Қазақстанның ашық кітапханасы
80
бірқатар жерлер, мысалы Рейн облысы беретін статистикалық картинаны өзгертіп
жіберетін секілді болып көрінеді. Мұның үстіне, статистикалық материалдан шығатын
қорытындыны даусыз мамандану бар жерде ғана және жекелеген кәсіптің өкілдерін
мұқият санап шығу негізінде ғана шығаруға болатынын ұмытпау керек. Өйтпеген
жағдайда жеткілікті ірі кәсіпкерлер мен соқа басты "шеберлер" - "кәсіпорын басшылары"
санатына оп-оңай кіріп кете алады. Ал осы заманғы "дамыған капитализмге" келсек -
қайткен күнде де , өйткені әңгіме біліктілігі жоқ жұмысшылардың қалың қатпары туралы
болып отыр - бұрындары діни сенім тигізе алатын ықпалға ол енді бой бере қоймайды.
Бірақ бұл туралы кейінірек айтамыз.
Мысалы қараңыз: Schel Н. Der Katholizismus als Prinzip des Fort- schrittes. Wiirzburg, 1897;
Hertling G. von. Das Prinzip des Katholizismus und de Wissenschaft. Freiburg, 1899, S.58.
Менің шәкірттерімнің бірі осы мәселе бойынша біздің қолымызға түскен ең көлемді
статистикалық материалды - Бадендегі діни сенім статистикасын зерттеп шықты.
Қараңыз: Offenbacher М. Konfession und so- ziale Schichtung. Eine Studie uber die
wirtschaftliche Lage der Katholiken und Protestanten in Baden. Tubingen - Leipzig, 1901.
[Volkswirtschaftliche Abhandlungen der badischen Hochschulen, Bd. 4. Hf. 5]. Алдағы
уақытта иллюстрациялық материал ретінде келтірілетін барлық фактылар мен цифрлық
материалдар сол жұмыстан алынған.
Мәселен, 1895 жылы Баденде әр мың евангелистін қолында 954 060 марка капитал, мың
католикте - 589 мың марка болды. Рас, еврейлер екеуінен едәуір озып кетті (Мың адамға -
4 миллионнан астам марка).
Бұл мәселе жөнінде Оффенбахердің жұмысындағы байламдарды қараңыз.
Бұл мәселе турасындағы нақты деректер Оффенбахердің аталған еңбегінің алғашқы екі
тарауында бар.
1895 жылы Баденде протестанттар 37 %, католиктер - 61,3, еврейлер 1,5% болды. 1885-
1891 жылдары міндетті білім беру жүйесіне енбейтін, жетілдірілген білім беретін орта оқу
орындарындағы оқушылардың құрамы мынадай болды:
Протестанттар
(пайыз)
Католиктер (пайыз)
Еврейлер (пайыз)
Гимназиялар
43
46
9.5
Кәсіпшілік
гимназиялары
69
31
9
Жоғары кәсіпшілік
мектептері
(9 сынып)
52
41
7
Кәсіпшілік
училищелер
(6сынып)
49
40
11
Көтеріңкі
білім
беретін
азаматтық
училищелер
51
37
12
Орташа көрсеткіш
48
52
10