Қазақстанның ашық кітапханасы
75
life
'кe" (ағылш. - жоғары ғұмыр), "екінші батаға" ұмтылыс жазмыш туралы доктринаның
әлдене суррогаты рөлін атқарды, ал оның ағылшын топырағында өсіп-өнген практикалық
этикасы басы бүтін жергілікті реформаторлық христиандықтың практикалық этикасына
бағдар ұстады, методизм, шындап келгенде, соның қайта өрлеуі болуға ұмтылған.
Жаратқанға жалбарынудың эмоциялық актысы біртіндеп дайындалып жатты. Алайда, қол
жеткен күнде де, ол Құдаймен қауышудың Цинцендорфтың эмоциялық пиетизмі
рухындағы ізгілікті ләззат түрінде елестетілген жоқ; оянған сезім мінсіздікке ұтымды
ұмтылыс арнасына бағытталды. Сондықтан методистік пәктік эмоциялық сипаты неміс
пиетизмі тұрпатындағы іштей христиандық діншілдікке жеткізбейтін. Мұның (ішінара
жалбарынудың нақ эмоциялық сипатының салдарынан) күнәні тым өткір сезінбеумен
түсіндірілетінін Шнеккенбургер-ақ көрсетіп берген болатын; методизмге одан кейінгі
сында бұл идея үнемі ұшырасып отырады. Реформаторлық діни ілімнің негізгі белгілері
шешуші белгілер ретінде қала берді. Методизмде эмоциялық толқыныс тек кейбір
жағдайларда ғана нағыз экстаз түрінде көрінді...; айтпақшы, бұл экстаз өмірлік құлықты
ұтымды етуге ешқандай бөгет бола қоймайтын. Осылайша, методизмнің "
regeneration'
ы"
таза синергизмге қосымша ғана жасады: атап айтқанда тақуалық өмірлік құлықты діни
жағынан негіздеп, ол өзінің маңызын жоғалтқан жазмыш туралы ілімді алмастырды.
Жалбарынудың шынайылығын тексеру үшін қажет оның нышандары Уэсли айтқандай,
оның "шарттары", шындап келгенде кальвинистік шарттардан ештеңесімен
өзгешеленбейтін. Кәсіптік бейім идеясын одан әрі зерттеу барысында біз методизмді
назардан тыс қалдыра аламыз, өйткені кейін пайда болған бұл ілім, шындап келгенде,
жаңа ештеңе енгізген жоқ.
Еуропа континентінің пиетизмі және ағылшын-саксон халықтарының методизмі идеялық
мазмұны жағынан да, тарихи дамуы жағынан да қайталама туындылар. Оларға қарағанда
протестанттық тақуалықтың екінші (кальвинизммен қатар) соны бағыты деп қайта
шоқынуды және XVI-XVII ғасырларда содан шыққан (тікелей немесе соның діни ойлау
пошымын қабылдау арқылы) секталарды - баптистер, меннониттер, ең бастысы квакерлер
секталарын санауға болады. Бұл секталар бізге этикасы реформаттық ілімнен принципінде
өзге негізге құрылған діни қауымдар түрінде көрінеді. Біздің зерттеуіміз үшін маңызды
белгілер ғана қарастырылатын будан кейінгі жазбалар осынау күрделі де сан алуан түрдегі
құбылысты әсте де толық сипаттауды мақсат етпейді. Бізді бұл жағдайда да
қызықтыратын негізгі нәрсе, әрине, осы аталған секталардың капитализм ерте дами
бастаған елдердегі эволюциясы. Біз жоғарыда оның бастапқы өскіндерінде осынау барлық
деноминациялар үшін аса маңызды идеяны тарихи тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да
қозғадық, ол идеяның мәдениетті дамытудағы бүкіл маңызы тек басқа бір нәрсеге
байланысты көріне алады. Біз
"believers сһиrсһ
'ті" (ағылш. - "діндарлар шіркеуі") меңзеп
отырмыз. Осынау атаудың өзі діни қауым, реформаланған ілімдердің термині бойынша
"көзге көрінетін шіркеу" енді о дүние істері жөніндегі өзіндік бір фидеикомисс (дін істері
жөніндегі комиссия - Ауд.), өзінің табиғаты жағынан Құдайдың мәңгілік даңқы үшін
болсын (кальвинизмдегідей) немесе адамдарға құтқарылу құралдарын берудегі делдал
ретінде болсын (католиктік пен лютерандықтағыдай) пәктерді де, күнәһарларды да
қамтуға тиіс мекеме ретінде емес, тек қана діндарлар мен жаңғырғандардың, тек қана
солардың қоғамдастығын нобайлайды. Басқаша айтқанда біздің алдымызда "шіркеу" емес,
"секта" тұр. Өздігінен алғанда таза сырттай талап болып көрінетін нәрсені - дінді іштей
саналы түрде қабылдап, соны ұстанатын ересектерді ғана шоқындыру талабын нақ осы
бейнелеуге тиіс болатын. Қайта шоқынғандардың барлық діни әңгімелерінде ұдайы атап
көрсетіліп отырғанындай, бұл дін көмегімен ақталу Ескі протестантизмнің ортодокстық
догматикасында үстемдік еткен Христ еңбегін "сырттай" түсіну идеясынан күрт
өзгешеленетін. Қайта шоқынғандар үшін дін арқылы ақталу дегеніңіз Христтің ақтайтын
құрбандығын іштей қабылдаудан құралатын. Және ол ақталуға тек жеке қабылданған аян