Page 57 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
57
құбылыстың мәнісі дегенді оның тарихи оқиғаларға ықпалы, яғни оның себептік
құндылығы деп түсінеді: мұндай жағдайда әңгіме құбылыс туралы тарихи мәліметті
анықтайтын пікірлер туралы болады. Егер, біз де көздеп отырғандай, соңғысын
басшылыққа алатын болсақ, яғни аталмыш догматтың маңызы туралы мәселені оның
мәдени-тарихи ықпалы тұрғысынан қояр болсақ, бұл маңыз төтенше зор болғанын
мойындауға тура келеді. Ольденбарнвельт өз күресінде осы догматпен бетпе-бет келгенде
шыдас бере алмады; Яков I тұсында корольдік өкімет пен парламент догматтық өрісте де,
және де дәл осы догматты түсінуде қыңырайысқан сәттен бастап, ағылшын шіркеуіндегі
бөліну еңсерілмес пәлеге айналды; және жалпы мемлекет үшін басты қауіп жазмыш
туралы ілімде деген пікір үстем болатын және нақ сол кальвинизммен күрес барысында
мемлекеттік үкімет тарапынан жасалған соққылардың нысанасы болды. XVII ғасырдағы
синодтардың, ең алдымен Дордрехт лсәне Вестминстер, сондай-ақ маңызы төмен көптеген
синодтардың басты мақсаты осы ілімді канондық маңызы бар ілім дәрежесіне көтеру
болды; толып жатқан "
ecclesia militas
" (ымырасыз шіркеулер, лат.) үшін бұл ілім берік
таяныш болды; ол XVIII ғасырдағы, сондай-ақ XIX, ғасырдағы шіркеу бөлінулеріне ілік
және ұлы өзгерістер үшін күрестегі жауынгерлік уран болды. Біз оның тұсынан өтіп кете
алмаймыз, және, жазмыш туралы ілім бүгінгі әрбір сауатты адамға мәлім деуге еш
негіздің жоқтығынан біз бұл іліммен 1647 жылғы "Вестминстер тәубасының" түпнұсқаға
сәйкес мәтінінен танысамыз, оның бұл мәселе жөніндегі қағидалары индепенденттік те,
баптистік те дін ұстауда жай ғана қайталанып отырады.
9-тарау (Ырық бостандығы туралы). №3: "күнәға бату адамды өз ырқын қандай да болсын
рухани игілікке немесе рахатқа бөлейтін әлденеге бағыттау қабілетінен толық айырды;
осылайша, табиғи адам жақсылықтан біржола аластатылды және кінәлі өлікке айналды,
сондықтан ол өз ырқымен тәубаға келе алмайды яки тіпті тәубаға келуге өзін даярлай
алмайды".
3-тарау (Құдайдың мәңгілік шешімі туралы). №3: "Құдай өзінің ұйғаруымен және өзінің
ұлылығын паш ету үшін бір адамдарға мәңгілік ғұмыр жазды (
predestinated
), екінші
біреулерін мәңгілік өлімге кесті (
foreordained
)". №5: "Ғұмыр жазған адамдарын Құдай
әлемді жаратқанға дейін-ақ Христ арқылы құтқаруға және мәңгілік рахатқа бөлеуге өзінің
мәңгілік бұлжымайтын ниетімен, құпия шешімімен және өзінің бостан ырқымен таңдап
алды; және Ол мұны таза да бостан рахымы мен махаббатының арқасында жасады, мұның
себебін немесе алғышартын өзі жаратқан тіршілік иелерінің иманынан, жақсы істерінен
және махаббатынан, осы айтылғандардың біреуіндегі ықыласынан немесе қандай да бір
белгілерінен көргендіктен жасаған жоқ: Ол мұның бәрін өзінің ұсынса қол жетпес
мейрімділігінің мәңгілік даңқы үшін жасады". №7: "және Құдайға өзінің қалауымен
береке сыйлайтын немесе оны қимайтын Өзіне ғана мәлім шешімі мен ырқы бойынша, Өзі
жаратқандарға Өзінің шексіз әмірін асқақтата тусу үшін қалған адамдарды Өзінің
рахымынан айырып, Өзінің ұсынса қол жетпес әділеттілігінің даңқы арта берсін деп
оларға күнәлары үшін абыройсыздық пен қаһарын жазу керек болды".
10-тарау (Пәрменді бейім туралы). №1: "Және Құдайға Ол мәңгілік ғұмыр сыйлаған
адамдарды, және тек соларды белгіленген тиісті сағатында Оның сөзі мен рухының
көмегімен шақырып алу керек болады... Ол олардың кеудесінен тас жүректі суырып
тастап, оларға жанды жүрек береді, Ол олардың ырқын билеп, өзінің құдіретімен оларды
игілікке ғана жұмсайды..."
5-тарау (Көрегендік туралы). №6: "Әділ қазы Құдай бұрынғы күнәлары үшін көзін
көрсоқыр етіп, зығырданын қайнататын ниеті бұзық әрі құдайсыз жандарды олардың
парасатына нұрын шашып, жүрегін жұмсартатын өзінің рахымынан құралақан қалдырып
қана қоймайды, көбіне оларды ие болған абыройынан да жұрдай етеді; Ол бұл