Page 76 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
76
арқылы, яғни Құдай рухының және тек қана соның ықпалы арқылы жетуге болады. Әркім
де ақтала алады: бұл үшін дүниауи өмірге күнәһар жақындықпен киелі рухтың
жақындауына кедергі жасамай, оған дайын болу жеткілікті. Шіркеулік ілімді білу немесе
тәубаға келу арқылы құтқарылуға даяр болу ретіндегі иманның маңызы осылайша екінші
қатарға ығыстырылды, оны ерте христиандықтықтың Құдай рухынан нәр алған
діншілдігінің өзіндік бір жаңғыруы, сөзсіз зор өзгертушілік ықпал еткен жаңғыру
ығыстырды. Мәселен, Менно Симонс өзінің "
Fondamentboek
" (1539) атты еңбегінде
тұңғыш рет анықталған ілім секілді бірдеңені жасаған секта қайта шоқынудан өрбіген өзге
секталар секілді ақиқат және кіршіксіз Христос шіркеуі болуға ұмтылды, өйткені ол
бірінші христиандар қауымы тәрізді тек қана Құдай санасын оятып, соңына ілестірген
адамдардан құралған болатын. Қайта туғандар, тек қана солар - Христтің бауырлары,
өйткені оларды сол секілді, рухани жағынан тікелей Құдайдың өзі жаратқан. Осыдан келіп
алғашқы анабаптистік қауымдар үшін "дүниеден" оқшаулану, яғни абсолютті қажеттілік
шеңберінен тыс жерде пенделермен қандай да болсын қатынастан бас тарту, өз өмірін
христиандардың алғашқы ұрпағы үлгісі бойынша құру жолында Інжілді қатаң ұстану
өрбіді. Алғашқы қауымдар ілімінің рухы тірі тұрғанда дүниеден аулақтау талабы өз күшін
жойған жоқ. Баптистік секталары оз тарихының таңғы алакеуімінде үстемдік еткен осынау
идеялардан бізге кальвинизмге жасалған талдаудан біршама өзгеше негізделуімен мәлім
принципті қабылдады, оның іргелі мәні одан әрі баяндау барысында айдан анық болады.
Әңгіме "қолдан жасалғанды құдай дағуасына көтеруден" үзілді-кесілді бас тарту туралы
болып отыр, өйткені ол объектісі тек Құдай ғана бола алатын сыйынуды
құнсыздандырады. Швейцариялық және жоғары неміс анабаптистерінің алғашқы
ұрпақтары өздерінің өмірін толығымен Інжіл талаптарына бағындырып, оны олар бір
кездегі әулие Франциск тәрізді радикалды тәпсірледі; олардың түсінігінде әңгіме бүкіл
жалған қызығын тәрк ету, апостолдар үлгісінде өмір сүру туралы еді. Расында да алғашқы
ұрпақтарға жататын көптеген анабаптистердің өмірі бізді әулие Эгидий заманына
оралтады. Алайда, бұл діншілдіктің құдай рухты сипатына байланысты Інжілді осынау
бұлжытпай ұстану жеткілікті дәйекті бола алмайтын еді. Құдай пайғамбарлар мен
апостолдарға аян еткен нәрселер ол жалпы аян ете алатын және аян еткісі келген
нәрселердің тіпті де бәрін құрамайтын. Керісінше, Лютерге қарсы үн көтеріп
Швенкфельд, кейінірек пресвитернандарға қарсы үн көтеріп Фокс үйреткендей, алғашқы
христиан қауымдарының куәлік етуі бойынша, ақиқат шіркеудің бірден-бір нышаны
сөздің жазбаша айғақ ретіндегі жалғасып жатқан ықпалы емес, діндарлардың күнделікті
өмірінде тұрақты ықпал ететін қасиетті рух күші болатын, ол оны естуге әзір әркімге
тікелей тіл қатып отырады. Осы үнемі жалғасып отыратын аян идеясынан квакерлер
дәйекті талдап әзірлеген ішкі үннің, қасиетті рухтың парасатпен және ұжданмен
танылатын қасиетті рухтың тікелей айғағының шешуші маңызы туралы белгілі ілім
шықты. Осылайша Інжілдің мәні демесек те, шексіз үстемдігі жойылды және сонымен бір
мезгілде өзінің барысында жанның құтқарылуы туралы шіркеу ілімі толық жойылған,
сайып келгенде квакерлерде шоқындыру мен бағыштау да жойылған дамуды бастап берді.
Баптистік деноминациялар да, жазмыш туралы ілімді жақтаушылар секілді, ең алдымен
қатал кальвинистер құтқарылу құралы ретінде барлық құпиялардың құнын жойып, сол
арқылы бүкіл салдарымен әлемді сиқырдан азат ету ісін тәмамдады. Жалғасып жатқан
аянның "ішкі сәулесі" ғана Інжілде берілген құдіретті аянды шынайы түсінуге жетелейді.
Екінші жағынан, бері салғанда осы идеяны логикалық ақырына дейін жеткізген
квакерлердің іліміне сәйкес, ішкі сәуленің ықпалы осыған дейін Інжілде берілген құдіретті
аяннан мүлдем бейхабар адамдарға да жасала алады. Бүл ілім "
extra ecclesiam nulla salus
"
(лат. - "шіркеуден тыс құтқарылу жоқ") сөздерін құдайдың таупиғына бөленген
адамдардың ғайып шіркеуіне жатқызады. Табиғи адам, ол тіпті жаратылыстық парасатты
басшылыққа алған күнде де, ішкі сәулесіз тек мақұлық болып қала береді, және оның
Құдайдан шет екендігін барлық тұрпаттағы баптистер де, квакерлер де кальвинистерден