Page 73 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
73
қуанышын мына дүниеде (пәниде) сезіну қажеттігіне тап боламыз. Алайда егер экономика
саласында бүгінгі күні ләззат алуға бейімділік болашағыңның қамын жеуді талап ететін
"шаруаңды" ұғымды ұйымдастыруға кедергі жасаса, белгілі дәрежеде бұл дін саласына да
қатысты. Реформаттық "әулиелердің" тек о дүниеде сайран салуға бағдарланған өз
қалаулылығын сақтап қалу ниетіне қарағанда, бүгіндері ішкі аффектацияға діни
бағытталуда дүниауи қызметті ұтымды етуге импульс кемірек екендігі мүлдем анық; сөз
бен құпияларға дәстүрлі адалдығын сақтап қалған ортодокстық лютерандықпен
салыстырғанда, діннің практикалық өмірге әдістемелік жолмен енуіне жәрдемдесуге
көбірек бейімделген. Тұтас алғанда пиетизмнің Френке мен Шпенерден Цинцендорфқа
дейінгі дамуы эмоциялық белгілердің күшейе түсуі арқылы жүріп жатты. Алайда бұдан
оған іштей тән "даму тенденциясын" көруге болмайды. Бұл айырмашылықтар пиетизмнің
жетекші өкілдері шыққан діни (және әлеуметтік) ортаның қарама-қарсылығымен
түсіндіріледі. Бұл арада біз бұл мәселеге де, неміс пиетизмінің өзіндік болмысы ол қандай
әлеуметтік қабаттарда және қандай аймақтарда бәрінен көп таралғанына қай шамада
байланысты екендігіне де соқпаймыз. Осыған байланысты пиетизм де оның өкілдерін
пуритан әулиелерден өзгешелейтін эмоциялықтың әрқилы реңктері тек шамалы ғана
аңғарылатын біртіндеп көшу тұстарында ғана көрінеді. Егер осынау әрқилы ілімдердің іс
жүзіндегі салдарларына күн ілгері әлдене сипаттама бермек болсақ, онда пиетизм мәпелеп
өсіретін жақсылықтарды біз бір жағынан, "өз бейіміне берік" шенеуніктерден,
қызметкерлерден, жұмысшылар мен қолөнершілерден, екінші жағынан - өздерінің
Құдайға жағыну ниетінде өз бағыныштыларының мұқтажына да көңіл аударатын
патриархтық көңіл күйіндегі қожайындардан (Цинцендорф тәрізді) табатын нәрсеге
көбірек ұқсатуға болар еді. Олардан өзгеше кальвинистер өздерінің мінез-құлқы жағынан,
қатаң, ресми және белсенді буржуазиялық - капиталистік кәсіпкерге жуық. Ақыр соңында,
Ричль көрсетіп кеткеніндей, таза эмоциялық пиетизм "
leisure classes
" (ағылш. - қолы бос)
таптар үшін діни сипаттағы сауық қана. Бұл тектес сипаттама еш шамада толық деп
санала алмайтындығына қарамастан, бұрын осы тақуалық ағымдардың бірінің ықпалында
болған халықтардың белгілі өзіндік ерекшеліктері (соның ішінде экономикада да) қазір де
сәйкес келеді.
Эмоциялық және сонымен бірге қайткенде де тақуалық діншілдіктің кальвинистік
тақуалықтың догматтық негіздеріне өсе түскен немқұрайдылықпен (немесе тіптен одан
бас тартумен) ұштасуы континенттік пиетизмнің ағылшын-американдық бір түріне -
методизмге (әдістемелікке) де тән. Оның атауының өзі замандастардың көзінде оның
жақтастарын ненің сипаттайтынын атап айтқанда:
sertitudo salutis
'кe ие болу мақсатымен,
"әдістемелік" жолмен жүйелендірілген өмірлік құлық сипатын көрсетеді, өйткені әңгіме
үнемі сол туралы өрбіп жатады; құтқарылуға кәміл сенім бұрынғысынша діндарлардың
діни ұмтылыстарының темірқазығы болып қала берді. барлық өзгешеліктеріне
қарамастан, бұл қозғалыстың неміс пиетизмінің бірқатар бағыттарымен күмәнсіз
туыстығы ең алдымен осынау әдістемелік таза эмоциялық "жүгіну" актысына дайындалу
өрісіне де көшірілгенінен көрінеді. Және де гернгутерлік және лютерандық ілімдер
ықпалымен Джон Уэсли ілімінде қалыптасқан эмоциялық методизмде (әсіресе оның
американдық нұсқасында) мейілінше айқын көрінетін сипатқа ие болды, өйткені методизм
әу бастан бұқара арасындағы миссионерлік қызметке арналған болатын. Америкада
негізінен "үрей" топырағында туындайтын, кей-кейде ғаламат экстазға айналып кететін
опыну Құдайдың негізсіз рахымына бөленуге, және сонымен бірге ақталып, Құдаймен
татуласуға сенімге жетелейтін. Осынау эмоциялық діншілдік елеулі ішкі қиындықтарды
еңсеріп, пуританизм біржола ұтымды тұжырымды берген тақуалық этикамен өзіндік бір
өзара қатынасқа енетін. Бұл арада сезімнің кез-келген көрінісін алдау деп білетін
кальвинизмнен өзгеше,
certitudo salutis'
тің бірден-бір даусыз негізі тікелей рухани
қабылдаудан өрбитін сезімде ғана принципті түрде болатын қалаулының абсолютті кәміл