Қазақстанның ашық кітапханасы
86
бүл орайда ол одан арғы барлық жіктеулерді толығымен терістеп қана қоймайды (бүл екі
арада тек сондай жіктеу ғана жеткілікті анық тұжырымдалған ұғымдарды жасауға жетелей
алады), осы зерттеудің мақсатына сәйкес жасалған (осы заманғы) капитализм "рухы"
ұғымы жөнінде маған мүлдем түсініксіз пікір айтады: Брентаноның пікірі бойынша,
аталмыш ұғымның алғышарты әлі дәлелдеуді талап ететін бірдеңе.
Біз бұл арада осы шектер мәселесімен шұғылдануға қаншалық құлықсыз болсақ, жоғары
еңбекақы мен еңбек өнімділігі арасында байланыс орнатылған белгілі теорияға да
қатынасымызды айқындауға құлықсызбыз. Томас Брасси (Brassey Тһ. Works and wages.
London, 1872) ұсынған бұл теорияны Л. Брентано (Brentano L. Uber das Verhaltnis von
Arbeitslohn und Arbeitstreit zur Arbeitsleistung. 2. Aufl. Lepzig. 1893) теориялық жағынан
негіздеді, ал Герхард фон Шульце-Геверниц (Schulze-Gavernitz G. Von. Der Grossbetrieb.
Leipzig, 1892) тарихи және конструкциялық жағынан хаттады. Хасбахтың қызықты
жұмыстарының жариялануымен пікірталас қайта жанданды және ол бүгінге дейін
аяқталған (Hasbach W. Zur (.'liarakteristik der englischen industrie. - In: Schmollers Jahrbuch.
Bd. 27, 1903, S. 349, 385, 417 ff.) жоқ. Біз үшін бұл жерде даусыз және ешкім таласпайтын
мына фактты көрсету жеткілікті: төмен жалақы мен жоғары пайда төмен жұмыс ақысы
мен өнеркәсіптік дамудың қолайлы мүмкіндіктері арасында тікелей байланыс жоқ, және
жалпы алғанда қарапайым ақша операциялары тікелей капиталистік мәдениет рухында
"тәрбиелеуге" жетелей алмайды, капиталистік шаруашылықты жүргізуге жәрдемдесетін
қолайлы жағдайларды жасамайды.
Сондықтан көне мәдениетті аймақтардан иммигранттардың күшті тасқыны келмейінше
елдің экономикасына капиталистік кәсіпкерлікті енгізу көбіне мүмкін болмады.
Капитализмнің пайда болуы кезеңінде, Зомбарт өте әділ атап көрсеткеніндей, бір жағынан
жеке "машық" пен колөнердің құпиясы және, екінші жағынан, ғылымға сүйеніп жасалған
осы заманғы техниканың арасындағы қарама-қарсылық мүлдем дерлік сезілмейді. Ол-ол
ма, капиталистік жүмысшының (немесе белгілі бір дәрежеде кәсіпкердің де) этикалық
қасиеттері өзінің сонылығының пәрменімен ғасырлар бойғы дәстүр қалыбында қатып
қалған қолөнершілер дағдысынан едәуір кем таралған болатын. Тіпті осы заманғы
өнеркәсіп кәсіпорындарына орын таңдауда мына жағдай байланысты тіптен де бостан
емес: ұзақ дәстүрдің және қарқынды еңбекке дағдыны тәрбиелеудің көмегімен ол жердің
тұрғындарына тиісті машық сіңірілген бе? Бүгінгі күнгі ғылыми көзқарасқа сәйкес бұл
құбылысты көбіне дәстүрмен немесе тәрбиемен емес, көбіне мұраға берілетін нәсілдік
нышандармен түсіндіруге ұмтылыс жасалады, бұл, біздің пікіріміз бойынша өте күмәнді
нәрсе.
Менің жоғарыда аталған еңбегімді қара (23-ескертпе).
Бұл ескертпелер қате түсінілуі мүмкін. Бүл арада сөз болып отырған құбылыстардың
белгілі бір тұрпаттағы іскер адамдардың "дін халық үшін сақталуы керек" деген сөзді өз
мүддесіне пайдалануға бейімдігімен де, бұрынғы дінбасылардың, әсіресе лютерандық
дінбасылардың авторитарлық өкіметке жалпы бүйрегі бұратындықтан ереуілдерді күнә
деп жариялап, кәсіподақтарды "дүниеқоңыздар" деп күстаналау қажет болатын барлық
жағдайларда "қара полиция" қызметін атқаруға әзір тұратындығымен және тағы
басқалармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл зерттеуде жалғыз-жарым фактылар
емес, өте жиі ұшырасатын, және ілгеріде көзіміз жететініндей, типтік фактылар ескеріледі.
Sombart W. Der moderne Kapitalismus, Bd. 1, S.62.
Ibid., S. 195.