Page 66 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
66
түсініктерге кереғар тақуалықтың мақсаты белсенді, байыпты, жарқын өмір үшін жағдай
жасау болды; оның өзекті міндеті - өмірде тікелей сезімдік ләззатты жою болды; оның
басты құралы - өз адепттерінің өмір салтын ретке келтіру болды. Бүкіл осынау негізгі
қағидалар дәл сондай дәрежеде католик монахтардың жарғыларынан да, кальвинистердің
өмірлік мінез-құлқының негізгі принциптерінен де көрініс береді. Адамның бүкіл өмір
салтын әдістемелік регламенттеу екі діни ілім ықпалының орасан зор күшін айқындайды;
лютерандықтан өзгеше кальвинизмнің протестанттық сенімді
ecclesia militans
ретінде
өлермендікпен қорғай білу қабілеті де осыған негізделеді.
Екінші жағынан, кальвинистік тақуалықтың ортағасырлық тақуалықтан несімен
өзгешеленетіні айдан анық; ол - "
consilia evangelica
'дан (лат. - "Інжіл кеңестерінен) бас
тарту, сол арқылы тақуалықты таза дүниауи тақуалыққа айналдыру. Мұның өзі, әрине,
католицизмде өмірді "әдістемелік регламенттеу" монах құжырасының қабырғасынан әрі
шықпады деген сөз емес, бұл католицизмнің теориясына да, практикасына да сәйкес
келмейді. Жоғарыда көрсетілгеніндей, католицизм, оның біршама моральдық
жұмсақтығына қарамастан, этикалық тұрғыдан бейберекет күн кешу өзі ұмтылуға
ұсынатын ең жоғары мұраттарға, тіпті дүниауи өмірде, тіпті де жуықтата түседі деп
ойламайды. Мәселен, әулие Францисктің терциарлар орденін құруы күнделікті өмірді
тақуалық мазмұнмен молықтырудың байыпты әрекеті болды (және жалғыз болмағаны
мәлім). Рас, "Христосқа еліктеу" тәрізді туындылар нақ өздерінің ықпал етуімен мынаны
айғақтайды: оларда мадақталатын өмірлік мінез-құлық күнделікті инсаниятқа қойылатын
ең төмен талаптармен салыстырғанда әлдеқайда асқақ бірдеңе секілді қабылданады және
күнделікті инсаниятқа пуритандарда болған өлшемдер тіпті де таңылмаған болатын.
Белгілі бір шіркеу ғұрыптарының, практикасына ең алдымен күнәні кешіру ғұрпына
келсек, олар нақ жоғарыда көрсетілген сәйкессіздіктің пәрменімен пуритандарда елеусіз
ауытқу ретінде емес, түп тамырымен зиянды адасу деп қабылданды, онда бұл практика
дүниауи тақуалықты жүйелеудің бастапқы әрекеттерімен сөзсіз қақтығысып отырды.
алайда, бүл арадағы шешуші нәрсе өзінің өмірін діни ұғымдағы әдістемелік шектеулерге
бағындырған адамдар
par txellence
(фр. - негізінен) монахтар болды, солай болып та отыр,
жеке адам тақуалық талаптарынан неғұрлым таймаған сайын, ол соғұрлым күнделікті өмір
қамынан алшақтай түсті, өйткені әулиелік ғұмырдың ерекшелігі нақ дүниауи инсанияттан
артықшылық арқылы көрінетін. Мұны бірінші болып Лютер өзгертті, және де әлдене
"даму тенденциясын" білдіруші ретінде емес, таза жеке пиғылмен өзгертті; әу баста ол
практикалық тұжырымдарында біршама солқылдақтық байқатты, бірақ уақыт өте келе
саяси ахуал оның бүл күдігін еңсеруіне көмектесті; ал кальвинизм бұл идеяны Лютерден
көшіріп алды. Себастьян Франк Реформацияның маңызы ендігі жерде әрбір христианның
бүкіл ғұмыр бойы монах болуға тиісті екендігін аңғарғанда кальвинистік ізгіліктің басты
қасиетін шынында да деп басты. Тақуалықтың дүниауи күнделікті өмірден
монастырьларға көшуіне тосқауыл қойылды да, сол кезге дейін монахтардың ең таңдаулы
өкілдеріне айналған кемел де жалынды адамдар, енді тақуалық мұраттарды өздерінің
дүниауи кәсіптерінің шеңберінде жүзеге асыруға мәжбүр болды. Кальвинизм одан арғы
эволюциясы барысында бұған тағы бір позитивтік нәрсе: өзінің иманын дүниауи кәсіптік
кызметпен қуаттау қажеттігі идеясын қосты. Осылайша кальвинизм діндар адамдардың
қалың бұқарасына тақуалыққа ұмтылудың оң ыңғайдағы анимулын берді, ал кальвинистік
этиканы жазмыш туралы іліммен негіздеу мынаған алып келді: монахтардың жалғанның
істерінен шет және одан жоғары тұрған аристократиясын түу бастан құдай құтқарылуға
жазған жалғандағы киелілер аристократиясы, өзінің
сһаrесtеr indelebilis'
i (лат. - күнәдан
пәктігі) бойынша басқа, түу баста азапқа жазылған адамдардан бөліп қойылған
аристократия алмастырды. Арадағы осынау терең ор ортағасырлық монахты жалғаннан
бөліп тұрғаннан көзге көрінетін кедергіден өзінің дерексіздігімен-ақ принципінде
алынбайтын әлдеқайда үрейлі тосқауыл болатын; ол әлеуметтік өмірдің барлық өрістеріне