Page 85 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
85
Бұл, әрине, Якоб Фуггер инсаният тұрғысынан енжар немесе дінге құламаған деген,
сондай-ақ бүл қағидалар Бенджамин Франклиннің этикалық көзқарастарын толық
қамтиды деген сөз емес.
Проблеманы біздің қоюымыз бен Зомбарттың қоюындағы айырмашылық осыған
негізделген. Бұдан әріде бүл айырмашылықтың зор практикалық мәні айқындала түседі.
Бұл арада: капиталистік кәсіпкерге тән этикалық сипаттарды Зомбарт назардан мүлдем
тыс қалдырмағанын ғана көрсетеміз. Алайда оның еңбектерінің жалпы тінінде ол
капитализмнен туындайтын нәрсе ретінде көрінеді, алдымызға қойған міндеттерімізге сай
кері гипотезаны ұстанамыз. Бұл мәселе жөніндегі біздің ақтық пікіріміз зерттеудің
соңында тұжырымдалған. Зомбарт өзінің тұжырымдамасын (қараңыз: Sombart W. Op. Cit.,
Bd. I, S. 357, 380) Земмельдің "Акша философиясының" соңғы тарауындағы жарқын
бейнелер әсерімен жасайды.
"Сайып келгенде менің көзім мынаған жетті: адамдардың арасындағы аралас-
құраластықта біздің өміріміздің бақыты үшін шыншылдықтың, адалдық пен
шынайылықтың орасан зор маңызы бар; Сол сәттен бастап мен осы қасиеттерді өз
бойымда тәрбиелеуге ұйғардым және сол ұйғарымымды күнделігіме жазып қойдым. Аян
дегеннің мен үшін шешуші мәні болған жоқ; мен былай топшыладым: кейбір қылықтар
оларға ілім тиым салғандықтан ғана жаман, немесе олар онымен міндеттелгендіктен ғана
жақсы бола аламайтынымен, алайда барлық жағдайларды ескеретін болсақ, бір
қылықтарға өзінің табиғаты жағынан зиянды болғандықтан тиым салынуы, басқа
қылықтар олар нақ ізгілікті болғандықтан міндеттелген болуы әбден ықтимал".
"Мен мүмкіндігінше тасада жүруге тырысып, мұны (әңгіме Франклиннің бастамасымен
кітапхана ұйымдастыру туралы) "менің кейбір достарымның" мына адамдар кітапты
сүйеді деп санайтындарына қолқа салуға менің қатынасуымды өтінгендіктен басталған іс
ретінде көрсеттім. Менің әдісім ойдағыдай болып шықты: кейіннен мен осыған ұқсас
жағдайларда оны үнемі қолданатын болдым және, өзімнің тәжірибеме сүйене отырып,
оны басқаларға шын жүрегіммен ұсына аламын. Біз өзімшілдігімізді еңсеріп жасаған
болмашы құрбандық алдағы уақытта еселеп кайтады. Егер біраз уақыт бойы шын еңбек
кімдікі екені беймәлім қалып, оны көлденең бір атаққұмар өзіне телігісі келсе, барып
тұрған қызғаншақтардың өздері атаққұмарды ол өзіне теліген марапаттың бәрінен
айырып, оларды шын лайықтыға өздері әкеп береді".
Бұл пікір Брентонға (қараңыз: Brentano L. Op. cit., S. 125, 127, Anm. 1) біз айтқан дүниауи
тақуалық арқылы құлықты "ұтымды да тәртіпті ету" жөніндегі идеяға қарсы бағытталған
сыни-ескертпелер
жасау
үшін
ілік
болды;
бүл
"рационализация",
демек,"иррационализмді" құлыққа апарып соқтырады. Шындап келгенде, бұған қарсы
айтар уәж жоқ. Өйткені кез-келген "иррационалдық" өз мәні бойынша солай емес, белгілі
бір "рационалды" көзқарас тұрғысынан ғана солай. Мәселен, дінге құламаған адам үшін
діндарлық өмір салты - иррационалды, гедонист үшін - тақуалық, тіпті қандай да бір өмір
салты өзінің барынша бағалы жағынан "рационализация" болса да солай болып шығады.
Егер осы мақала бір ғана мағынасы бар секілді көрінетін ұғымның бүкіл алуан
қырлылығын анықтауға жәрдемдесе алса, өзінің міндеттерін едәуір дәрежеде орындай
алғаны.
Сүлеймен әпсаналары. 22,29. Лютер "in seinem Geschaft" деп аударады. Ілгергі ағылшын
аудармашылары "business" деп жазады. Төмендегі 3-ескертуді қараңыз.
Өкінішке қарай, Брентано да баюға ұмтылыстың барлық түрлерін (әскери және бейбіт
сипаттағы) бытыстырып жібереді; ол "капиталистік" дүниеқұмарлыққа тән ерекшелік
(мысалы феодалдықпен салыстырғанда) ақша құмарлық (жер иеленуге емес) деп санайды;