Қазақстанның ашық кітапханасы
7
өзара махаббатсыз махаббат қатып-семіп қалады, бірақ ол, қайрансыз үмітті, сүйікті
адамының бар екендігін білуді ғана талғажау етіп, әупірімдеп өмір сүре береді, өйткені
сүйіктісі үшін жақсылық тілеумен қатар, әсіресе жыныстық махаббатта, өзіне де ләззат
тілейді; жыныстық махаббатта ынтызарлық неғұрлым күшті болса, соғұрлым күштірек
өшпенділікке айналады, өйткені бұндай жағдайда ол - өзін-өзі жақсы көру көбіне өзін
өлтіріп жіберу ырқын туғызатыны секілді, азғындаған махаббат.
2. Әлеуметтік байланыстылықтың туындайтын және ең жоғары түрлерінде әрқашанда бір
элемент бар: оны, бір жағынан, өзара септесу, өзара көмек немесе, бері салғанда, қалыс,
яғни бейбіт қызмет; екінші жағынан, индивидуалдық ырықты айқындайтын - байланысты
(әлеуметтік) ырық деп анықтауға болады. Осылайша байланыстылық пен өзаралықты
мынадан сезініп, танып білуге болады: әріптестің (қатысушының, мүшенің) оларға сәйкес
келмейтін, тіпті оларға қарсы бағытталған қылығы әрқашан басқаның немесе
басқалардың, сол арқылы, орнығып үлгерген болса, бүтіннің өзінің қарсы қарекетін
туындатады, және ол қарсы қарекет бүтіннің тіршілігі жеке кісінің мінез-құлқына
неғұрлым азырақ тәуелді болса, соғұрлым бет қаратпас болады. Мысалы, екі адамның
достығы, көбінесе некеде (ол, өз кезегінде, жақын-жұрағаттардың әлеуметтік ырқына
байланысты болғанымен) әрбір әріптестің мінез-құлқына тәуелді болады және солар оны
бұзуы мүмкін.
Керісінше, қоғамда жеке кісі, әдетте, ештеңе тындыра алмайды, тек бірнеше, көп
адамның, бұқараның мінез-құлқы ғана оның тіршілігін нығайтады немесе қауіп төндіреді:
бұл арада өзін көрсететін нәрсе - көпшілік пен азшылықтың арасындағы қарама-
қарсылық, көпшіліктің өмір сүріп отырған бүтінді сақтағысы немесе өзгерткісі келе ме,
және де өзінің ырқын азшылыққа бүтіннің ырқы ретінде таңу үшін көпшілік жеткілікті
күшті ме дегендегі айырмашылық. Индивидтің немесе адамдардың бөлігінің
(азшылықтың) әлеуметтік ырыққа қарсы бағытталған мінез-құлқы оған тиісінше үн қату
үшін жеткілікті белгілі бір көпшіліктің наразылығын тудыратынын түсіну қажет болатын
ахуал әдеттегі нәрсе; мұндай ахуалда көпшілік, тіпті оған азшылықтың айтарлықтай ырқы
қарсы тұрса да, объективті түрде жиынтық ырықты көрсететін болады. Бірақ әлеуметтану
тұрғысынан бір принципті белгілеп, күлбілтелемей анықтап алу маңыздырақ, ол
принципке сәйкес көпшіліктің немесе ерекше (басым) көпшіліктің ырқы бүкіл "кеңестің"
немесе бүкіл корпорацияның ырқы деп саналып, шешім қабылданғаннан кейін қарама-
қайшылық, бері салғанда, алғашқы кезде және уақытша алып тасталатындай етілуге тиіс.
III
1. Әлеуметтік мәністер
Ерекше ғылым ретінде әлеуметтанудың өзінің ерекше тақырыбы бар: олар әлеуметтік
өмірден, тек қана әлеуметтік өмірден туындайтын "заттар". Олар - адами ойланудың
жемісі және тек адами ойлану үшін болады, бірақ бірінші кезекте олар өздеріне үстемдік
ететін бірдеңе ретінде ойлайтын және сайып келгенде, оларға ырыққа ие болған және
қарекет жасауға қабілетті, тұлға болып көрінетін ортақ нәрсеге есімін берген әлеуметтік
байланысты адамдардың өзінің ойлануы үшін тіршілік етеді.
Осынау әлеуметтік заттардың немесе тұлғалардың тіршілік ету тәсілі өзара байланысты
адамдар оларға табыну үшін - мейлі ол жануарлар бейнесінде, адам бейнесінде немесе
жануарлар мен адам белгілерін ұштастыратын бейнеде болсын, - елестететін, ойлап
табатын және туындайтын құдайлардың тіршілік ету тәсілінен айнымайды. Бірақ анық
айырмашылық та бар: адамдар табынатын құдайлар, адамдар оған сенуді қойғанда немесе
құдайдың нақты бар екендігіне сенбейтін болғанда, олар үшін жоқ болып шығады...
Керісінше, біз әлеуметтік "мәністер" деп атаған нәрсе, ондай сенімге немесе қиялға