Page 83 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
83
"Nekessary hints to those that would be rich"
еңбегінің қорытынды бөлімі (1736 жылы
жазылған), KanraHbi'Advice to a young tradesman" (1748) еңбегінен. Қараңыз: Franklin В.
Works, Ed.Sparks, Vol. 2, p. 87.
Қараңыз: Kiirnberger F. Der Amerikamiide, Frankfurt, 1885. Кюрнбергтің бұл кітабы
Ленаудың Америка әсерлерінің поэтика тіліне көшірілуі екені мәлім. Кюрнбергер біршама
еркін аударған Франклин трактаттарын біз түпнұсқамен салыстырып түзеттік.
Зомбарт бұл цитатаны "Капитализм генезисіне" эпиграф етіп алған. (Қараңыз: Sombart W.
Op. cit. Bd. I, S. 193).
Бұл, әрине, Якоб Фуггер инсаният тұрғысынан енжар немесе дінге құламаған деген,
сондай-ақ бұл қағидалар Бенджамин Франклиннің этикалық көзқарастарын толық
қамтиды деген сөз емес.
секталардың шаруашылық өмірге араласу дәрежесіне кері ықпал етті; осы аңғарғанымыз
мысалы, Женева мен Жана Англия шегінен тыс қоныстанған, шындап келгенде барлық
жерде, соның ішінде олар тіпті саяси үстемдікке ие болған жерлерде де шын берілген
қаяусыз кальвинистер жөнінде әділетті. Толып жатқан діни сенімді ұстанатын
эмигранттардың
-
үнділердің,
арабтардың,
қытайлардың,
сириялықтардың,
финикиялықтардың, гректердін, ломбардтықтардың, кагорлықтардың - бөтен елдерге
жоғары дамыған елдердегі коммерциялық дағдының иелері ретінде қоныс аударғаны
жалпыға ортақ құбылыс және біздің зерттеуімізге оның ешқандай қатысы жоқ.
OffenbacherM. Op. cit., S. 68.
Германия мен Франциядағы діни сенімдердің өзіндік ерекшеліктері және Эльзас
ұлттарының күресінде олардың мәдениеттің басқа элементтерімен астасуы мәселесі
туралы В. Виттихтің тамаша еңбегінде өте дәл ескертулер жасалған (қараңыз: Wittich W.
Deutsche und franzosische Kultur im Elsb. "Illustrierte Elsaber Rundschau", 1900).
Әрине, тек аталмыш жерде капиталистік дамудың жалпы мүмкіндігі болған жағдайда
ғана.
Бұл жөнінде қараңыз: Dupin de St. Andre. L'ancienne eglise reformee de Tours. Les members
de L'eglise. - "Bull, de la Societe de l'histoire du protestantisme" T.4, 1856, p.10. Әрине, бұл
арада да қозғаушы сарын деп монастырьлық немесе шіркеулік бақылаудан босануға
ұмтылысты санауға болар еді, католик зерттеушілер осыған ойысады. Алайда мұндай
пайым замандастардың, соның ішінде гугеноттарға қарсыластардың (олардың ішінде
Рабле де бар) пікіріне ғана қайшы келіп қоймайды; гугеноттардың алғашқы ұлттық
синодтарының банкир шіркеу старостасы бола алатындағы туралы күмәні (мысалы, I
синод материалдары мына кітапта: Аутоп. Synodes nationaux de l'eglise reformee de France,
p. 10), сондай-ақ синодтардың бұл мәселеде Кальвиннің әбден анық позициясына
қарамастан - пайыз алуға рұқсат етіле ме деген мәселеге қайта-қайта оралуы (бұл туралы
түсіндіру жұмысы шіркеу мүшелеріне олардың өтініші бойынша үнемі жүргізіліп отырды)
рас, бүл проблеманы шешуге мүдделі жақтардың кеңінен катысуын айғақтайды, бірақ
сонымен бірге "usuraria рrаvitas" (өсімқорлықпен) бүкпесіз тәубаға келу арқылы шіркеудің
бақылауынсыз шұғылдануға ұмтылыс бүл жерде шешуші фактор бола алмайтындығын да
айғақтайды. (Бүл Голландияға да катысты - ол туралы төменде. Мәселені біз қойып
отырған шеңберде өсімқорлыққа канондық тиым салу ешқандай рөл атқармайды, біз мұны
үзілді-кесілді айта аламыз).
Қараңыз: Gothein. Wirtschaftsgeschichte des Schwarzwaldes. Bd.l. Strabzburg. 1892. S.674.