Page 60 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
60
ең шетін пошымы ғана болды. Бұған ең алдымен ағылшын пуритандық әдебиетінде
таңқаларлық жиілікпен қайталанатын адамдардың көмегіне де, олардың достығына да
үміт артудан сақтандыру-ақ мысал бола алады. Тіпті момақан Бакстердің өзі ең жақын
досыңа да мүлдем сенбеуге шақырса, Бейли тұп-тура ешқашан ешкімге сенбеуге, ең
жақын адамыңа да өзіңді ұятқа қалдыратын ештеңе айтпауға кеңес береді: жалғыз
Құдайға ғана сену керек. Осындай көңіл күйіне сәйкес кальвинизм үстемдік еткен
аймақтарда күнәсін дін қызметкері алдына жайып салу елеусіз ғана алып тасталды, мұның
өзі лютерандыққа күрт кереғарлық еді (Кальвиннің тәубаға күмәнмен қарауы, оған
киелілік мән берілуі мүмкін екендігінен ғана еді). Бүл төтенше маңызды оқиға болды. Ең
алдымен ол осынау діншілдіктің ықпал етуіне тән симптом еді, бірақ ол сондай-ақ оның
этикалық позициясын белгілеу үшін психологиялық импульс болды. Өзінің күнәсін
эмоциялық реңкте түсіну салмағын "жеңілдетіп" отыру құралы жойылды. Бүл сенімнің
күнделікті инсанияттық практикаға ықпалына біз әлі ораламыз. Барлық адамдардың діни
көңіл күйі үшін оның қандай салдары болғаны мүлдем анық. Ақиқат шіркеу аясында болу
құтқарылудың қажетті шарты деп қарастырылғанымен кальвинистің өз Құдайына
жалбарынуы толық рухани жалғыздық жағдайында жасалатын. Осынау өзіндік бір
атмосфераның ерекше ықпалын сезінгісі келетін әркім пуритандық әдебиет
шығармаларының ішінде бәрінен дерлік көп таралған Беньянның "
Pilgrim's progres"
("Пилигрим саяхаты") атты кітабын оқи алады. Онда әлдебір "христианиннің" "тас-талқан
етілуге бұйырылған қалада" тұратынын ұғынып, өзін көк шаһарына дереу тәуеп етуге
шақырған үн естігені суреттеледі. Ол етегіне оралған әйелі мен балаларына қарамастан,
екі құлағын басып "
life, eternal life
" (Ғұмыр! Мәңгілік ғұмыр!) деп бажылдап, басы ауған
жаққа безе береді. Шындап келгенде тек өзін ғана ойлайтын, есіл-дерті өзінің ғана
құтқарылуы болатын пуританның көңіл күйін абақтыда отырған кезбе дәнекерлеушінің
(Беньян кітабында) діншілдердің бәрінің құптауына ие болған аңғырт сезімдерінен артық
ешқандай терең де жан-жақты талдау жеткізе алмаса керек; оның дәл өзінікіндей
ұмтылысқа бой алдырған сапарластарымен тәтті қиялға толы әңгімелері Г. Келлердің
"Тақуа қарақшыларын" біршама еске салады. Және де қажы өзіне төнген ешқандай
қауіптің енді жоқтығына көзі жеткеннен кейін ғана, оған отбасыммен қайта қосылсам
жаман болмас еді деген ой келеді. Бұл арада бізге Деллингердің суреттеуі бойынша белгілі
Альфонс де Лигуоридің бойында барынша бедерлі көрінетін ажалдан өлердей қорқу, о
дүниеден қорқу сезімі байқалады. Бүл сезімдер Макиавелли бейнелейтін мына жалғанның
асқақ рухынан қаншама қашық жатыр десеңізші, Папа мен интердиктке қарсы күресте
жанды құтқару ниетінен гөрі Отанға сүйіспеншілік әлдеқайда күшті стимул болған
Флоренция азаматтарын көкке көтере мадақтайды; бұл сезімдер Зигмундтың тажалды
жекпе-жек алдындағы ақтық сөзінде Р. Вагнер білдірген дүниені түйсінуден одан да
қашық жатыр: "Менің атымнан Вотанға тағзым ет, Валгаллаға тағзым ет... бірақ
Валгалланың қол жетпес рахаты туралы маған ештеңе айтпа". Беньян мен Лигуори
суреттеген түйсік қаншалық ұқсас болғанымен, оның салдарларындағы айырмашылық көп
нәрсені аңғартады: бір адамды өзін-өзі құртудың ең шетін амалына жетелейтін қорқыныш,
енді біреуге өмірдің қиындықтарымен үздіксіз де жүйелі күрестің импульсы болады. Бұл
айырмашылықты немен түсіндірмекпіз?
Бір қарағанда адамның дүние тұзағынан іштей азат болу тенденциясы кальвинизмде оның
әлеуметтік ұйымдастырылуының сөзсіз артықшылығымен қалай ұштасатыны жұмбақ
тәрізді көрінеді. Алайда, қаншалық оғаш көрінгенімен, бұл артықшылық кальвинизмге тән
адамның іштей жалғыздығының ықпалымен христиандық "жақыныңа махаббат" томаға-
тұйықтығынан өзгедей ие болатын ерекше реңктің тікелей салдары болып табылады. Бүл
салдардың ең алдымен догматтық сипаты бар. Дүниенің бар болуы Құдайды ұлықтау
үшін, тек сол үшін ғана; қалаулы христианин өзінің бұл жалғандағы өмірінде Құдайдың
өсиеттерін оның ұлылығын асыра беру үшін ғана, тек сол үшін ғана орындайды. Құдайға