Page 78 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
78
жалғандағы діндар өмірінің сөзсіз салдары
naturali ratione
(лат. - табиғи себептер
пәрменімен) ретінде томистік рухта қарастырған болатын. Осынау көзқарастар, Шпенер
мен неміс пиетистерінің бірқатар пікірлері тәрізді, кәсіптік бейімнің кальвинистік
теориясын әлсірету болғанына қарамастан, бірқатар сәттердің пәрменімен баптистік
секталардың экономикалық кәсіптік мүдделердің қарқындылығы күшейе түсті - бұл
ішінара әу баста дүниеден баз кешуге байланысты діни парыз ретінде қабылданған
мемлекеттік мансаптарға ие болудан бас тартуға байланысты еді. Қару ұстауға және ант
қабылдауға қатаң тиым салынуы (бұл көптеген мемлекеттік мансаптарға не болудың
мүмкін еместігіне жетелейтін) салдарынан бұл бас тарту, тіпті ол өзінің принципті
маңызынан айрылғаннан кейін де, бері салғанда меннониттер мен квакерлерде
практикалық пәрменділігін сақтап қалды. Оған барлық баптистік деноминациялардың
аристократиялық өмір салтына байланысты нәрсенің бәріне терең, еңсерілмес
антипатиясы қабаттаса жүрді; бүл ішінара баптизмнің (кальвинизмнің де) қолдан
жасалғанды дәріптеуге тиым салуымен түсіндірілетін, ішінара жоғарыда айтылған
бейсаяси немесе тіпті саясатқа қарсы принциптердің салдары болды. Осы арқылы
баптистердің салиқалы, ұждан үнімен бақыланып отыратын өмірлік құлқының рет-
ретімен жүргізілетіні түгелімен саясатпен байланысы жоқ кәсіптік арнаға бағытталып
отырды. Бұл орайда жанның құтқарылуы туралы баптистік ілім өз қарекеттерін ұжданның
бақылауына (индивидтің Құдайдан аян естуі актысы ретінде қабылданатын) беретін
орасан зор маңыз, баптистердің іскерлік практикасында терең із қалдырып отыратын;
капиталистік рухтың маңызды қырларын дамытудағы оның рөлімен біз алдағы
баяндауымыздың барысында жақынырақ танысамыз, және соның өзінде протестанттық
тақуалықтың саяси және әлеуметтік этика саласын қозғамайтын осынау жұмыс
шеңберінде қаншалық мүмкін болатын дәрежеде ғана танысамыз. Сонда біз (аздап
ілгерілеңкіреп отырмыз) баптистерде, соның ішінде квакерлерде дүниауи тақуалық
қабылдайтын өзіндік пошым, XVII ғасыр адамдарының пікірі бойынша да капиталистік
"этиканың" маңызды принципінің практикалық орнығуында бейнеленгенін көреміз, ол
принцип бойынша "
honesty is the best policy"
(ағылш. - адалдық - ең жақсы саясат), бұл
принцип жоғарыда біз келтірген Франклиннің трактатында классикалық тұжырымға ие
болады. Ал кальвинизмнің ықпалына келер болсақ, біздің топшылауымыз бойынша, ол
негізінен кәсіпорын ішінде жеке шаруашылық жігерге еркіндік беруден көрінеді, өйткені
"әулиелердің" практикалық қызметінің пошымдық заңдылығына қарамастан, ол
кальвинистерде де жиі күмән туғызып отырды, мұны Гёте төмендегі сөздермен білдірді:
"Қарекет жасаушы әрқашан арсыз, ар тек сырт бақылаушыда ғана болады".
Баптистік деноминациялардың дүниауи тақуалығының қарқыны артуына жәрдемдескен
екінші елеулі сәт те толық көлемінде тек өзге бір байланыста сипаттала алады. Алайда бұл
пункт бойынша да біз таңдап алған ой барысын түсіндіру үшін бірнеше ескертпе жасай
кеткен орынды. Осыған дейін мүлдем саналы түрде біз ескі протестанттық шіркеулердің
объективті орын алып отырған әлеуметтік институттары мен олардың этикалық
ықпалынан бастаған жоқпыз, және де, атап айтқанда шіркеу тәртібі тәрізді соншалық
маңызды факторды қарастыру өрісінен тыс қалдырдық; біз өзіміздің назарымызды әдейі
діндар адам субъективті қабылдаған тақуалық діншілдіктің оның өмір салтына жасай
алатын ықпалына шоғырландырдық. Және бүл проблеманың осы жағы бүгінге дейін аз
зерттелгендіктен ғана емес, шіркеу тәртібінің ықпалы үнемі тіпті де бір бағытта
жүрмегендігі себепті де солай еттік. Кальвинистік мемлекеттік шіркеулер үстемдігі
өрісінде жүзеге асырылған түріндегі діндарлар өміріне шіркеулік-полицейлік бақылау,
инквизиция әдістерінен көп өзгешелене қоймай, құтқарылу құралдарын талдап жасауға
тақуалық ұмтылыстан өрбіген индивидуалдық күштер бостандығының өзіне бірқатар
жағдайларда қарсы қимыл жасай алатын еді (белгілі бір жағдайларда шынында да солай
жасады). Мемлекет тарапынан меркантилистік регламенттеу өнеркәсіптің жекелеген