Қазақстанның ашық кітапханасы
68
немесе
directeur de J'ame
(фр. - рухани ұстаз) үшін христианға яки (көбінесе) әйелге оның
авторитарлық басшылығының негізі қызметін атқарса, реформаторлық ceнімдегі
христианин сол күнделіктің көмегімен "өз тамырының бүлкілін өзі" қадағалап отырды.
Мұны барлық ірі моралист-дін алымдары көрсетеді; оған жақсылық жолындағы барлық
жетістіктерін кестелеп тізіп, статистикалық деректермен толықтырып отырған Бенджамин
Франклиннің күнделігі классикалық мысал бола алады. Құдай жүргізіп отыратын есеп
туралы орта ғасырлық (антик дәуірдің өзінде белгілі) түсінік Беньянда толық
талғамсыздыққа дейін жеткізілді: оның пікірі бойынша күнәһардың Құдайға қатынасын
аларманның shopkeener're (ағылш. - дүкен иесі) қатынасымен салыстыруға болады: есеп
ашқан адам, бәлкім, бар табысын жиып-теріп жиналып қалған өсімді төлей де алар, бірақ
оған бүкіл қарыз сомасынан құтылудың ешқашан сәті түспейді. Бертінгі пуритан тек
өзінің мінез-құлқын ғана қадағалап қоймай, Құдай құлқын да қадағалап отырды да, өз
өмірінің кез-келген оқиғасынан Құдайдың нұсқауын көріп отырды. Ол Құдайдың бір
шешімді неліктен қабылдағанын мүлдем дәл біліп отырды (бұл Кальвиннің шынайы
іліміне жат). Осылайша өмірге бата беру іскерлік жаңа жұмысқа ұқсатылды. Этикалық
құлықтағы лютерандыққа кереғар кальвинизм өмірлік практикада енгізе алған мұндай
әдістемеліктің салдары адамның бүкіл тіршілігін барынша христиандандыру болды.
Кальвинистік ықпал сипатын дұрыс түсіну үшін осынау әдістемелік діндарлар өміріне
ықпал етудің шешуші сәті болғанын ұмытпау керек. Осыдан, бір жағынан, нақ
кальвинистік ілім өзінің адепттеріне неліктен сондай ықпал жасай алғаны, екінші жағынан
- өздерінің этикалық серпіндері дәл осы шешуші идеядан өрбісе, өзге діни ағымдар да
неліктен осы бағытта қарекет жасауға тиіс болғаны көрінеді.
Біз осыған дейін кальвинистік діншілдік шегінен шыққан жоқпыз, сондықтан жазмыш
туралы ілімді әдістемелік жолмен ұтымды етілген этикалық мінез-құлықтан көрінетін
пуритандық инсанияттың догматтық негізі ретінде қарастырдық. Бүл аталмыш догмат
Кальвин ілімін барлық жағынан мызғымай ұстанған діни партия шегінен көп қашық
жатқан ағымда, яғни просвитериандарда да іс жүзінде реформаттық ілімнің темірқазығы
ретінде қабылданғанымен түсіндіріледі: ол индепенденттердің 1658 жылғы Савойя
декларациясында ғана емес, баптистердің 1689 жылғы
Hanserd Knollys con- lession'biima
да бар; егер методистер ортасына көңіл аударсақ, онда мынаны көрсету керек: бұл
қозғалыстың талантты ұйымдастырушысы Джон Уэсли, рас, жаппай құтқарылу ілімінің
жақтасы болды, алайда методистердің алғашқы буымының аса көрнекті үгітшісі және
оның ең дәйекті ойшылы Уайтфильд таупиқтық партикуляризмді жақтады. Леди
Хантингтонның маңына топтасқан және біршама уақыт едәуір танымал болған методистер
тобы да осы пікірде болды. Айтулы оқиғалары ұшан-теңіз XVII ғасырда өзінің тұтастығы
жағынан орасан зор нақ осы ілім дін үшін шайқасып жатқан "қасиетті өмір" өкілдерінің
бойында біз Құдайдың құралымыз және оның көрегендік әмірін орындаушылармыз деген
кәміл сенімді сақтап қалды; бұл ілім сондай-ақ пуритандардың діни көңіл күйінің тез
арада таза мына жалғанға бағдарланған утилитарлық реңктегі синергизмге айналып
кетуінің алдын алды, мұндай жағдайда пуритандардың иррацоналдық, идеалдық
мақсаттарға бола жасаған құлақ естімеген құрбандықтары мүмкін болмас еді. [...]
Тарихи шындыққа жүгінсек біз мынаны байқаймыз: кальвинистік тахуалық - үнемі
болмаса да, көп жағдайда - не басқа тахуалық ағымдарға үлгі болған, не - егер сол
ағымдардың ішінде кальвинистік принциптерден ауытқитын немесе одан асып түсетін
жаңа ерекше принциптер талдап әзірленіп жатса - салыстыру немесе толықтыру үшін осы
іске тартылып отырған. Діншілдік негізделуі қилы болғанына қарамастан, тақуалықтың
бірдей дәйектілігі байқалған жағдайлардың бәрінде бүл әдетте шіркеу құрылысының
салдары болып отырды, бұл туралы әңгіме басқа бір жәйтке орай өрбиді.