Page 69 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
69
Тарихи тұрғыдан алғанда құтқарылуға таңдап алыну идеясы пиетизм деп атау
қабылданған тақуалық ағымның түп қазығы болғандығы даусыз. Пиетизм кальвиндік
шіркеу аясында қала бергендіктен пиетистік және бейпиетистік кальвинистер арасында
анық шекара жүргізу өте қиын. Пуританизмнің ең көрнекті өкілдерінің барлығы дерлік
ауық-ауық пиетистер санатына жатқызылып келді; тіпті құлақ қоюға әбден болатын
топшылау да бар: жазмыш идеясы мен субъективті
"certitudo status'
қa" (лат. - құтқарылуға
сенімділік) ие болу ниетіне негізделген қалаулылықтың сыны арасындағы біз жоғарыда
қарастырған өзара байланыс Кальвиннің бастапқы ілімін пиетистік тұрғыда талдап
әзірлеуден басқа ештеңе емес. Реформаттық қауымдардың ішінде тақуалық "
revivals
'тың"
(ағылш. - қайта туындау) пайда болып отыруы әрқашан уақытша ұмыт болған немесе
өзінің пәрменділігінен айрылған қалаулылардың құтқарылуы туралы ілімнің дүниеге
қайта оралуымен (атап айтқанда, Голландияда солай болды) байланысты болатын.
Сондықтан ағылшын діни өміріне арналған зерттеулерде пиетизм ұғымы әдетте мүлдем
қолданылмайды. Алайда континенттік реформаттық (нидерландтық - төменгі рейндік)
пиетизм де, Бейлидің діни ілімі тәрізді, ең алдымен реформаттық тақуалықтың жай ғана
күшеюі болды. "
Praxis pietatis
'қa" (лат. - таупиқты практика) күшті екпін берілгені
соншалық, догматтық адалдық кейінге ығыстырылып, көбіне тіпті елеусіз нәрседей
көрінді. Өйткені қалаулылар әлдене күнә жасауы мүмкін екендігі секілді, догматтарды
тәпсірлеуде де қателесуі әбден мүмкін ғой; тәжірибе мынаны көрсететін: мектепте
оқытылатын дін сабағындағы мүлдем бейхабар көптеген христиандар өз бойынан дінге
сенімді анық байқаса, екінші жағынан, өзінің қалаулылар санатында екендігіне шын иман
беретін кәміл сенім діндардың мінез-құлқында көрінуіне теологиялық білім өздігінен тіпті
де кепіл бола алмайтын жағдайлар кездеседі. Демек, діни ілімді білу жалпы
қалаулылықтың айғағы бола алмайтын еді. Сондықтан пиетизм теологтар шіркеуіне терең
күдікпен қарап, одан ресми түрде іргесін аулақ салмаса да (бүл оның нышандарының
бірі), "
praxis pietatis
" жақтастарын дүниеден қол үзген "үйірмелерге" жинай бастады.
Пиетистер әулиелердің көзге көрінбейтін шіркеуін жер бетіне түсіріп, көзге көрінетін
етпек болды және, бүл идеяны өзінің дәйекті соңына - секталар құруға дейін жеткізбей,
өздері құрған қауымдарға сіңіп кетпек, оларда тұйық, Құдай әміріне толық
бағындырылған тіршілік ету және өздерінің өмір салты шеңберінде күнделікті сыртқы
нышандар арқылы өздерінің қайта туатындығына сенімге ие болып, дүниенің азғындатар
ықпалынан құтылмақ болды. Құдайға шын берілгендер қауымы сол арқылы - бұл да
пиетизмнің ерекше қасиеті - күшейтілген тақуалық арқылы осы жалғанның өзінде
Құдаймен тілдесу ләззатын сезінуге тырысты. Бұл ниет белгілі бір дәрежеде Лютердің
"
unio mystica'cbi
" тектес болатын және көбіне-көп діни сенімнің эмоциялық жағын
реформаттар шіркеуінің қатардағы христианина беймәлім дәрежеге дейін күшейтетін.
Әңгіме біздің көзқарасымыз туралы болып отырғандықтан, кальвинизм топырағында өсіп
шыққан "пиетизмнің" негізгі нышаны осы еді деп санауға болады. Жалпы алғанда
кальвинистік таупихқа жат, бірақ ортағасырлық діншілдіктің белгілі пошымдарымен
іштей тектес осы эмоционалдық діншілдерді тақуалық арқылы болашақта о дүниеде
құтқарылу жолындағы күрестен алаңдатып, діни практиканы осы жалғанда сезіну
арнасына бағыттады. Бүл орайда эмоционалдық діни сенім кейде ашықтан-ашық
истерикалық сипатқа ие болатын дәрежеге дейін көтеріліп кететін; сондайда
неврастениялық ахуалдың көптеген мысалдар бойынша белгілі алмасып отыруы пайда
болып, сезімдік дерлік діни экстаз жүйкелік босаңсу соққыларымен алмасып, ол
"құдайдың тастап кетуі" ретінде сезілетін - бұл нуританның бүкіл жүйелендірілген
қасиетті өмірін бағындыратын қалтқысыз, қатаң тәртіпке қарама-қарсы нәтиже болатын.
Осы арқылы кальвинистің ұтымды тұлғасын "нәпсінің" тасқынынан қорғап тұрған
"тосқауыл" әлсірейтін. Және де мақұлықтың күні қараң деген кальвинистік идеяда
националды қабылданса, мысалы, "өзін құрт секілді сезіну" ретінде қабылданса, белсенді
кәсіптік қызметтен бас тартуға жетелей алатын. Егер кальвинистік ұтымды діншілдіктің