Қазақстанның ашық кітапханасы
77
кем сезінген жоқ. Екінші жағынан, егер біз оны күтетін болсақ және өзімізді іштей соның
билігіне тапсырсақ, рух жасайтын жаңғыру, ол Құдай тарапынан шығатындықтан,
күнәдан толық арылу ахуалына жеткізе алатыны соншалық, бұрынғы ахуалға оралу
немесе тіпті таупихтан айрылу ахуалы іс жүзінде мүмкін болмай қалады, дегенмен, кейін
методистер кесіп айтқанындай, мұндай ахуалға жету ереже деп саналмады және жеке адам
мінсіздігінің дәрежесі қандай да бір даму үстінде қарастырылады. Барлық баптистік
бірлестіктер, өз мүшелерінің жүгінісі мінсіз болуға тиістілігі мағынасында, "таза"
қауымдар болғысы келді. Дүниеден іштей оқшаулану, бізге ұжданымыз арқылы тіл
қататын Құдайға сөзсіз мойынсұну шынайы жаңғырудың бірден-бір қатесіз нышаны, ал
соған сәйкес құлық - құтқарылудың қажетті алғышарты болды. Оған еңбек сіңіріп жете
алмайсың, ол - Құдай таупиғының сыйы. Алайда, өзін жаңғырған адаммын деп
ұжданының ішкі үнін басшылыққа алған адам ғана санай алатын. Бұл мағынада "жақсы
істер" (лат. -
causa sine qua non
) міндетті шарт болды. Біз осы жерде келтіріп отырған
Барклейдің осынау ой сарыны реформаттық ілімнен іс жүзінде ештеңесімен
өзгешеленбейтіні айдан анық; бұл идеялардың Англия мен Нидерландияда баптистік
секталар бастан кешкен кальвинистік тақуалық ықпалымен өрбігенінде ешқандай күмән
жоқ; Фокстың миссионерлік қызметінің бүкіл бірінші кезеңі кальвинистік тақуалықтың
негізгі қағидаларын барынша байыпты қабылдау қажеттігін уағыздауға арналған болатын.
Жазмыш туралы ілім өзінің бұрынғы маңызынан айрылғандықтан баптистік инсанияттың
өзіндік методистік сипатының психологиялық негізі ең алдымен қасиетті рухтың ықпалын
"күту" болды - бұл квакерлік "
meeting
'кe" бүгіндері де өз таңбасын басып отырған идея,
оның мәнісін Барклей төмендегідей тамаша анықтап берді: бұл үнсіз күтудің мақсаты -
"жаратылыстық" адамның бойындағы бүкіл инстинкттік, иррационалды атаулыны, нәпсі
мен субъективтілік атаулыны еңсеру. Ол Құдай үнін қалт жібермеудің қажетті шарты
болып табылатын терең тыныштық орнауы үшін жақ ашпауға тиіс. Рас, мұндай "күту"
истериялық ахуалға, сәуегейлікке және эсхатологиялық үміт әлі үзілмеген жағдайда,
хилиастикалық энтузиазмнің қопарылысына жетелей алуы мүмкін, мұның өзі осы тәрізді
діни ілімдер ауқымында әбден мүмкін нәрсе және Мюнстерде жойып жіберілген
анабаптистер қауымдарына шынында да тән болды. Алайда баптизмнің дүниауи кәсіптік
өмір өрісіне сіңісу шамасына қарай Құдай үні мақұлық үндемейтін жерде ғана естіледі
деген идея адам бойында өзінің қылықтарын сабырмен салмақтау және оларды өзінің
ұжданына ұдайы жүгіну арқылы талдап отыру қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесті. Осынау
сабырлылық, салауаттылық және ерекше ұяттылық бертінгі баптистер қауымдарының,
әсіресе квакерлердің өмірлік практикасын іс жүзінде сипаттайды. Дүниені сиқырдан
мықтап арылту дүниауи тақуалықтан өзге жол да қалдырмайтын. Саяси өкіметпен қандай
да бір қатынасқа түскісі келмеген қауымдар үшін формалдық жағынан бір ғана мүмкіндік
- аталған тақуалық жақсылықтарды кәсіптік қызмет арнасына бүру мүмкіндігі ғана қалған
еді. Егер анабаптистер қауымдарының негізін қалаушылар дүниені қабылдамауға дәйекті
де түбегейлі бекем болса, анабаптистердің бірінші ұрпағы үшін-ақ қатаң апостолдық өмір
жаңғырудың барлық шарттары үшін міндетті болған жоқ. Сол ұрпақтың өзінде-ақ
бірқатар дәулетті бюргерлер анабаптистер қатарына жататын, және дүниауи кәсіптік
жақсылықтар мен жеке меншікті толық мойындаған Менноға дейін-ақ анабаптистік
инсанияттың аяусыз қатаңдығы іс жүзінде реформаттық этика салған жолға түсті, өйткені
дүниеден тыс тақуалықтың монахтық пошымдарын дамыту Лютер (анабаптистер бұл
мәселеде соның жолымен жүрді) заманынан бері Інжілге кереғар нәрсе деп саналды және
синергизм деп жарияланды. Рас, (ерте кезеңдегі жартылай коммунистік қауымдарды
былай қойғанның өзінде) мынаны көрсету керек: тіршілік үшін қажет мөлшерден артық
білім мен кез-келген мүліктен бас тарту бүгінгі күндерге дейін "тункерлер" (
dompelaers,
dunckgards
) деп аталатын баптистік сектаның бағдарламасына кіріп қана қоймайды,
Барклей де адамның өз бейіміне адалдығын кальвинистік те, лютерандық та емес,