Қазақстанның ашық кітапханасы
59
Құдайдың шексіз бостан, әу бастан бар шешімдерін адамның ықпалына бағындыру
мүмкін дегенімізбен бірдей болар еді, - бұл мүлдем миға қонбайтын топшылау. Жаңа
өсиеттің адамдарды түсінуге ыңғайлы, күнәһар пенде тәубасына келсе, теңге тауып алған
әйел секілді қуанатын, "көктегі әкей" адам түсінігінен тыс, өзінің адамдар түсіне
алмайтын шешімдеріне сәйкес әу бастан әрбір адамның тағдырын белгілеп қойған, және
өзінің әмірін ғарыштың тозаң бөлшегіне дейін бүкіл ғаламға жүргізетін трансцендентті
мәніспен ығыстырылды. Құдайдың шешімдері әу бастан бар және өзгермейтін
болғандықтан, құдайдың рахымы өзіне бұйырғандар оны жоғалта алмайды, ол
бұйырмағандарға оған жету мүмкін де емес.
Адам баласына патетикалық жат осынау ілім оның ғаламат дәйектілігіне ұрпақтар үшін ең
алдымен бір нәтиже: жеке индивидтің осыған дейін құлақ естімеген іштей жалғыздығын
сезінуді беруге тиіс болатын. Реформация дәуірінің адамы үшін шешуші өмірлік
проблемада - мәңгілік рахатта - ол өзінің әу бастан жазылып қойған тағдырына бастайтын
соқпаққа түсіп, жападан жалғыз сүйретіле беруге мәжбүр болатын. Оған ешкім көмектесе
алмайды. Уағызшы да - өйткені Құдай сөзін тек қалаулы ғана
spiritualiter
(рухани) түсіне
алады. Құпия да - өйткені Құдайдың құдіретін еселей түсу үшін ол белгілеген, сондықтан
мызғымас құпиялар құткарылудың құралы емес, және субъективті түрде олар тек сенімнің
extrema subsidia'cbi
(ақтық үміті) ғана. Шіркеу де - өйткені
extra ecclesiam nulla salus
(шіркеуден тыс құтқарылу жоқ) талабы ақиқат шіркеуден тыс тұрған адам Құдайдың
қалаулыларының санатына жатпайды деген тұрғыда пәрменді болғанымен, Құдайдың
назасына іліккендер де шіркеу аясындағылар; ол-ол ма, олар да шіркеудің аясында болып,
оның тәртіптік ықпалына бағынуға тиіс, бірақ рахатқа бөлену үшін емес, - өйткені бүл
мүмкін емес, - Құдіреттің даңқын асыра түсу үшін Оның өсиеттерін орындау мақсатында
ғана. Ақыр соңында, Құдай да - өйткені Христос тек қалаулыларды құтқару үшін өлді,
Құдай әу баста тек солардың күнәсін Христтың өлімімен кешіруге жазған. Діннің
шіркеумен құпиялар арқылы жанның құтқарылуынан осынау абсолютті бой тартуы
(лютерандық әлі белгісіз дәйектілікпен) кальвинизмді католицизмнен айырып тұрған
шешуші идея болатын. Бастауы сонау ежелгі иудея пайғамбарлары заманында жатқан
және эллиндік ғылыми оймен ұштасу арқылы құтқарудың барлық сиқырлы құралдарын
дінсіздік және күнәһарлық деп жариялап, түп тамырымен құртқан әлемді сиқырдан
арылтудың ұлы тарихи-діни процесі осымен аяқталды. Шын пуритан ең жақындарының
табыты жанында да барлық шіркеу рәсімдерінен бас тартып, ешқандай
"superstition'ra"
(соқыр сенімге), сиқырлы киелі - құралдар арқылы құтқарылудың ешқандай үмітіне жол
бермес үшін тып-тыныш, елеусіз ғана жерлеуге ұмтылды. Құдайдың әмірімен рахымнан
мақұрым қалған пендеге құдіретті рахымды оралтуы мүмкін сиқырлы ғана емес, жалпы
ешқандай құрал қалдырылған жоқ. Құдайдың абсолютті трансценденттігі және
жаратылғанның күллісінің түкке татымайтындығы туралы қатаң іліммен астасқан
адамның осынау ішкі жалғыздығы пуританизмнің мәдениетпен субъективті діншілдіктің
барлық сезімдік-эмоциялық элементтеріне теріс қарауының себебі (олар жанның
құтқарылуына қызмет ете алмайды, бар болғаны күйрек алданыштардың пайда болуына
және қолдан жасалғандарды соқыр сеніммен ұлықтауға жәрдемдесетіндіктен, сол арқылы
оның жалпы сезімдік мәдениет атаулыдан принципті бас тартуының себебі қызметін
атқарады. Сонымен бірге осынау бөлектелу қандай да бір иллюзиядан ада, пессимистік
реңктегі индивидуализмнің тамырларының бірі болып табылады, біз пуритандық жолдан
өткен халықтардың "ұлттық сипаты" мен институттарынан күні бүгінге дейін байқаймыз,
ол сипаттар мен институттар дүние мен адамды Ағарту дәуіріне тән болған мүлдем
басқаша көруден соншалық көп ерекшеленеді. Біз ден қойып отырған кезең үшін жазмыш
туралы ілім ықпалының іздерін біз өмірдегі мінез-құлық пен дүниетанымның барлық
қарабайыр белгілерінен, және тіпті оның догматтық маңызы жоғалып кеткен жерлерден де
табамыз, өйткені бұл ілім, біз осы арада талдап отырған Құдайға қалтқысыз сенімнің тек