Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
6
Байланыстылық - барлық әлеуметтік байланыстарды олардың төл мағынасында емес,
жалпы мағынада қалай түсіну керектігін білдіретін бейнелі сөз. Адам баласының басқаға
табын болатыны оның толық тәуелділік ахуалының айғағы бола алады - бұл да бейнелі
сөз, оның мәні онда не төл ырық болады, не өзінің барлық талап-тілектерінде басқа
біреуге тәуелді болғандықтан, ондай ырыққа не бола алмайды. Нәрестенің және кішкене
сәбидің анасына және оған анасы секілді қамқорлық жасайтын басқа да адамдарға
тәуелділігі (ол біртіндеп азаяды) - осы тектен айдан анық факт. Тәуелділіктің осындай
басқа да пошымдары бар, ондайда бір адамның қуанышы мен қайғысы оның өзінікіне
емес, басқаның ырқына көбірек дәрежеде байланысты болады. Таза күйінде бұл
кіріптарлықтан, құлдықтан және тағы сол сияқтылардан көрінеді, ал, ең анық та дөрекі
түрде - бұрын құлдарға және қазіргі кезде ауыр қылмыс жасағандарды алып жүргенде
қолданылатын жазадан - денесін бұғаулаудан көрінеді. Себебі өзінің толық ынжықтығы
болуы мүмкін өз ырқы бойынша қарекет жасауға қабілетсіздік туралы, гипноздалған
адамдар туралы, жыныстық тәуелділік және тағы басқалар туралы біз осы мағынада
айтамыз.
5. Әлеуметтік байланыстылық
Әлеуметтік байланыстылық өзара тәуелділікке айналуға ұмтылады, мұның мәні мынадай:
біреудің ырқы басқаның ырқын ынталандыра яки шырмай отырып немесе соның екеуін де
жасай отырып оған ықпал етеді; ал егер біреудің ырқы басқаның ырқымен сәйкес келсе,
бірігіп немесе араласып кетсе, онда ортақ ырық пайда болады, оның біртұтас ырық деп
түсінілуі мүмкін, өйткені ол өзара байланысты - себебі ол жорамалдап, талап етеді, демек,
Б ырқына сәйкес А ырқына және А ырқына сәйкес Б ырқына ие болуды қалайды. Бұл екі
индивидтің (бұдан былай оларды біз кісілер деп атаймыз) әрқайсысының басқасы
жөніндегі, демек екеуінің к бір-бірі жөніндегі ырқы мен ісіне қатысты әлеуметтік
ырқының көрінуінің ең қарапайым оқиғасы. Дәл солай бір кісі екінші кісімен байланысты
болғаны секілді, ол көптеген кісілермен байланысты, ал, олар өз кезегінде, бір-бірімен
байланысты бола алады, демек осы көпшілікке кіретін әрбір жеке кісінің ырқы жиынтық
ырықтың бір бөлігі болып табылады және бір мезгілде жиынтық ырықпен анықталады,
соған тәуелді болады...
II
Айырбас әлеуметтік байланыстылықтың аса қарапайым көрінісі ретінде
... Бірақ кез-келген өзара қызметті және кез-келген өзара жәрдемді айырбас деп түсінсек,
онда кез-келген бірлескен өмір де өзара қызмет пен жәрдемнің үздіксіз айырбасы екендігі
айдан анық және де бірлескен өмір екеуара ғана болса, тіпті көбірек анық; бір мезгілде екі
жақтың елеулі себебі (ең қарапайым жағдайда екі кісі ойда болғанда) - басқадан қызмет
күтіп, соны талап ету болмаған немесе басқалардың көмегі арқылы күту, талап ету,
мәжбүрлеу (сондай-ақ аталмыш индивидті байланыстыратын, яғни оны басқалармен
біріктіретін және қажетіне қарай басқаның орнына жүретін жиынтықтан күту мен талап
ету) арасындағы айырмашылық анық бола түседі, басқаның, басқалардың және тұтас
көпшіліктің пайдасына өзіңнің тілегің мен қалауың, тіпті осы тілегің мен қалауың - бері
салғанда солай деп санау сіңіп кеткен - басқаның немесе басқалардың сондай тілегі мен
қалауынан нәр алған кезде де солай болады. Мұндай тілек пен қалаудың нәтижесі басқа
индивидке немесе басқа индивидтер жөніндегі мүлдем басқа позиция болып табылады. Ол
позиция өздігінен-ақ ананың балаға, ол әлі парықсыз сәби кезінде одан ештеңе күтпейтін
және талап етпейтін махаббаты сияқты шүбәсіз, ал оның есі кіріп, парасатқа ие болған
кезде, ондай махаббат болған күнде де, ол айқындаушы рөл атқармайды. Жалғыз махаббат
өздігінен байланыстыра алмайды. Қатты ұнату мен бүйрегі бұрып түру да сол секілді;