Қазақстанның ашық кітапханасы
64
құтқарылуын өзі "жасайды", дұрысырақ айтқанда - құтқарылуға кәміл сенімді (біз мұндай
сөзді шынында да кездестіреміз) өзі жасайды, алайда бұл құтқарылуға, католицизм талап
ететініндей, жекелеген лайықты істерді біртіндеп көбейте беру арқылы қол жетпейді, ол
діндардың алдында екінің бірін: қалаулысың ба, жоқ па? деген сұрақты ұдайы қойып
отыратын жүйелі өзін-өзі бақылаудың салдары деген сөз. Осылайша біз оз
бақылауымыздың аса маңызды пунктіне жеттік.
Лютерандар, реформаторлық шіркеулер мен секталар ілімінде барған сайын айқынырақ
көріне түскен ой жүйесін негізге алып, реформаторларды үнемі "синергизм" үшін
жазғырып келгені мәлім. Кальвинистердің өздерінің догматтық, позициясын католиктік
іліммен ұқсастыруға наразылығы қаншалықты әділ болғанымен, бұл жазғыру қарапайым
христиан-реформаторлардың күнделікті өмірінің практикалық, салдарымен өлшеп
қарағанда жеткілікті негізді де болатын. Өйткені инсанияттық мінез-құлыққа өзінің
сипаты жағынан кальвинизм өз жақтастарының бойында тәрбиелеген шамада неғұрлым
жиі діни баға беру бұрын-соңды бола қоймаған секілді. Алайда бұл тектес "синергизмнің"
практикалық маңызы үшін шешуші нәрсе кальвинистердің өмірлік мінез-құлқын
сипаттайтын және бұл мінез-құлықты ортағасырлық қатардағы христианның мінез-
құлқынан өзгешелеп тұратын қасиеттерді санаға сіңіру болып табылады. Бұл
айырмашылықты былайша тұжырымдап көруге болады: ортағасырлық қарапайым
қауымдас-католик этикалық тұрғыдан белгілі дәрежеде бір күннің қамымен өмір сүрді. Ол
ең алдымен өзінің дәстүрлі міндеттерін ерінбей-жалықпай орындап отырды. Бұл
шеңберден тыс "жақсы істер" әдетте бір-бірімен байланысты болмайтын және қалай десек
те жекелеген актылардың қандай да бір ұтымды жүйеге айналдырылған дәйекті қатарын
құрамайтын; олар орайы келгенде ғана, не нақты күнәні жуу үшін, не жанды құтқару
туралы ойлану ықпалымен, не - ғұмырдың ақырында - өзіндік бір сақтық жарнасы ретінде
жасалатын. Католиктік этика, сөз жоқ, "инсанияттық кәміл сенімге" негізделген болатын.
Алайда әрбір жеке қылықты бағалау үшін шешуші нәрсе, адамның нақты "
intentio'cbi"
(лат. - ұмтылыс, ниет) болатын. Және әрбір жеке жақсы немесе жаман қылық, оған не
жақсы ат алып беретін, не жазғырылатын, сөйтіп, оның осы дүниедегі бүкіл ғұмырына да,
мәңгілік ғұмырына да ықпал ететін. Шіркеу бұл мәселеге әбден-ақ реалистік тұрғыдан
келді: әлдеқандай бірлік болмағандықтан, адам түп-түгелімен және біржола белгіленіп,
бағаланып қоюға тиіс емес, оның инсанияттық өмірі (әдетте) қарама-қарсы сарындар
күресінен құралады және осынысымен-ақ төтенше қарама-қайшы. Әрине, католик шіркеуі
үшін де мұрат діндардың бүкіл өмірін принципінде өзгерту болатын. Алайда сонымен
бірге ол өзінің діндарларды тәрбиелеу мен оларға өзінің үстемдігін орнатудың маңызды
құралдарының бірі: қызметі католиктік діншілдіктің өзіндік ерекшеліктерімен тығыз
байланысты тәубаға келу құпиясының көмегін пайдалана отырып, бүл талапты (басым
көпті құрайтын орта деңгей үшін) жұмсартты.
Католиктік дінде дүниені "сиқырдан тазарту" - құтқарылу құралы ретінде магияны
аластау - біз пуритандық, оған дейін иудейлік дінде байқайтындай дәйектілікпен
жүргізілген жоқ. Католикке өз шіркеуінің құпиясын жеткізетін берекеге ие болу, сол
арқылы адам табиғатының міндерін еңсеру мүмкіндігі берілді: священник қолында "кілт
билігі" бар, тылсым ғажайыбын жасайтын, сиқыршы болды: істегеніне опынып, күнәсін
мойнына алуға дайын діндар соған жүгінетін; священник жан тыныштығын, құтқарылу
үмітін, кешірілгендігіне кәміл сенім сыйлайтын, сол арқылы кальвинистің даусыз әрі
ештеңемен жеңілдетілмейтін маңдайдағы жазуы іспеттес ауыр салмақты жеңілдететін.
Кальвинистке осынау мейірбан адами көңіл айту беймәлім болатын және ол католик, тіпті
лютеран тәрізді әлсіздік пен жеңілтектік сәттері игі ниетті кейінгі шоғырландырумен
жуып-шайылатындығына да үміт арта алмайтын. Кальвиншілер құдайы өзінің
қалаулыларынан жекелеген "жақсы істерді" емес, жүйеге айналдырылған киелілікті талап