Қазақстанның ашық кітапханасы
74
сенімі саналды, және де бұл сенімнің пайда болуы әдетте, белгілі бір күнмен, тіпті
сағатпен байланыстырылды. Осылайша жаңғырған жан Уэслидің ілімі бойынша (бұл ілім
бата алу доктринасын дәйекті талдап әзірлеуден, сонымен бірге оның ортодокстық
тәпсірленуін үзілді-кесілді қабылдамаудан тұрады) өзіне Құдайдың таупиғы бұйыруының
пәрменімен мынау пәнилік өмірде де өзінің мінсіздігін, яғни пәктігін түйсіне алады; бұл
"бата алуды" кенеттен іштей түйсінудің, әдетте, біріншісінен оқшау туындайтын, екінші
актысының көмегімен болады. Аталмыш мақсатқа жету қаншалықты қиын болса да -
әдетте бұған ғұмырдың соңына қарай қол жетеді, - соған ұмтылу қажет, өйткені ол
certutido salutis
кепіл және кальвинистердің "күңкілді" беймазалығының орнына
қуанышты кәміл сенім береді: Құдайға шын берілген адам күнә, бері салғанда "енді өзінің
еңсесін баспайтындығын" өзіне де, өзгеге де көрсетуге тиіс. Сондықтан, сезімдік айғақтың
шешуші маңызына қарамастан, методизмде Заңға бағдарланған бейкүнә өмір сүру талабы
сақталады. Уэсли өзінің тұсында кеңінен таралған жақсы істермен пәктікке жетуге болады
деген сенімге қарсы күресу арқылы бар болғаны көне пуритандық идеяны жаңғыртты, бұл
идеяға сәйкес жақсылық істеу қалаулы болудың нақты себебі емес, соны көре білудің
тәсілі ғана, оның өзінде ол істер Құдайдың даңқы жолына жасалған кезде ғана. Алайда
құтқарылуға кәміл сенім үшін жалғыз тақуалық қулық жеткіліксіз, - мұны Уэсли өзінің
тәжірибесінен білетін - оған өзіңнің қалаулы екеніңді түйсіну қосылуға тиіс. Уэслидің өзі
кейде жақсы істерге таупихтық "шарты" деген анықтама береді, және 1771 жылғы 9-
тамыздағы декларациясында жақсы іс жасамайтын адам шын діндар емес деп бөліп
көрсетті; жалпы алғанда методистер өздерінің ресми шіркеуден айырмасы ілімінде емес,
өзінің пәктік сипатында екендігін ұдайы көрсетіп отыратын. Олар сенім "жемісінің"
маңызын көбінесе Иоан Інжілі (3, 9) бойынша анықтайды, ал тақуалық құлықты
жаңғырудың айқын нышаны деп қарастырады. Осының бәріне қарамастан методистер
алдынан қиындықтар туды. Жазмыш туралы ілімді жақтайтын методистер үшін
certitudo
salutis
'тың енді тақуалық құлықпен ұдайы қуатталып отыратын қалаулылық ретінде
түсінілмей, тікелей таупих ретінде туйсінілуі, және ол сыйлаған мінсіздіктің бұл орайда
"рrе-severantia'ra" (лат. - таупих ахуалының тұрақтылығы) кәміл сенім бір жолғы тәубаға
келумен байланыстырылады] екі салдары болуы мүмкін еді: әлсіз жандар "христиан
бостандығын" антиномизм (жазылған діни және инсанияттық заңдарды терістеу)
тұрғысында тәпсірлеуге, және, демек, өмірдің методистік құрылысынан бас тартуға
барады; ал идеяларды дәйекті дамыту мұндай байламға жетелемеген жағдайларда нәтиже
әулиелердің шектен тыс даңғойлығы, яғни, пуритандық тұрпаттың эмоциялық жағынан
күшейтілген нұсқасы болып шығатын. Өз қарсыластарының ықтимал айбарағының алдын
алып, методистер бұл салдарларды Інжілдің нормативтік маңызын күшейту және өзінің
қалаулылығын міндетті түрде сынақтан өткізу арқылы болдырмауға тырысты; сонымен
бірге аталған құбылыстар үстем шығып, методистер ортасында Уэслидің таупихтан
айрылып қалу мүмкіндігі туралы антикальвинистік ілімінің орнығуына жетелеуі мүмкін
еді. Гернгутерлердің бауырлар қауымы арқылы лютерандықтың Уэслиге жасаған күшті
ықпалы бүл тенденцияларды күшейтіп, методистік инсаниятың діни бағдарының
тұрақсыздығын ұлғайта түсетін. Ақтық нәтижеде, сайып келгенде, қажетті іргетас ретінде
"
regeneration
" ұғымы ғана, яғни иманның жемісі ретінде пайда болатын құтқарылуға
интуициялық кәміл сенім және қалаулылықтың дәлелі қызметін атқаратын оның күнәдан
пәктігіне бата берілу ұғымы (тіпті болмағанда ықтимал нәрсе) сақталып қалды; тиісінше,
әрине, құтқарылудың сыртқы құралдарының, әсіресе құпиялардың маңызы кеми түсті.
Даусыз нәрсе, барлық жерде, соның ішінде Жаңа Англияда да методизммен қосақтала
жүрген "
generala wakening
" (агылш. — "баршаның оянуы") қалаулылардың құтқарылуы
туралы ілімнің орнығуына жетеледі.
Бізді қызықтыратын көзқарас тұрғысынан алғанда методизм өзінің этикалық негізделуі
жағынан пиетизм тәрізді тиянақсыз ілім болып шығады. Алайда методизмде де "
hig- her