Қазақстанның ашық кітапханасы
5
бола тұра, жоғары бағалана береді. Осылай кісілік қасиеттерге сенім кісінің немесе
фирманың қарызды төлей алуына сеніммен араластырылып жібереді. Көптеген адамдарға
қаяусыз сенеміз, сонда олармен жөндеп таныс болмасақ та, олар жөнінде олардың
аталмыш жерде тұратындығынан, аталмыш қызметке ие екендігінен басқа олар туралы
атүсті білетінімізді басшылыққа аламыз - осының бәрі де затқа айналдырылған сенім. Егер
жеке сенім әрқашанда сенген адамның кісілігімен - оның ақылымен, және әсіресе
адамдарды білуімен, яғни осынау білу негізделген тәжірибемен елеулі түрде
айқындалатын болса, демек, жалпы алғанда аңқылдап қалған, тәжірибесіз адам, сенуге
бейім тұратындықтан не нәрсеге де сенгіш, тәжірибелі адам күмәнға бейім тұратындықтан
әрең-әрең сенетін болса - затқа айналған сенім тұсында бұл айырмашылық жайына
қалады. Біз өзіміз мініп келе жатқан пойыздың машинисін, өзіміз жүзіп келе жатқан
кеменің капитанын немесе штурманын білмейміз, көп жағдайда біз ақыл-кеңес алып қана
қоймай, сондай-ақ, хирургиялық жолмен емдеу үшін өміріміз бен денемізді сеніп
тапсыратын дәрігердің кім екенін білмейміз; көбіне біз өзіміздің ісімізді жүргізуге
тапсыратын адвокатты, ол-ол ма, біздің пайдамызға немесе басқаның пайдасына шешім
шығаратын, өзіміздің құқығымыз бен абыройымызды қалпына келтіреді деп үміттеніп,
көмек күткен қазының да кім екенін білмейміз. Осынау жағдайлардың барлығында да біз
өзіміз сенген адам: 1) көмектесе алады және 2) бізге көмектескісі келеді деп үміттенеміз.
"Көмектесе алады" дегенге келсек, біздің оған сенуіміздің негізі бар: а) өйткені бұл оның
кәсібі - егер ол дәрігер, адвокат, қазы болмаса, оған өзін дәрігер, адвокат, қазы деп атауға
кім жол береді? - етікші, слесарь, тігінші, әдетте, өз кәсібін біледі ғой. Біздің ісіміз
неғұрлым күрделі болса, соғұрлым аталмыш еркектің немесе аталмыш әйелдің кәсіптік
қызметіне, олардың сол қызметті алуына мүмкіндік берген: ә)емтиханға, б) тәжірибеге, в)
беделіне, г) жеке кеңестері мен ұсыныстарына сенеміз. Рас, машинист пен капитанға
келгенде көбіне-көп әңгіме ә) және б) жөнінде ғана болады. Ал, "көмектескісі келеді"
дегенге келетін болсақ, біз, біріншіден, әдеттегі моральдық қасиеттерге және біз сенетін
адам солардың минимумына ие болмаса, қазіргідей бола алуы екіталай ғой дегенге иек
артамыз. Екіншіден, оның жеке мүдделері - материалдық та, идеалдық та мүдделері
сонымен тығыз байланысты, және де олар көбіне-көп бірігіп, тұтасып кетеді. Бірақ біз
өзіміздің сабырлылығымыздың, қауіпсіздік сезіміміздің, демек, келтіретін уәделеріміздің
негізінде тағы бірдеңелердің жатқандығын тез байқаймыз, бірақ олар туралы, рас, бас
қатыра бермейміз, ол бірдеңе, атап айтқанда, әлеуметтік еріктің үлкен үш жүйесінің,
әрқилы дәрежеде болса да, жүйелі де сенімді қызмет атқаруына сенім, ол жүйелерді мен
тәртіп, құқық және мораль деп атаймын, және де соңғы екі жүйе - құқықтық және
инсанияттық тәртіптер біріншісінің дамыған, қалыптасқан пошымдары.
4. Байланыстылық
Енді мен алғашқы үшеуінен бөліп алуға болмайтын, ішінара солардың өзінде бар төртінші
айырмашылыққа, атап айтқанда, мен басқа адамдармен әйтеуір бір дәнекермен
"байланыстымын" ба, әлде олардан бостанмын ба деген мәселеге көшемін. Бірлесу,
байланысу бостандыққа қарама-қарсы, ол міндеттену, тиісті болу, рұқсат берілмеу деген
сөз; ал бұларда біздің алдымыздан бірлесудің алуандығы ашылады, тегі әрқилы
байланыстылық арқылы туындайды, оларды біз сондай-ақ әлеуметтік мәністердің түрі
немесе адамды басқа адамдармен біріктіретін пошымдары деп атаймыз. Адамның басқа
адамдармен байланысты болатыны, ол солармен байланысты екендігін білетіндіктен; ол
мұны не көбірек дәрежеде сезім арқылы не көбірек дәрежеде ой арқылы біледі; осыдан
міндеттілік, тиістілік, жол бермеушілік сезімі немесе соларды анық түсіну және теріс
нәрсенің құқыққа қарсы, заңға қарсы және ақыр соңында жалпы құқыққа томпақ,
инсаниятқа томпақ нәрсенің, ұят қарекеттер мен мінез-құлықтың салдарынан әділ түрде
жирену туындайды.