Page 81 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
81
Алдыңғы ескертудегі цифрларды қараңыз: олар орта мектептердегі католиктердің пайызы
(ол бүкіл халыққа шаққанда үштен бір есе кем) тек гимназияларда ғана шамалы
көтерілетінін айғақтайды (негізінен гимназиялар діни кызметпен айналысуға қажетті
даярлық беретіндігінің арқасында). Осыдан былай баяндауымызды иллюстрациялайтын
сипатты құбылыс ретінде мынаны атап көрсету керек: Венгрияда протестанттардың орта
білім беретін оқу орындарындағы жалпы шәкірттер санына шаққандағы пайыз көрсеткіші
ілгергі мысалдағыдан да анық көрінеді.
М. Оффенбахердің уәжін және оның жұмысының соңындағы кестелерді қараңыз.
Бұл У. Петтидің шығармаларында ете жақсы байқалған. Біз оған әлі талай рет сілтеме
жасаймыз.
Өйткені, У. Петти кейде мысал ретінде келтіретін Ирландия бұл тұрғыда ерек тұрады-мыс
деген жағдай онда протестанттар лендлорд - абсентеистер болғанымен ғана түсіндіріледі.
Егер Петти бұл мысалды неғұрлым ауқымды тұжырым жасауға пайдаланса, сөзсіз
қателікке ұрынған болар еді, бүл Ирландияға қоныс аударған шотландықтардың
жағдайынан анық көрінеді. Капитализм мен протестантизм арасындағы кәдуілгі
арақатынас өзге жерлердегі тәрізді Ирландияда да болды. (шотландықтардың
Ирландиядағы жағдайы туралы қараңыз: Hanna С. A. The Scotch-Irish. Vol. 1-2. New York,
1902.)
Бұл, әрине, соңғы фактордың барынша елеулі мәнін жоққа шығармайды және біртекті
шағын топтар құрайтын бірқатар протестанттық секталардың сипаты сол секталардың
бүкіл өмір салтының қалыптасуына шешуші ықпал еткен жағдайға мүлдем кереғар
келмейді, ол өз кезегінде секталардың шаруашылық өмірге араласу дәрежесіне кері ықпал
етті; осы аңғарғанымыз мысалы, Женева мен Жана Англия шегінен тыс қоныстанған,
шындап келгенде барлық жерде, соның ішінде олар тіпті саяси үстемдікке ие болған
жерлерде де шын берілген қаяусыз кальвинистер жөнінде әділетті. Толып жатқан діни
сенімді ұстанатын эмигранттардың - үнділердің, арабтардың, қытайлардың,
сириялықтардың, финикиялықтардың, гректердің, ломбардтықтардың, кагорлықтардың -
бөтен елдерге жоғары дамыған елдердегі коммерциялық дағдының иелері ретінде қоныс
аударғаны жалпыға ортақ құбылыс және біздің зерттеуімізге оның ешқандай қатысы жоқ.
OffenbacherM. Op. cit., S. 68.
Германия мен Франциядағы діни сенімдердің өзіндік ерекшеліктері және Эльзас
ұлттарының күресінде олардың мәдениеттің басқа элементтерімен астасуы мәселесі
туралы В. Виттихтін тамаша еңбегінде өте дәл ескертулер жасалған (қараңыз: Wittich W.
Deutsche und franzosische Kultur im Elsb. "Illustrierte Elsaber Rundschau", 1900).
Әрине, тек аталмыш жерде капиталистік дамудың жалпы мүмкіндігі болған жағдайда
ғана.
Бұл жөнінде қараңыз: Dupin de St. Andre. L'ancienne eglise reformee de Tours. Les members
de L'eglise. - "Bull, de la Societe de l'histoire du protestantisme" T.4, 1856, p.10. Әрине, бұл
арада да қозғаушы сарын деп монастырьлық немесе шіркеулік бақылаудан босануға
ұмтылысты санауға болар еді, католик зерттеушілер осыған ойысады. Алайда мұндай
пайым замандастардың, соның ішінде гугеноттарға қарсыластардың (олардың ішінде
Рабле де бар) пікіріне ғана қайшы келіп қоймайды; гугеноттардың алғашқы ұлттық
синодтарының банкир шіркеу старостасы бола алатындағы туралы күмәні (мысалы, I
синод материалдары мына кітапта: Аутоп. Synodes nationaux de l'eglise reformee de France,
p.10), сондай-ақ синодтардың бұл мәселеде Кальвиннің әбден анық позициясына