Қазақстанның ашық кітапханасы
56
тәпсірлеу секілді өте елеулі догматтық айырмашылықтар барынша түрлі комбинацияларда
бір-біріне өтіп отырды; рас, XVII ғасырда олар, әдетте, шіркеудің біртұтастығын сақтауға
кедергі болды, бірақ бүл барлық жерлерде, керісінше құбылыстарсыз болған емес. Біз
үшін маңызды инсанияттық құлық белгілері біз атаған төрт қайнар көзден немесе
солардың комбинациясынан шыққан сан алуан деноминация жақтастарының бәрінен де
тең дәрежеде байқалады. Біз алда өзінің этикалық мазмұны жағынан бір-біріне жақын
қағидалардың түрлі догматтық ілімдер негізінде шыға алатынын көреміз. Тіптен түрлі
діни сенімдердің кең тараған казуистикалық компендиумдары - жанды құтқарудың
құралдарын ұсынатын әдеби шығармалар - уақыт өте келе бір-біріне ықпал ете бастады,
соның нәтижесінде, тұрмыс салтындағы анық айырмашылықтарға қарамастан, олардың
арасында зор ұқсастықтар байқалады. Осы айтылғандардың нәтижесінде зерттеудің ең
жақсы тәсілі зерттеліп отырған құбылыстардың догматтық негіздерін де, этикалық
теориясын да біржола ысырып тастап, байқалуы мүмкін шамада тек инсаният
практикасын ғана ұстанған жөн болар деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Алайда бұл
қайткенде де қате. Рас, қиян-кескі күрес барысында тақуалық инсанияттың догматтық
негіздеріндегі айырмашылықтар өзінен өзі құрыды. Бірақ бүл догматтарға терең тамырлы
сенім кейінгі "бейдогматтық" этика атаулыға терең із қалдырып қана қойған жоқ, сондай-
ақ ол сенім осынау инсанияттың бастапқы идеялық мазмұнын білу ғана оның сол
замандағы ең ойлы адамдардың бүкіл жан дүниесін толығымен айқындаған о дүниелік
рахат идеясымен қаншалық байланысты екенін түсінуге мүмкіндік беретін; сол заманда
бәрін түп-тұқиянымен қамтитын үстемдігімен қоса бұл идеясыз өмір практикасына елеулі
ықпал жасай алатын қандай да бір инсанияттық өзгерістер туралы мүлдем сөз етудің өзі
мүмкін
болмайтын.
Бізді
қызықтыратыны
сол
замандардың
этикалық
компендиумдарының ресми теория түрінде нені үйреткені емес - мұның шіркеу тәртібі,
жанды құтқаруға қамқорлық, уағыз секілді факторлардың діндарға ықпал етуінің
салдарынан даусыз практикалық мәні болса да, — бізді қызықтыратыны мүлдем өзге
нәрсе, атап айтқанда: бүкіл өмір құрылысына белгілі бағыт беріп, индивидті соны қатаң
ұстануға мәжбүр ететін, діни сенім мен діни өмірдің практикасы жасаған психологиялық
стимулдарды анықтау екендігі мүлдем айқын ғой. Бүл стимулдар едәуір дәрежеде діни
түсініктердің өзіндік ерекшеліктерінен туындады. Сол заман адамдарының бір қарағанда
абстрактылы догматтардың болмыстық мәнісі туралы жиі-жиі ойланғаны соншалық, ол
жиілікті өз кезегінде біз оның практикалық діни мүдделермен байланысын анықтаған
жағдайда ғана түсіне аламыз. Баяндауымыздың барысында біз протестанттық діни
ілімдердің бірқатар догматтық жақтарына тоқталуға мәжбүр боламыз, біздің
зерттеуіміздің сол беттері діни ілімнен аулақ адамдар үшін түсінуге қаншалықты ауыр
болса, сауатты теологтар үшін соншалықты жеңіл әрі үстірт көрінетіндігіне қарамастан
солай істейміз. Бүл орайда біз қисын жағынан өзінің ішкі дәйектілігінің шегіне дейін
жеткізілген діни идеяларды әртүрлі "мінсіз-типтік" элементтерден құрастырылған, тарихи
өмірде тым сирек кездесетін абстракцияларға айналдыруға мәжбүр боламыз. Өйткені нақ
тарихи өмірде айқын шекараны сызып көрсету тіптен мүмкін емес, біз олардың өзіндік
ерекшеліктерін, олардың ең анық көрінетін пошымдарын зерттесек қана көре аламыз.
XVI және XVII ғасырларда неғұрлым дамыған капиталистік елдерде - Нидерландияда,
Англияда, Францияда - кескілескен саяси және идеологиялық күреске себеп болған, нақ
сондықтан біз бірінші кезекте көңіл аударып отырған сенім кальвинизм еді. Бұл ілім үшін
ең маңызды догмат деп әдетте құтқарылуға таңдап алыну туралы ілім саналған (және,
жалпы алғанда бүгінге дейін солай саналатын). Рас, осы ілім реформаторлықтың "ең
негізгі догматы ма", әлде "қосымша" ғана ма деген мәселе төңірегінде талас жиі
туындайтын. Кез-келген тарихи құбылыстың елеулілігі туралы пікірлер - баға беретін
немесе діни пікірлерден (егер "елеулі" деген сөзді осы құбылыстың "қызықтыратын"
немесе тұрақты "құндылығы" бар белгісі деп түсінер болсақ), басқа түк те емес, не