Қазақстанның ашық кітапханасы
71
басқалардың - тозаққа жазылғаны - Ауд.) суррогаты ретінде пиетизм өз қағидаларын
ұсынды, олар түптеп келгенде, кальвинистік ілім істегенге ұқсас, бірақ одан әлдеқайда
солғын түрде, Құдайдың айрықша рахымымен тандап алынғандар аристократиясын,
осыдан шығатын, біз жоғарыда суреттеген барлық психологиялық салдарларымен қоса
енгізді. Бұған, мысалы, әдетте пиетистерге таңылатын (нахақ) "терминизм", яғни барша
құтқарыла алады, бірақ әрбір адам - не өз ғұмырының анық белгілі бір сәтінде, не әйтеуір
бір кезде, қалай дегенде де, жалғыз рет қана құтқарыла алады деген тұжырым жатады. Сол
сәтті қармап қалмаған адамға барша үшін берілген құтқарылу мүмкіндігі көмектесе
алмайды: ол кальвинистік ілімдегі мақұрым қалғандарға ұқсайды. Өзінің ақтық
тұжырымдарында бұл теория Франкенің өзінің жеке басының тәжірибесінен шығарып
тұжырымдаған көзқарасына жуық, ол көзқарас кезінде пиетистер ортасында кеңінен
таралған, тіпті үстемдік еткен деуге болатын. Осынау көзқарасқа сәйкес, таупихқа ерекше,
қайталанбайтын жағдайда, нақтысын айтқанда, ұзақ "тәубаға келу күресінен" кейін ғана
"бұзып-жарып" жетуге болады. Пиетистердің өздерінің пікірі бойынша мұндай сынақ
әркімге бұйырмағандықтан, пиетистік нұсқауларға сәйкес тақуалық әдісті қолданғанына
қарамастан ол игілік қолына түспеген адам қайта туғандардың көз алдында өзіндік бір
бойкүйез христиан болып қала береді. Екінші жағынан, діндардың "тәубаға келу күресі"
ахуалына өтуіне көмектесетін әдістің жасалуы сайып келгенде Жаратқанның таупиғын да
ұтымды адами ниет объектісіне айналдырды. Қалаулылар аристократиясы туралы түсінік
күнәдан арылуға байланысты көптеген адамдар құптаған (дегенмен барша емес, мысалы,
Франке құптаған жоқ) күмән туғызады; бүл күмән әсіресе пиетист дінбасыларды қатты
алаңдатты, бұған олардың ұдайы Шпенерге жүгінуі айғақ; мұндай күмәндар күнәдан
арылудың лютерандықта да оз маңызын жоғалтуына жәрдемдесті: ендігі жерде күнәні
кешу міндетті түрде жалбарынудың нәтижесінде сыйланатын және әулиенің мінез-кұлқын
айқындаған Құдай таупиғының көзге көрінетін ықпалының болуына тәуелді етілді.
Сондықтан күнәні кешу үшін жалғыз
contritio
'мен (лат. - тәубә ету) қанағаттану мүмкін
болмады.
Цинцендорфтың ортодокстық ілім ықпалымен оқтын-оқтын өзгеріп отырған өзінің діни
сенімдері туралы айғақтары сайып келгенде "Құдайдың құралы" идеясына сайды. Рас,
басқа мәселелерде, - Ричльдің анықтамасы бойынша - осынау "діни дилетанттың" діни
көзқарастары біз үшін маңызды пункттерде бір ғана мағынада тұжырымдала қоймас.
Оның өзі "паулистік-лютерандық" бағыттың жақтасымын, Заңға негізделген "пиетистік-
якобистік сүрлеудің" қарсыласымын дегенді ұдайы айтып жүретін. Алайда, өзінің
лютерлік идеялар шеңберіне жақындығын ұдайы атап көрсетіп отырғандығына
қарамастан, Цинцендорф ұдайы қолдап, құптап отырған бауырлар қауымының
көзқарастары көп жағынан әулиелер аристократиясы туралы кальвинистік қағидаға
жақындайтын, бұл 1729 жылғы 12-тамыздағы нотариалдық актыда бейнеленеді. Талай рет
талқыланып, 1741 жылғы 12-қарашада қабылданған шешімнің нәтижесінде қауымның
басшысы Христос деп жариялануы дәл сол бағыттағы әлдене сыртқы көрініс болды.
Мүның үстіне бауырлар қауымының үш сүрлеуінің екеуінде - кальвинистік және
моравиялық і үрлеулерінде - кәсіптік бейімнің реформаттық этикасы әу бастан зор рол
атқарды. Джон Уэслимен әңгіме үстінде Цинсидорф қалаулылық әрқашан қалаулының
озіне болмаса да, өзгелерге танылады, олар мұны оның мінез-құлық өзгерісінен байқайды
деген, рухы жағынан әбден пуритандық пікірін білдіреді. Алайда, екінші жағынан, оз
ерекшелігі бар гернгутерлік пәктікте бірінші орынға эмоциялық сәт шығатын, сондықтан
да Цинцендорфтың озі ылғи да өзінің қауымында пуритандық түсініктегі тақуалық бата
беру тенденциясын әлсіретіп, синергизмді лютерлік идеялар рухында өзгертуге ұмтылып
отырды. Мұның үстіне, сырын ашудың сақталуынан қауымдардың маңызы төмендей түсу
шамасына қарай, құтқарылу құралы ретінде өзінің мәнісі жағынан лютерандық
құпияларға сенім орныға берді. Діни сезімнің бала бойындағы риясыздық секілді болуы