Page 79 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
79
салаларының дамуына жәрдемдесе алатыны, бірақ өздігінен капиталистік "рухтың"
орнығуына ықпал етпейтіндігі секілді (қайта ондай регламенттеу полицейлік-
авторитарлық сипатын көрсеткен жерлерде көбіне дәрменсіздендіретін) тақуалықты
шіркеу тарапынан регламенттеу оның дамуы барысында полициялық белгілер басым түсе
бастаса, кері нәтижелер бере бастар еді: сонда ол діндарларды құлықтың белгілі бір
сыртқы талаптарын сақтауға мәжбүр ете отырып, өмірдің методистік салтына ұмтылысты
жиі тұншықтыратын болады. Бүл мәселені зерттеу тұсында мемлекеттік шіркеулер
құлқының авторитарлық полициясының ықпалы мен ерікті бағынуға негізделген секталар
құлқы полициясының ықпалы арасындағы айырмашылықтарды әрқашан есте ұстау керек.
Баптистік қозғалыс өзінің барлық гүрлерінде "шіркеулер" емес, "секталар" құрғандығы,
жағдай қисынымен қауымдарды волюнтаристік әдіспен құру жолына түсуге мәжбүр
болған кальвинистерде, пиетистер мен методистерде - әртүрлі дәрежеде - орын
алғанындай шамада оның тақуалығы қарқынының өсуіне жәрдемдесті.
Енді, біз пуритандық кәсіптік бейім идеясының діни негізделуін қысқаша қарастырып
шығуға тырысып көргеннен кейін, осы идеяның кәсіпкерлік қызмет өрісінде жасаған
ықпалын зерттеуге көшеміз. Әрбір жеке жағдайдағы барлық ауытқуларына және бізді
қызықтыратын белгілерді тақуалық діни қауымдардың бөліп көрсетуі дәрежесіндегі
барлық айырмашылықтарға қарамастан, бұл белгілер осы тектес барлық қауымдарда
болды және барлық жерде белгілі бір ықпал жасап отырды. Біздің тұжырымдамамыз үшін
шешуші нәрсе мынау: біз зерттеп отырған тақуалық ағымдардың барлық түрлерінде "діни
қалаулылық ахуалы" адамды қолдан жасалған, "дүниеден" жұғатын жамандықтардан
сақтайтын өзіндік бір сословиелік қасиет (
stаtus
) іспетті қабылданды. Бұл ахуалдың кепілі,
аталмыш деноминацияның догматтық іліміне сәйкес оған қалай қол жететіндігіне
қарамастан, қандай да бір сиқырлы-шарапатты құрал емес, сырын ашқаннан кейін күнәнің
кешірілуі емес, жекелеген ізгілікті қылықтар емес, тек жалғыз ғана қалаулыны "табиғи"
адамнан түбегейлі бөліп көрсететін, өзінің сипаты жағынан өзгеше құлық арқылы
орнықтырылатын қалаулылық. Осының негізінде жеке адамда өзінің құлқын жүйелі түрде
бақылап отыру (өзінің қалаулы екендігіне кәміл сенімге ие болу үшін) және сол арқылы
оны тақуалық жолымен өзгерту ниеті туындайтын. Бұл тақуалық өмір салты біз жоғарыда
көргеніміздей, Құдай ырқына бағдарланған бүкіл тіршілік етуді ұтымды өзгертуге сайып
отырды. Мұндай тақуалық енді
opus supererogationis
(лат. - басы артық іс) емес, өзінің
құтқарылуына кәміл сенімге ие болғысы келетін әркім орындай алатын міндет болатын.
Мұндағы шешуші нәрсе сол, әулиелердің дін талап ететін, "табиғи" тіршілік етуден
өзгеше осынау ерекше өмір салты енді дүниеден безген монахтық ұйымдарда емес,
дүниауи құрылыс ішінде қалыптасып келе жатты. О дүниелік рахатқа бағдарланған, осы
дүниеде өмірді ұтымды етудің аталған ниеті тақуалық протестантизмнің кәсіптік бейім
тұжырымдамасының салдары болатын.
Басында дүниеден қапасқа ұмтылған христиандық тақуалық, монастырь қабырғасының
ішінде шіркеу кейпінде өзі бас тартқан дүниеге үстемдік етті. Бүл орайда ол, алайда,
дүниауи күнделікті өмірдің жаратылыстық, тікелей белгілеріне зорлық жасаған жоқ. Ал
енді ол тіршілік жәрмеңкесіне шықты, монастырь қақпасын тарс жапты да, күнделікті
өмірді өзінің методикасымен байытып, оны дүниедегі ұтымды өмірге айналдыра бастады,
бірақ бүл мына жалғанға арналған және бұл жалғанның қамын жеген өзгеріс емес еді.
Ескертпелер
Бұдан шегіну - әрқашан болмаса да, жиі-жиі - мынамен түсіндіріледі: өнеркәсіптің
аталмыш саласы жүмысшыларының діни сенім жағынан құрамы бірінші кезекте аталмыш
саланың кәсіпорындары шоғырланған аймақта немесе жұмыс күші жалданатын аймақта
белгілі бір діни жолдың басымдығымен айқындалады. Бүл жағдай былай қарағанда