Page 63 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
63
көбіне диалектикалық доктриналардан бас тартуының салдарынан оның тікелей тірегі де
болып табылады. Дәл сол секілді мистика ұтымды өмірлік мінез-құлықтың орнығуына
жанама түрде жәрдемдесе алады. Алайда, оның өмірге қатысында сыртқы, дүниауи
қызметке оң ыңғайдағы баға беру жоқ (бұл даусыз нәрсе). Ал лютерандықта "
unio mystica"
оның үстіне күнаһарлықты терең түйсінумен және өзін Құдай рахымына лайық емеспін
деп сезінумен ұштасып жататын, мұның өзі иманды лютеран жанында күнәні кешіру үшін
қажет мойынсұнуды және аңғал қарабайырлықты сақтауға бағытталған
"poenitenta
quotidia-
па" (күн сайын жалбарыну) ісінің алғышарты қызметін атқаруға тиіс. Өзіндік
ерекшелігі бар реформаторлық діншілдік әу бастан-ақ Паскальдың дүниеден безінетін
квиентизмді де, таза руханишылдық лютерандық діншілдікті де серпіп тастайды.
Құдайдың адам Жанына енуі оның мақұлық атаулы жөніндегі абсолютті
транценденттілігімен толық жоққа шығарылады:
"Finitum non est сарах infiniti"
(шекті
нәрсе шексіз нәрсені ұға алмайды). Құдайдың өзінің қалаулы адамдарымен қауышуы тек
мынау арқылы жүзеге асырыла және түсініле алады: Құдай олардың жүрегінде қарекет
жасайды
("operatur"
), мұны түсінеді және сол арқылы олардың қызметі Құдай рахымымен
берілген иманнан өрбиді, ал сол иман өз кезегінде өзінің тегі құдіреттен екендігін өзі
көрініс табатын қызмет арқылы айғақтайды. Өзінің қалаулы екенін түйсінудегі терең
айырмашылықтар осыдан байқалады да, олар іс жүзіндегі діншілдікті топтастыра
жіктеудің негізі бола алады: діни сенімнің шыңына шыққан пенде өзінің қалаулы
екендігіне өзінің не құдірет әмірінің ыдысы екендігін, не оның құралы екендігін түйсіну
арқылы көз жеткізе алады. Бірінші жағдайда оның діни өмірі мистикалық-эмоциялық
мәдениет жағына, екінші жағдайда тақуалық қызметке бейім тұрады. Бірінші тұрпатқа
Лютер жақын, екіншісіне кальвинизм жатады. Діндар реформат
"sola fide"
(лат. - иманның
арқасында ғана) мәңгілік рахатқа жеткісі келді. Алайда, Каль- виннің көзқарасы бойынша,
сезім мен көңіл күйі, қаншалықты асқақ болғанымен, алдамшы, сондықган иман
объективті қарекеттермен қуатталуға тиіс. Тек сонда ғана ол "
certitudo salutus
" қызметін
атқара алады. Ол "
fides efficax
" (лат. - белсенді иман) болуға, құтқарылуға бейімділік
Савойя декларациясына сәйкес, "
effectual calling
" (ағылшын. - пәрменді бейім) болуға тиіс.
Егер бұдан кейін реформаторлар шынайы иманның бар екендігін қатесіз таразылайтын
жемістер қандай деп сұрасақ, оған мынадай жауап беріледі: христианның Құдай даңқын
еселей түсуге бағытталған мінез-құлқы мен тұрмыс салты. Бұл үшін ненің қажет екендігі
Інжілдегі Құдай ырқының тікелей аян етілуінен немесе жанама түрде - Құдайдың дүниені
орын орнымен жаратуынан (
lex naturae)
айқын болады. Өзіңнің қалаулылар санатына
енгендігіңді, өзіңнің ішкі жан-дүниеңнің ахуалын, Інжілдің айғағы бойынша,
қалаулыларды, мысалы Көне өсиет патриархтарын сипаттайтын нәрсемен салыстырып
анықтауға болады. Тек Құдайдың қалаулысы ғана
fides efficax
-қa ие болады, тек сол ғана
жаңғырып келу (
regeneratio
) және содан туындайтын дәріптеу (
sanctificatio
) арқылы
жалған емес, шын жақсы істерімен Құдай даңқын еселей түсуге қабілетті. Және де ол
өзінің мінез-құлқын - жоқ дегенде өзінің басты белгілерімен тұрақты бағытталуы
(
proporsitum oboedietiae
- принципке айналған мойынсұну) - Құдай даңқын еселей түсетін
өзінде бар күшке негізделетінін, демек, өзінің мінез-құлқы Құдайға ұнап қана қоймай,
Оның ырқынан туындағанын түсіну шамасына қарай, діндарлықтың осынау пошымы
ұмтылатын ең жоғары игілікке: өзінің құтқарылатындығына кәміл сенімге ие бола береді.
Оған ие болуға болатыны, осы ілімге сәйкес, коринфтіктерге Екінші жолдаумен
қуатталды. Қалаулыда мақұлық болып қала беретіндіктен және оның істейтінінің бәрі
құдірет талаптарынан шексіз қашық жатқандықтан жақсы істер де құтқарылу құралы бола
алмайтын дәрежеде сол жақсы істер қалаулылықтың белгісі ретінде қажет. Олар рахатқа
жетудің техникалық құралы емес, өлгеннен соң адамды күтіп тұрған нәрседен
қорқынышты жеңудің құралы ғана. Осы мағынада олар "жанды құтқару үшін қажет" дейді
немесе "
prossessio salutis
'ті" (лат. - берекеге бөлену) сонымен байланыстырылады. Іс
жүзінде бұл Құдай өзіне өзі көмектескенге көмектеседі, осылайша, қальвинист өзінің