Page 84 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
84
Зомбарттың қысқаша ескертулері де осыған катысты. (Қараңыз: Sombart W. Der moderne
Kapitalismus. Bd. 1,1. Aufl., 1902, S. 380). Өкінішке қарай, ол кейінірек, пікірім бойынша,
ең нашары "Буржуа" атты кітабында мүлдем қате "тезисті" жақтады, біз оған әлі
ораламыз. Бұл тезисті ол Франц Келлердің (қараңыз: Keller F. Unternehmung und Mehrwert.
Pader- born, 1912) ықпалымен ұсынды. Ол, бірқатар құнды ескертпелеріне (бірақ бұл
тұрғыда жаңа емес) қарамастан, қазіргі католицизм апологеттері еңбектерінің деңгейінен
жалпы алғанда төмен.
"Жұмыс іздеп бір елден екінші елге қоныс аудару фактысының өзі еңбек өнімділігін
арттырудың ең пәрменді құралдарының бірі екендігін анықталған нәрсе деуге болады. (12-
ескертпені қараңыз). Мәселен, өз елінде мол табыс табудың соншалық еліктіргіш
перспективалары дәстүршілдік инерциядан шыға алмаған поляк қызы жат жерде мүлдем
өзгеріп шыға келеді; онда жалшы бола жүріп, ол ең қатал қанаудың дән риза объектісіне
айналады. Дәл осы құбылысты біз елден тыс жерде кәсіпшілікпен айналысатын
итальяндықтардан да байқаймыз. Бұл арада негізгі себеп тіпті де өзінің деңгейі жағынан
неғұрлым жоғары "мәдени ортаның" тәрбиелік ықпалында еместігі мынаның аркасында
анықталады: мұндай заңдылық жұмыс сипаты (мысалы, ауыл шаруашылығындағы
секілді) өзгермейтін жағдайларда да сақталады, басқа да ыңғайсыздықтармен қатар, ортақ
барактарда күн кешу алғашқы кездерде тұрмыс деңгейін төмендететіндігі сонша, өз
отанында төзгісіз деп саналар еді. Бүл арадағы "тәрбиелеу" жаңа жағдайдағы жұмыс
фактысының өзі, және нақ сол дәстүршілдікті қиратады. Бұл фактордың американ
экономикасының дамуына қаншалықты ықпал еткенін айтып жатудың қажеті бола
қоймас.
Ол көп жағдайда азды-көпті қанағатшыл кальвинизм яки цвинглишылдық сипатта
болатыны мәлім.
Мүлдем таза дерлік лютерандық Гамбургте тамыры XVII ғасырға кететін бірден-бір
дәулет иесі белгілі реформаттар отбасы ғана. (Мұны бізге профессор А.Валь көрсетті).
Бұл арада біз анықтаған байланыс тіпті де жаңа бірдеңе емес, ол туралы бұрын да талай
рет айтылған (қараңыз: Laveleye Е. De. Protestantism and Catholicism in their bearing upon
the liberty and prosperity of nations London. 1875: Arnold M. St. Paul and Protestantism.
London, 1906). Таң қалдыратыны керіс нәрсе, нақтап айтқанда бұл тезистің дұрыстығына
мүлдем негізсіз күмән. Сондықтан да оның мәнісін түсіндіруімізге тура келеді.
Бұл, әрине, кейіннен бірқатар ағымдар тәрізді ресми пиетизмнің бірқатар жағдайларда,
патриархалдық түсініктерді басшылыққа ала отырып, капиталистік шаруашылықтың
"прогресіне", атап айтқанда, үйдегі майда кәсіпкерліктен фабрикалық жүйеге көшуге
қарсы қимылдағанын жоққа шығармайды. Гәп мынада: діни ағым ұмтылатын мұрат пен
сол ағымдардың жақтастарының өмір салтына жасайтын нақты ықпалы арасын, біз әлі
талай рет көретіндей,қатаң ажырата білу керек...
"Nekessary hints to those that would be rich" еңбегінің қорытынды бөлімі (1736 жылы
жазылған), KanraHbi"Advice to a young tradesman" (1748) еңбегінен. Қараңыз: Franklin В.
Works, Ed.Sparks, Vol. 2, p. 87.
Қараңыз: Kiirnberger F. Der Amerikamiide, Frankfurt, 1885. Кюрнбергтің бұл кітабы
Ленаудың Америка әсерлерінің поэтика тіліне көшірілуі екені мәлім. Кюрнбергер біршама
еркін аударған Франклин трактаттарын біз түпнұсқамен салыстырып түзеттік.
Зомбарт бұл цитатаны "Капитализм генезисіне" эпиграф етіп алған. (Қараңыз: Sombart W.
Op. cit. Bd. I, S. 193).