Page 72 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
72
оның ақиқаттығының кепілі деген Цинцендорфқа тән идеяға, немесе, мысалы,
Цинцендорфтың Құдайдың әмірі жеребеден көрінуі мүмкін екендігіне сенімі ұтымды
өмірлік құлыққа кереғарлығы соншалық, тұтас алғанда, оның ықпалы жүрген шамада,
пиетизмнің басқа ілімдеріне қарағанда гернгутерлердің таупихтылығында әлдеқайда көп
дәрежеде ұтымдылыққа қарсы, эмоциялық реңктегі элементтер басым болды.
Шпангенберг өзінің "
idea fidei frarum
'ында" бар деп білетін инсаният пен күнәнің
кешірілуі арасындағы байланыс, басқа лютеран ойшылдарындағыдай, тым солқылдақ.
Цинцендорфтың әдістемелік принциптен - жетіле түсуге ұмтылудан - бас тартуы бұл
арада, барлық басқа жерлердегідей, оның таза эвдомонистік идеалынан туындайды: ол
идеал - адамдардың рахатты (оның анықтамасы бойынша "
Gliickseligkeit
") бұл жалғанның
өзінде сезінуіне көмектесу, сол рахатты болашақтан күту орнына, өзін-өзі ұтымды
қадағалау арқылы ол о дүниеде сыйланатындығына кәміл сенімділікке ұмтылу. Екінші
жағынан, алайда, бүл арада да бауырлар қауымының шешуші маңызы оның мүшелерінің
белсенді өмірінде, олардың христиандық миссиясын қалтқысыз орындауында және
осылардың екеуімен де байланысты кәсіптік қызметте деген идея сақталып қала берді.
Өмірді, пайдалылығы тұрғысынан келіп, іс жүзінде ұтымды ету Цинцендорф
дүниетанымының да елеулі құрамдас бөлігі болғанын көрсете кету керек. Іс жүзінде
ұтымды етуге бейімділік оның бойында пиетизмнің өзге де өкілдеріндегідей, бір жағынан,
иман үшін қауіпті философиялық толғамдарды үзілді-кесілді жаратпаудың және нақты
эмпиристік білімге бүйрегі бұрудан, екінші жағынан - кәсіби миссионердің практикалық
тәжірибесі арқылы пайда болды. Миссионерлік орталық ретінде бауырлар қауымы бір
мезгілде өз мүшелерін дүниауи тақуалық жолына бағыттап отыратын іскерлік кәсіпорын
да болды, дүниауи тақуалық барлық жерде ең алдымен практикалық "міндеттер" іздеп,
соған қарай діндарлардың өмірін салауатты, жоспарлы құрады. Рас, өмірді іс жүзінде
ұтымды етуге бұл арада да өмірлік мұрат ретінде қабылданған апостолдық миссиясы және
содан шығарылып апостолдық кедейлік харизмасын мадақтау Құдайдың қалаулылары,
таупихтылыққа не болған "шәкірттер" соған ұмтылуға тиіс, - мұның бәрі сайып келгенде
белгілі "
consilia evangelica
'ның" жаңғыруына жетелейді. Осының салдарынан, баптистік
ілімнің қайта құрылуы көрсететініндей, жұмыс туралы тек қана "өзінің бейімін жүзеге
асыруға" бағытталған қызмет деген түсінікті теріске шығармай, қайта іштей даярлай
бергенімен, кальвинистік үлгі бойынша ұтымды кәсіптік этика жасау ісі кешіктіріле берді.
Жалпы және тұтас алғанда біз мынаны қадап көрсетуге мәжбүрміз: неміс пиетизмін бұл
арада бізді қызықтыратын көзқарас тұрғысынан қарастыра келіп, біз пиетистік
тақуалықты діни тұрғыдан негіздеуде белгілі солқылдақтық пен дүдамалдықты
байқаймыз, бұлар ішінара лютерандықтың ықпалынан, ішінара пиетистік діншілдіктің
эмоциялық сипатынан - кальвинизмнің темірдей дәйектілігінен күрт өзгешеленетін
белгілерден туындады. Айтпақшы, бізге пиетизмнің осынау эмоциялық құрамдас бөлігін
оны лютерандықтан өзгешелеп тұратын ерекше белгісі деп санау мүлдем қате секілді
көрінеді. Әрине, өмірді ұтымды етудің қарқыны жағынан пиетизм кальвинизмге жол
беруге тиісті болатын, өйткені болашақ мәңгілік өмірдің кепілі болып табылатын өзінің
қалаулылығын ұдайы сезініп отыруға бағытталған ішкі импульс пиетизмде бүгінге
көшіріліп, белгілі бір эмоциялық көңіл күйін туғызады, Құдайдың қалаулысы тынымсыз
да ойдағыдай кәсіптік қызметпен жаңадан негізделуге ұдайы ұмтылып отыратын өзінің
құтқарылатындығына кәміл сенім мойынсұнумен және жабырқаумен алмасады, бұл
ішінара таза ішкі алаңдауға бағытталған эмоциялық ширығудың ішінара пиетистердің
бойында ауыр күмән туғызып келген, бірақ олар көп жағдайда төзіп келген лютерандық
сыр ашу институтын сақтаумен байланысты эмоциялық ширығудың салдары. Осының
бәрінен таза лютерандық принцип - құтқарылуды іс жүзінде "бата алудан" емес, "күнәнің
кешірілуінен" іздеу байқалады. Болашақ (бақидағы) рахат туралы деректі білімге
жоспарлы, ұтымды ұмтылыспен жету орнына, біз бұл арада Құдаймен татуласып, тілдесу