Қазақстанның ашық кітапханасы
55
ретінде Реформацияның жемісі болып табылады-мыс деген соншалық миға қонбайтын
доктринёрлік тезисті ешқашан да қорғамақ емеспіз. Капиталистік кәсіпкерліктің бірқатар
маңызды пошымдарының Реформациядан едәуір бұрын пайда болуының өзі ғана бүл
тәрізді көзқарастың толық дәрменсіздігін көрсетіп бере алады. Біз тек мынаны анықтауға
ұмтыламыз: "капиталистік рухтың" сапалық қалыптасуында және сандық экспансиясында
сондай-ақ дін де белгілі бір рөл ойнады ма, ойнаса ол қандай дәрежеде болды және
капиталистік негізде қалыптасқан мәдениеттің нақтылы қай жақтары осы діни ықпалдан
шығады. Реформация дәуірінің материалдық базисінің, әлеуметтік және саяси уайымдары
мен рухани мазмұнының арасындағы сұмдық күрделі өзара байланысының тоғысуынан
төмендегідей әдісті қабылдауға тура келеді: діни сенімдердің ең белгілі пошымдары мен
кәсіптік этиканың арасында белгілі бір "таңдап алынған туыстық" бар ма (бар болса
қандай пункттерде) ең алдымен осыны анықтап алуымыз керек. Осы арқылы (мұның өзі
мүмкін болғандықтан) сондай-ақ діни қозғалыс осы туыстық пәрменімен материалдық
мәдениеттің дамуына тигізген ықпалдың тұрпаты мен жалпы бағыты айқындалады. Бұл
жеткілікті дәлелді анықталғаннан кейін ғана қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұнын оның
тарихи дамуында қай шамада діни сарындарға және қай шамада тегі басқа сарындарға
саюға болатынын анықтауға тырысып көруге болады.
II. Тақуалық протестантизмнің кәсіптік этикасы
1. Дүниауи тақуалықтың діни негізі
Тақуалық протестантизмнің тарихи иелері (бұл ұғымның біз қабылдаған мағынасында)
бірінші кезекте мына төрт бағыт: 1) Батыс Еуропа елдерінде XVII ғасырда үстемдікке ие
болған кейпіндегі кальвинизм; 2) пиетизм; 3) методизм; 4) анабантистік қозғалыстан
шыққан секталар. Бұл бағыттардың бірде-бірі өзгелерінен ара-жігін толық бөлген емес;
бұл ағымдар Реформацияның бейтақуалық шіркеулері тарапынан да қатаң шектелген жоқ.
XVIII ғасырдың ортасында ағылшын мемлекеттік шіркеуі ішінен пайда болған методизм
оның негізін қалаушыларға жаңа шіркеу емес, ескі шіркеу ауқымында тақуалық рухын
жандандыру болып көрінді, ол ағылшын шіркеуінен өз дамуының барысында, әсіресе
методизм Америкаға қоныс аударған соң ғана бөлінді. Пиетизм Англияда, әсіресе
Голландияда кальвинизм топырағында өніп шығып, белгілі бір уақыт бойы, бірқатар ұсақ
мәселелерде ғана болмаса, ортодокстық діннен қол үзген жоқ; тек XVII ғасырдың аяғына
қарай, Шпенердің қызметі тұсында, пиетизм жеткілікті іргелі догматтық негіздеусіз
лютерандықпен бірігіп кетті. Пиетизм шіркеудің өз ішіндегі қозғалыс күйінде қалды; тек
моравалық бауырлар ("гернгутерлер") қауымының густік және кальвиндік идеяларының
сілемдерін қабылдаған Цинцендорфпен байланысты топ қана өз қалауынан тыс, іс
барысының талабымен, методистермен болғанындай, өзіндік бір сектаға айналды.
Өздерінің дамуының бастапқы сатыларында кальвинизм мен анабаптистер секталары бір-
біріне бітіспейтіндей қарсы тұрды, бірақ, XVII ғасырдың аяғындағы баптизмде олардың
позициясы жақындаса түсті, және тіпті XVII ғасырдың басындағы Англия мен
Голландиядағы тәуелсіз секталар мен олардың арасындағы айырмашылық дәрежеде ғана
болды. Пиетизмнің мысалынан көріп отырғанымыздай, лютерандыққа өту де біртіндеп
жүрді; кальвинизм мен өзінің сыртқы белгілері бойынша және оның неғұрлым дәйекті
өкілдерінің рухы бойынша католицизмге жақындаған ағылшын шіркеуінің өзара
қатынасы туралы да осыны айтуға болады. "Пуританизм" деген коп мағыналы ұғымның
мейілінше кең түсінігіндегі атауға ие болған тақуалық қозғалыс өзінің толып жатқан
жақтастары, әсіресе өзінің неғұрлым дәйекті адепттері арқылы, рас, англикандық
негіздерін сынап жүрді, бірақ бұл арада да айырмашылық күрес барысында біртіндеп
тереңдеді. Егер дәл қазір бізді қызықтыра қоймайтын құрылыс және ұйымдық мәселелерді
- әсіресе проблема осылай қойылып отырғанда - ұмыта тұрған күннің өзінде іс жағдайы
сол күйінде қала береді. Тіпті жазмыш және иман арқылы ақталу туралы ілімдерді әртүрлі