Page 70 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
70
шынайы тенденцияларына кереғар белгілі бір көңіл күй ауанына берілген эмоциялық
тәрбиенің объектісіне айналса, жазмыш идеясы фатализмге айналып кете алатын еді.
Және ақыр соңында, бүл жалғанда әулиелердің оқшаулануға ұмтылысы осынау күшті
эмоционалдық ширығу тұсында коммуниста мәзхабтағы өзіндік бір монахтық ұйым
құруға алып бара алатын, ол ұйым пиетизм аясында, тіпті реформаттық шіркеу
топырағында да үнемі пайда болып отырған монахтар ұйымдары тәрізді болар еді. Алайда
эмоциялық түйіндеуді белгілі бір дәрежеде сіңіруден туындаған осынау эффектке қол
жеткенше және реформаттық мәзхабтағы пиетистер де сенімділікті өздерінің дүниауи
кәсіптік қызметі шеңберінен іздеп жүргенде, пиетистік діни принциптердің практикалық
нәтижесі діндардың кәсіптік қызметіне бұрынғыдан да күштірек қатаң бақылау және
қатардағы христиан - реформаттардың қабілеті жететін шамамен салыстырғанда кәсіптік
этиканы әлдеқайда қатаң қадағалау болды, бұл этиканың таза дүниауи "алғаусыздығын"
"шалықтаған" пиетистер екінші сортты христиандық деп бағалады. Әулиелердің діни
аристократиясын жасау (бұл аристократия реформаттық тақуалықтың даму барысында
оған қатынас неғұрлым байыпты болса, соғұрлым анық көріне түсті) не шіркеудің ішінде
волюнтаристік қауымдар құруға (Голландияда солай болды), не (ағылшын пуританизмі
мысал бола алады) бір жағдайларда шіркеу құрылысының өзінен көрініс тапқан белсенді
және марғау христиандар деп шындап бөлуге, екінші бір жағдайларда - жоғарыда
айтқанымызға сәйкес - секталар құруға жетеледі.
Лютерандық топырағында өніп шыққан және Шпенердің, Франкенің, Цинцендорфтың
есімдерімен байланысты неміс пиетизмінің дамуы бізді жазмыш туралы ілімнен басқа
жаққа алып кетеді. Алайда бұл тіпті де неміс пиетизмі осынау ілім дәйекті аяқталуы
болып табылатын идеялар өрісімен жалпы байланысты болған жоқ деген сөз емес; атап
айтқанда, Шпенердің өзіне ағылшын және нидерланд пиетизмінің ықпалы туралы айтқаны
белгілі, бұл мысалы, Шпенер ұйымдастырған қауымдардың алғашқы мәжілістерінде
Бейлидің еңбектерінің оқылғанынан байқалады. Бізді қызықтыратын көзқарас тұрғысынан
алғанда, неміс пиетизмі әдістемелік тұрғыдан талдап әзірленген және бақыланатын, яғни
өмірлік мінез-құлықтың жай ғана бейкальвинистік діншілдік өрісіне де енгенін көрсетеді.
Ал лютерандық ағым ұтымды тақуалықты жат нәрсе деп қабылдауға тиіс болатын, және
де осы сәтке байланысты қиындықтар неміс пиетизмі доктринасына дәйектіліктің
жетіспеуінен көрінеді. Шпенер өмірдің жүйелендірілген діни практикасын догматтық
тұрғыдан негіздеу үшін Лютер идеяларын жақсы істерді реформаттыққа тән түсінікпен
(осынау реформаттық тәпсір бойынша олар Құдайдың даңқын еселей түсу үшін жасалады)
және қайта туғандар біршама дәрежеде христиандық мінсіздік идеалына жақындай
алатындығына (бүл да реформаттық ілімге жақын идея) сеніммен ұштастырады. Осыдан
Шпенер теориясында дәйектіліктің жетіспейтіндігі аңғарылады: мистиктердің күшті
ықпалында болған Шпенер христианның өмір салтының жүйелендірілген сипаты (бұл - I
Цпенердің пиетистік ілімінің де елеулі элементі) негізделе бермейді, қайта бұлдырлау
және таза лютерандық рухта суреттеледі;
certitudo salutis
бата беруден, қалаулылықтың
сыннан өтуінен шығарылмайды, Лютер істегеніндей, барынша жалпылама пошымда
иманмен байланыстырылады. Алайда, инетизмнің ұтымдылық-тақуалық элементтері оның
эмоциялық жағынан басым түсу шамасына қарай, онда біздің көзқарасымыз үшін
маңызды мынадай қағидалар байқала түседі: 1) діндардың төл қасиеттілігі ахуалын
әдістемелік тұрғыдан тереңдете түсуі, оның заң бақылауымен өсе және жетіле түсуі
таупиқтылықтың белгісі болып табылады; 2) осындай тәсілмен мінсіздікке жеткен әулие
бойында Құдайдың көрегендігі қарекет жасайды; Құдайдың ырқы әулиеге сабырмен
күтудің және әдістемелік толғамдардың нәтижесінде ашылады. Кәсіптік қызмет Френке
үшін де
par ехсelеnсе
'нің тақуалық құралы болды, оның Құдай өзінің қалаулыларына
еңбекте табыс сыйлайды деген кәміл сенімі пуритандардың кәміл сенімі секілді бұлжымас
болатын (бүл төменде көрсетіледі). "Қос декреттің" (қалаулылардың - құтқарылуы,