Қазақстанның ашық кітапханасы
87
Біз бұл арада капитализм дегенде бүкіл дүние жүзінде - Қытайда, Үндістанда, Вавилонда,
Ежелгі Грекияда, Римде, Флоренцияда үш мың жыл бойы жасап келе жатқан және бүгін
де жасап отырған өсімқорлардың, әскери өнім берушілердің, мансаптар мен салықтарды
сатып алушылар, ірі сауда кәсіпкерлері мен қаржы магнаттары капитализмін емес,
батысқа ғана тән осы заманғы ұтымды кәсіпкерлікті айтып отырмыз.
Сондықтан рационализмнің пайда болуының алғашқы кезеңі үшін күнделікті тұтыну
сапасының күрт төмендеуінің тән болуы да кездейсоқ емес (мысалға Германия
өнеркәсібінің алғашқы табыстары кезеңін келтіруге болады).
Бұл қолдағы қымбат металдардың тұрақсыздығы экономикалық тұрғыдан елеусіз фактор
дегеніміз емес.
Бұл жерде әңгіме ойдан шығарылған орташа тұрпат туралы емес, біз өзіміздің зерттеу
объектіміз етіп алған кәсіпкер туралы болып отыр деген сөз.
Осы жерде, тегінде Ф. Келлердің ауызға алынған еңбегінде (18-еск.) айтылған ескертпелер
мен соларға байланысты Зомбарттың ("Буржуа" кітабында) пікірлеріне қарастырылып
отырған проблемаларға қатыстылығы шамасында қысқаша тоқтала кету орынды секілді.
Бері салғанда оғаш нәрсе мынау: пайыздық өсім алуға канондық тиым салу жалпы ауызға
алынбайтын (егер жалпы алғанда уәжге ешқандай қатысы жоқ жүрдім-бардым ауызға
алынған бір нұсқауды жайына қалдырсақ) зерттеуге қарсы сыни ескертпелердің авторы,
осынау автор нақ осы тиым (оған ұқсас нәрсені кез-келген дерлік діни этикадан кездестіре
аламыз) өзі сынап отырған жұмыста католиктік этиканың оны протестанттық этикадан
өзгешелейтін негізгі нышан ретінде пайдаланыпты-мыс деген алғышартқа сүйенеді. Біз
шынында оқылған және негізгі қағидалары есте қалған жұмыстарды (егер ол жұмыстар
оқылған болса) ғана сынауға болады деп топшылаймыз. Usuraria pravitas'Ka
(өсімқорлыққа) қарсы күрес XVI ғасырдағы гугеноттар мен нидерландық шіркеу
тарихының өзегі. "Ломбардтар", яғни банкирлер көбіне-көп причастиеге (шіркеуде шарап
пен нан беру салты, олар Христің тәні мен қанына айналады деп саналған -Ауд.) (12-
ескертпені қара). Кальвиннің бұдан гөрі жұмсақтау көзқарасы (мұның өзі ордонанстардың
бірінші жобасында өсімқорлыққа тиым салынуына бөгет болған жоқ) Салмазийдің
аркасында ғана жеңіп шықты.
Демек, айырмашылық мұнда емес; қайта керісінше бұл пунктте белгілі бір жақындасу
байқалады. Бірақ автордың өз уәжі одан да нашар, ол тым үстірт болғандықтан оның
жұмысы өзі тиісінше бағалай алмаған Функтың (қараңыз: Funk. Uber die okonomischen
Anschaungen der mitteialterlichen Theologen. - "Zeitschrift fur die gesamte Staatswissenschaft",
1869, Bd. 25) еңбегі мен басқа да католик ғалымдардың зерттеулерінен де, жекелеген
қағидалары біршама ескіріп қалған, бірақ тұтас күйінде алғанда осы саладағы негізгі
еңбек ретінде маңызын сақтап қалған В. Эндеманның (қараңыз Endemann W. Studien in der
romanisch-kanonistischen Wirtschafts und Кechtslehre 1874-1885) зерттеуінен де көп төмен
тұр. Рас, Келлер Зомбарттың еңбектерінде байқалатын өрескел ағаттықтарға бой ұрмаған.
Зомбарт осынау "тауфықты кісілердің" (әңгіме Сиен Бернардині мен Флорентина
Лнтонині туралы) көзқарастарында "кез-келген құралдармен кәсіпкерлік рухын есіруге
жәрдемдесуге" ұмтылыс анық көрінеді дегенді кесіп айтады; бұл ұмтылыс мынадан
көрінеді-міс: өсімқорлыққа тиым салуды (пайызға тиым салу жөнінде барлық жерде
жасалғаны секілді) олар мұның өзі "өндіргіш" (біздің терминология бойынша) күрделі
қаржы жұмсауға нұқсан келтірмейтіндей етіп тәпсірлейді-міс... Ал бұл арада Зомбарт
тұжырымдамасында бүл белгілер бірін-бірі жоққа шығарады. Ол пайыздық өсім алуға
тиым салу мәнінің өзін бұрмалап жіберді. Бұл тиым бұрын көбіне асыра бағаланатын,
содан кейін жете бағаланбайтын болды; ал қазір, католик мультимиллионерлер де шыққан