Қазақстанның ашық кітапханасы
65
етті. Кальвинизмде католицизмге тән, адам табиғатына соншалық етене нәрсе - күнәнің,
опынудың, тәубаға келудің, бір күнәларыңның кешіріліп, екіншілерін жасаудың
кезектесіп келуі туралы; жекелеген жазалаулардың көмегімен немесе шіркеу қолындағы
берекені жеткізу құралдары арқылы бүкіл өмірді теңестіру туралы әңгіме болудың өзі
емес-ті. Кальвинизмнің практикалық этикасы діндардың күнделікті өмірінде жоспар мен
жүйенің жоқтығын аластап, бүкіл өмірлік мінез-құлықтың дәйекті әдісін жасады. XVIII
ғасырда пуритандықтың соңғы дәуірлеуінің өкілдерін "методистер" (әдістемешілер)
олардың ізашарларын XVII ғасырда сонымен мағынасы бірдей "прецезистер" (Prazisisten,
precisians) деген сөзбен атағаны секілді деп атағаны кездейсоқ емес қой. Өйткені сәт
сайын және әрбір қарекетте сезілетін бүкіл өмір мағынасын түбірімен өзгерткенде ғана
адамды
status naturae
(лат. - жаратылыстық ахуал) жағдайынан
status gratiae
(лат. - береке
ахуалы) жағдайына көтеретін берекенің бар екендігіне кәміл сенімге қол жетеді ғой.
"Әулиенің" өмірі тек трансценденттік мақсатқа - о дүние рахатына бөленуге бағдарланған,
алайда нақ сондықтан оның жалғандағы ғұмыры қатаң ұтымды етіліп, бір ғана ниетке -
Құдай даңқын жер бетінде асқақтатуға бағындырылды. Және бұрын ешқашан бұл идеяға -
omnia in majorem Dei gloriam
- соншалық ғаламат байыптылықпен назар аударылмаған
еді. Тек тұрақты рефлексия өзек болған өмір ғана
status naturalis
ахуалын еңсеру жолы деп
қарастырылып келген еді. Осылайша, Декарттың
"cogito, ergo sum
" (лат. - ойлаймын,
демек бармын) деген сөзін оның пуритандық замандастары этикалық жағынан өздерінше
өзгертіп қабылдады. Бұл рационалдандыру, бір жағынан, реформаттық пәктікке оның
өзіндік тақуалық сипатын берді; екінші жағынан - реформаторлықтың католицизммен
іштей туыстығының да, олардың арасындағы өзіндік айырмашылықтардың да негізі
қызметін атқарды. Өйткені мұндай белгілер католицизм үшін де жат еместігі айдан анық.
Христиандық тақуалық өзінің сыртқы көріністерінде де, өзінің мәнісі жағынан да
мейлінше әрқилы элементтерден құралады. Алайда ортағасырлық Батыста, ол өзінің ең
айқын пошымдарында орта ғасырлардың өзінде, тіпті антик дәуірде де ұтымдылық
сипатында болатын. Батыстық монахтықтықтың - оны жиынтығында емес, типтік
құбылыс ретінде алғанда - шығыс монахтығынан өзгеше дүниежүзілік маңызы да осыған
негізделген. Христиандық тақуалық әулие Бенедикт жарғысының өзінде принципінде
дүниауи өмірді парықсыз талақ етуден, оз тәнін аямай азапқа салудан арылған болатын,
бүл клюнийлықтарда, цистерциандықтарда көбірек дәрежеде және ақыр соңында,
иезуиттерде толығымен көрінді. Ол ұтымды өмірлік мінез-құлықтың жүйелі талдап
әзірленген әдісіне айналды, оның мақсаты
status naturae
'нi еңсеру, адамды иррационалды
инстинктерден, табиғат пен заттар дүниесінің ықпалынан азат ету және оның өмірін
әлдене жоспарлы ұмтылысқа, оның қарекеттерін - тұрақты өзін-өзі бақылауға және
олардың этикалық маңыздылығын тексеріп отыруға бағындыру болатын; осылайша монах
объективті жағынан Құдай ісі жолындағы қызметкерге айналса, субъективті жағынан сол
арқылы өзінің құтқарылуға таңдап алынғанына сенімін күшейте түсті. Осындай белсенді
сабырлылықтың дәл сол секілді әулие Игнатийдің
exercitia
'сының (лат. - Игнатий
Лойоланың "рухани жаттығуларының") да, жалпы ұтымды монахтық жақсылықтың ең
ізгіліктің жоғары пошымдарының мақсаты да, пуритан практикалық өмірінің негізгі
мұраты да болды. Аяусыз азапталған пуритандарды тергеу туралы, олардың міз
бақпайтын сабырлылығы әйгілі прелаттар мен шенеуніктердің қаңғырлақ сөздеріне қарсы
қойылатын пуритандар хабарларында бой көрсететін барынша менсінбеушілікте ағылшын
және американ джентльмендерінің ең үздік өкілдерін бүгіндері де сипаттайтын сабыр мен
әдепті жоғары бағалау аңғарылады. Қазіргі тілге аударғанда бұл мынаны білдіреді:
пуритандық тақуалық, кез-келген басқа да "ұтымды" тақуалық тәрізді, адамды ашуға бой
алдырмай, "константтық сарындарды" (әсіресе оған оның өзі сіңірген) басшылыққа алуды
үйретуге ұмтылды, басқаша айтқанда, оның бойында сөздің осынау ресми-психологиялық
мағынасында алғанда, "кісілікті" тәрбиелеуге ұмтылды. Кең таралған көптеген