Page 61 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
61
христианиннің әлеуметтік қызметі жағады, өйткені ол өмірдің әлеуметтік құрылысы өзінің
өсиеттері мен мақсаттарына сай болуын қалайды. Кальвинистің дүниедегі әлеуметтік
қызметі - "
in majorem gloriam Dei
" (Құдайдың мәңгілік даңқы үшін). Бұл жалғанның
аясында ортақ игілік үшін жүзеге асырылатын кәсіптік қызметтің де сипаты сондай.
Лютердің өзі, біз аңғарғандай еңбек бөлінісіне негізделген кәсіптік қызметті "жақыныңа
махаббаттан" шығарған болатын. Алайда, Лютерде тек бұлыңғыр сезіну, таза теориялық
конструкция болған нәрсе, кальвинизмнің бүкіл этикалық жүйесінің басты сипатты
белгісіне айналды. Мақұлыққа емес, тек Құдайға қызмет қылу мағынасындағы "жақыныңа
махаббат" бірінші кезекте аталмыш
Lex naturae
(жаратылыстық тәртіп) жөніндегі кәсіптік
борышты орындаудан көрінеді; бұл орайда "жақыныңа махаббат" өзіндік бір объективті
атаусыз сипатқа, бізді қоршап тұрған әлеуметтік космосты ұтымды қайта құруға
бағытталған қызмет сипатына ие болады. Өйткені осынау космостың таңғажайып орынды
құрылысы Інжіл аяндары бойынша да, табиғи тәртіп ағымы бойынша да адамзат
баласының "пайдасына " жасалғандығы айдан анық, ол қоғам пайдасына бағытталған
осынау атаусыз қызметті Құдайға ұнамды және оның даңқын асқақтата беруге
бағытталған қызмет деп бағалауға мүмкіндік береді. Теодицея (грекше: құдай + әділет)
проблемасының және дүние мен адам өмірінің "мағынасы" туралы кейбіреулер үшін
азапты ойлардың тақырыбы болған мәселелердің алып тасталуы пуритан үшін де, (басқа
себептермен) иудей үшін де өздігінен-ақ солай істелуге тиіс нәрседей болатын.
Айтпақшы, белгілі бір мағынада бүл бүкіл мистикалық емес христиандыққа да тән.
Кальвинизмде осынау күш үнемдеуге сол бағытта қарекет жасайтын тағы бір белгі
қосылды: Дін мәселесіне келгенде кальвинистік сенім индивидке толық еркіндік
бергенімен, кальвинизмге "жеке адам" мен "этика" арасындағы кереғарлық (Сёрен
Кьеркегордың түсінігінде) беймәлім нәрсе. Бұл арада бұл құбылыстың себебін немесе бұл
көзқарастың кальвинистердің саяси және экономикалық рационализмі үшін мәнін талдап
жатудың реті жоқ. Алайда бұл көзқарас кальвинистік этиканың утилитарлық сипатын
және кәсіптік бейім жөніндегі кальвинистік тұжырымдаманың бірқатар өзіндік
ерекшеліктерін айқындап бергенін көрсете кетуіміз керек. Осыған байланысты біз
жазмыш туралы ілім мәселесіне қайтып оралуымыз керек деп санаймыз.
Біз үшін шешуші мәселе мынадай: жалғанда тіршілік етудің барлық қызықтарынан о
дүние неғұрлым елеулі ғана емес, коп жағынан әлдеқайда сенімді көрінетін ғасырда
адамдар мұндай іліммен қалайша ымыраласты. Ерте ме, кеш пе, қашан болсын әрбір
діндардың алдынан "мен қалаулылар санатына жатамын ба?" деген жалғыз сұрақ
көлденеңдеуге тиіс болатыны айдан анық еді. Өзімнің қалаулы екендігіме қалай көз
жеткізе аламын? Кальвин үшін мұндай проблема жоқ еді. Ол өзін Құдайдың "қаруымын"
деп сезінді және өзінің қалаулы екеніне күмәнданған жоқ. Сондықтан өзінің қалаулы
екеніне адам қалай көз жеткізе алады деген сұраққа оның жалғыз ғана жауабы бар еді:
Құдайдың шешімі бар екенін білуді және ақиқат иман беретін Христосқа тұрақты үміт
артуды қанағат қылу керек. Адамның қалаулы екенін, болмаса мәңгілік азапқа
жазылғанын олардың мінез-құлқына қарап айыруға болады деген топшылауды Кальвин
мүлдем серпіп тастады - мұндай әрекеттер оған Құдай пәрменінің құпиясын білуге арсыз
ұмтылу болып көрінеді. Жер бетіндегі өмірде қалаулылар қаһарға ұшырағандардан
ештеңесімен ерекшеленбейді; қалаулылардың субъективті тәжірибесі
"lubidria spiritus
sancti"
("қасиетті рухтың мазағы") ретінде қаһарға ұшырағандарға да тән, бұл арадағы бір
ғана айырмашылық "
fmaliter"
("сайып келгенде") Құдайға тұрақты үміт артуда. Демек,
қалаулылар құдайдың ғайып шіркеуін құрайды және сол күйде қала береді. Әрине, бұл
қағидалар - Безедан бастап - эпигондар тарапынан, әсіресе діншілдердің қалың
бүқарасының күнделікті өмірінде елеулі өзгерістерге ұшырады. Олар үшін қалаулы екенін
анықтау мүмкіндігі мағынасында
"certitudo salutis"
("құтқарылуға сенімділік") өзге
мәселелердің бәрінен жоғары, абсолютті маңызға ие болды, және шынында да жазмыш