Page 62 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
62
туралы ілім үстемдік еткен жердің бәрінде "
elekti"
("калаулылар") санатында екендігін
көрсететін сенімді белгілер туралы мәселе міндетті түрде көлденеңдей қалатын. Бүл
мәселе реформаторлық шіркеу топырағында өсіп шыққан пиетизмнің дамуында ғана
бірінші дәрежелі рол атқарған жоқ, ол үшін бұл мәселе белгілі бір кезеңде іргелі мәселе
болған-ды. Алдағы кезде, біз саяси және әлеуметтік тұрғыдан реформаторлық ілім үшін
соншалық маңызды діндарлар санатына қабылдану туралы ілімге және оның практикада
қолданылуына көңіл бөлген тұста, біз аталмыш индивидтің қалаулылығы фактысын
анықтау мүмкіндігі, мысалы, оны діндарлар санатына қабылдауға жіберілуде, яғни басты
құпияға, яғни бүкіл XVII ғасыр бойында діндарлар санатына қосылатындардың
әлеуметтік жағдайы үшін шешуші маңызы болған мәселеде қандай рөл атқарғанына
тоқталамыз.
Қалаулылықтың дәлелі шапағаттың салдары ретінде туындайтын сенімнің орнықтылығы
деген нұсқауымен, кальвинизмнің ортодокс доктринасы теріске шығарған нұсқауымен
қанағаттану (бері салғанда, әңгіме төл қалаулылық туралы болғандықтан) мүлдем мүмкін
емес болатын. Бүл бірінші кезекте барлық жерде осы ілім тудырған азаппен ұшырасатын
жан құтқару практикасы шеңберінде мүмкін емес болатын. Қиындықтар әрқилы
тәсілдермен еңсеріліп отырды. Егер құтқарылуға қалап алыну туралы ілімді тікелей
өзгертуден, оны жұмсартудан немесе, шындап келгенде, одан бас тартудан көңілді басқаға
бұрар болсақ, жанды құтқару өсиеттерінің бір-бірімен байланысты екі тұрпаты туралы сөз
етуге болады. Бір жағдайда діндарға өзін Құдайдың қалаулысы деп санап, күмән
атаулыны жын-шайтанның әзәзілдігі ретінде кеуілге жолатпау тікелей міндеттеледі,
өйткені өзіңнің қалаулы екендігіңе сенімнің солқылдақтығы иманның жарты-кештігін,
демек, шапағаттың жарты-кештігін айғақтайды. Апостолдың өз бейіміңді "беркіте түсуге"
шақыруы, демек, бұл арада өзіңнің қалаулы екендігіңе және ақталатыныңа субъективті
сенімді күнделікті күресте жеңіп алу ретінде түсіндіріледі. Лютер иманың кәміл болып,
күнәңді мойындап, бір Құдайға құлшылық етсең, Құдайдың рахымынан құр қалмайсың
деп үйреткен момақан күнәһарлар орнына енді капитализмнің қаһармандық дәуірінің
қайсар-қайтпас көпестері түрінде "пуританизм" мәпелеп өсірген "әулиелер" келді,
олардың жекелеген өкілдері бүгіндері де сақталған. Екінші тәсіл - құтқарылатыныңа іштей
кәміл сенімге ие болудың ең жақсы құралы ретінде өз кәсібіңнің шеңберінде қажымай-
талмай еңбек ету. Сол, тек сол ғана дін сипаттағы күмәннан арылтып, өзіңнің қалаулы
екендігіне кәміл сенім береді.
Дүниауи кәсіптік қызметке мұндай маңыз беріліп, оны діни үрей туғызған аффект
ахуалынан арылудың ең сенімді жолы ретінде қарастыруға болатын бұл жағдайдың
тамыры реформаторлық шіркеуге тән діни түйсіктің терең өзгешелігінде, оның
лютерандықтан айырмашылығы бәрінен де иманмен ақталу туралы ілімнен айқын
аңғарылады. Бұл айырмашылық Шнеккенбургердің тамаша курсында соншалық алғаусыз,
қандай да бір баға беретін пікірлер қабаттастырылмай, барынша объективті
қарастырылғаны соншалық, бұдан кейінгі қысқаша ескертпелерімізде біз оның негізгі
қағидаларын жай ғана өрбіте түсетін боламыз.
Лютерандық таупиқтылықтың ол XVII ғасырда ие болған ең жоғары діни көрінісі -
Құдаймен
"unio mystica"
(мистикалық бірігіп кету). Осынау анықтауыштың өзі көрсетіп
отырғанындай, - мұндай тұжырымда реформаторлық ілімге беймәлім анықтауыш, -
әңгіме, Құдайдың субстанциялық жақындығы сезімі туралы, Құдайдың діндар адам
жанына нақты енуі туралы, сапалық жағынан неміс мистиктерінің сырттай тамашалауына
жақын, бейтарап сипатымен, Құдайдан жан тыныштығын табуға ұмтылумен және өзіңнің
ішкі көңіл күйіңнің терең руханилығымен өзгешеленетін түйсік туралы болып отыр. Бізге
философия тарихынан белгілі - мистикалық реңктегі діншілдік эмпиристік өрісте
өздігінен-ақ мейілінше айқын реалистік дуниетүйсікпен әбден ұштасып қана қоймайды,