызбен менің
жоғарыда аталған еңбегімді қара (23-ескертпе).
Бұл ескертпелер қате түсінілуі мүмкін. Бүл арада сөз болып отырған құбылыстардың
белгілі бір тұрпаттағы іскер адамдардың "дін халық үшін сақталуы керек" деген сөзді өз
мүддесіне пайдалануға бейімдігімен де, бұрынғы дінбасылардың, әсіресе лютерандық
дінбасылардың авторитарлық өкіметке жалпы бүйрегі бұратындықтан ереуілдерді күнә
деп жариялап, кәсіподақтарды "дүниеқоңыздар" деп күстаналау қажет болатын барлық
жағдайларда "қара полиция" қызметін атқаруға әзір тұратындығымен және тағы
басқалармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бүл зерттеуде жалғыз-жарым фактылар
емес, өте жиі ұшырасатын, және ілгеріде көзіміз жететініндей, типтік фактылар ескеріледі.
Sombart W. Der moderne Kapitalismus, Bd. 1, S.62.
Ibid., S.195.
Біз бұл арада капитализм дегенде бүкіл дүние жүзінде - Қытайда, Үндістанда, Вавилонда,
Ежелгі Грекияда, Римде, Флоренцияда үш мың жыл бойы жасап келе жатқан және бүгін
де жасап отырған өсімқорлардың, әскери өнім берушілердің, мансаптар мен салықтарды
сатып алушылар, ірі сауда кәсіпкерлері мен қаржы магнаттары капитализмін емес,
батысқа ғана тән осы заманғы ұтымды кәсіпкерлікті айтып отырмыз.
Сондықтан рационализмнің пайда болуының алғашқы кезеңі үшін күнделікті тұтыну
сапасының күрт төмендеуінің тән болуы да кездейсоқ емес (мысалға Германия
өнеркәсібінің алғашқы табыстары кезеңін келтіруге болады).
Бұл қолдағы қымбат металдардың тұрақсыздығы экономикалық тұрғыдан елеусіз фактор
дегеніміз емес.
Бұл жерде әңгіме ойдан шығарылған орташа тұрпат туралы емес, біз өзіміздің зерттеу
объектіміз етіп алған кәсіпкер туралы болып отыр деген сөз.